5 Ә сыныбының Сабақты зерттеу бойынша жүргізілген жұмыс есебі. 2023-2024 жыл » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 5 Ә сыныбының Сабақты зерттеу бойынша жүргізілген жұмыс есебі. 2023-2024 жыл
13
декабрь
2023

5 Ә сыныбының Сабақты зерттеу бойынша жүргізілген жұмыс есебі. 2023-2024 жыл

Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп


5 Ә  сыныбында жүргізілген Сабақты зерттеу

бойынша жүргізілген жұмыс есебі


Сабақты зерттеу   -мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-  әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Сабақты зерттеу  -бұл сыныптағы іс –әрекетті зерттеуді, мұғалімдер топтарының Сабақты зерттеу –ді бірлесе жоспарлауын, оқуын, қадағалуын, және талдауын көздейді.  (Сабақты зерттеу:  Нұсқаулық,  2бет) .

Сабақты зерттеу   бастауыш және орта мектептерде негізгі пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейін көтеру және оқыту әдістемесін жетілдіру, оқу үшін бағлау және оқыту үшін бағалау сиякты тәжіриблі әдістерді әзірлеу мақсатында қолданылады.  Cабақты зерттеу мұғалімдерді оқыту және олардың тәжірибесен дамытудағы бірлескен тәсіл және ондағы ең бастысы-«зерттеу сабағы»  немесе сабақты зерделеу үдерісі болып табылады. Сабақты зерттеудегі басты мақсат мұғалімдер оқу сапасын арттыру үшін белгілі бір тәсілді қалай дамытуға болатындығын анықтау және оқушылардың оқу үдерісін зерделеу. Сабақты зерделеудің түйінді сипаты креативтілік және ғылыми дәлдік болып табылады. Креативтілік оқытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу мақсатында бірлескен мұғалімдердің бастамасымен жасалса,  ғылыми дәлдік осы тәсілдердің тиімділігін көрсететін оқушылардың оқуы туралы ақпарат жинауды көздейді. (Мұғалімдерге арналған Нұсқаулық,1 деңгей 57 бет).

2023-2024 оқу жылында мектебімізде   13.11-04.12 аралығында   5 «Ә» сыныбында  зерттеу сабақтары жүргізілді.  Сабақты зерттеу үрдісі мектеп директорының бұйрығына сәйкес жүргізілді. «Сабақты зерттеу» жұмысының  жоспары бектіліп,  зерттеу жұмысының мақсаты, міндететтері, зерттеу сұрағы, жетекші идеясы анықталды. Зерттеу үрдісінің мақсаты мен күтілетін нәтиже анықталған соң сабақты зерттеу өткізу жоспары жасалынып, 5 « сыныбында өткізілетін зерттеу сабақтары мен бақылаушы оқушылар анықталды.


Сабақты зерттеу (Lesson study) 

тобының мүшелері

Аты- жөні

Лауазымы 


 

 

Р. Абилкаирова 


І деңгейлі, ағылшын тілі пәні мұғалімі 

 

 

Тұрсынбаева Назгул


Информатика пәнінің мұғалімі



 

 

Сақынбаева Жазира

Математика пәні мұғалімі 

3 деңгей мұғалімі

 

 

М. Қаблаш


Мектеп психологы


Сабақ беретін пән мұғалімдері


1. 

Құрманалиева Жадыра

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2. 

Мамраинова Қымбат

География пәнінің мұғалімі

3. 

Абилова Күлайхан

Математика пәні мұғалімі 




Зерттеу мақсаты белсенді әдіс -тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, білім сапасын арттыру. Зерттеу сұрағы – сабақта белсенді әдістерді қолдана отырып 5 «Ә» сынып оқушыларының сыни ойлау дағдысын, өз ойын жеткізу қабілеттерін арттыруға болады?  Зерттеу тобы  мүшелері анықталып, зерттеу сабақтарын жүргізетін пән мұғалімдері анықталды. Зерттеу тобы мүшелері:  Р. Абилкаирова, Ж.Салқынбаева, Н. Тұрсынбаева. Зерттеу сабағы –қазақ тілі, жаратылыстану, математика. Пән мұғалімдері –Ж. Құрманалиева, Қ.Мамраинова, К. Абилова.


Зерттеу тобы кездесулерінің жоспары 


Кездесулер 

Қарастыру мәселесі 

Бірінші кездесу 

  1. Топ мүшелерінің          тізімін бекіту
  2. Зерттеу сұрағын, мақсатын, зерттелетін әдіс, стратегияны анықтау.
  3. Зерттеу сыныбын таңдау
  4. Бірінші циклде зерттеуді қай пәннен және қай күні өткізітендерін келісу
  5. Сабақ жоспарын жоспарлау
  6. Жұмсытың нәтижелігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесімен келісу, келесі кездесудің жоспарын жасау




Екінші кездесу 

  1. Жоспардың түпнұсқасын таңдау
  2. Өзгерістер енгізу, ұсыныстар жасау
  3. Сыныптағы бақылауға алынатын А, В, С оқушыларын белгілеу
  4. А, В, С оқушыларын бақылайтын мұғалімдерді анықтау



Үшінші кездесу

  1.  Жоспарды талдау, ұсыныстар арқылы түзетулер енгізу
  2. Зерттелетін стратегиялар бойынша оқушылардың болжанатын сұрақтарын дайындау
  3. А, В, С оқушылары үшін бақылау парақтарын дайындау
  4. Оқушылардан алынатын интервью сұрақтарын әзірлеу


Төртінші кездесу

  1. Жұмыстың нәтижесін талдау

2, Қажет болған жағдайда тәжірибелі мұғалімдерге эксперттерге, тренерлерге жүгіну

  1. Қажет болғанда Келесі кездесулерді жоспарлау




  





Зерттеу сабақтарының (  Lesson study)  

өткізілу кестесі 



Мұғалім 

Сабақ тақырыбы

Пәні 

Күні 

Сыныбы   

Уақыты  

1

Мамраинова Қымбат

Заттардың жіктелуі

Жаратылыстану

17.11.2023

5 Ә

8.50-9.35

2

Құрманалиева Жадыра

Алып жануарлар

Қазақ тілі

24.11.2023

5 Ә

11.35.-12.20

3

Абилова Күлайхан

Аралас сандарды қосу және азайту

Математика

28.11.2023

5 Ә

9.50-10.35


Бақыланатын оқушылар А,B, C оқушылары: Султанова Диана, Салтанат Аруна, Қажықұмар Азамат.


   

С оқушы                     В оқушы                       А оқушы


Сабақты зерттеуде үрдісінде бақылауға алынған 5 Ә сынып оқушылардың тізімі

N


Сынып

Оқушының аты – жөні

Деңгейі

1

5 «Ә» 

Салтанат Аруна


Жоғары

А

2

5 «Ә» 

Султанова Диана


Орта

В

3

5 «А» 

Қажықұмар Азамат


Төмен 

С


 Зерттеу әдісі –  Ассоцияция әдісі.  Ең алдымен сабақты зерттеу мақсаты мен күтілетін нәтижелері анықталды. Мақсаты: Сабақта белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыру, өз ойын жеткізу қабілетін арттыру.

Сабақты зерттеу жүргізу 3 аптаға жоспарланды, кездесулер мен олардың мақсаттары, іс –шаралары анықталды. Зерттеу үрдісінің  алғашқы аптасында зерттеу тобы  Сабақты зерттеуді жүзеге асыру үшін зерттеу тобының 1- кездесуінде 5 «Ә» сыныбының сынып жееткшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологі шақырылып, сыныптың білім сапасы 48,    мектептегі төменгі көрсеткен сыныптардың бірі екені анықталды. 

Сыныптың оқу үлгерімі бойынша жинақталған деректер төмендегідей 

2023-2024 оқу жылында 5 «Ә» сыныбында жыл басынан 17 оқушы. Сыныпта 17 оқушының 8-і қыз бала, 9 ұл бала.  Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы өте жақсы, оқушылар 5 сыныпқа бейімделіп келеді. Сыныпта 2 ерекше білім беруді қажет ететін оушылар бар. Ержанұлы Жанат –ПМПК қорытындысы бойынша жеке оқу бағдарламасы бойынша, Ұзақбай Расул бейімделген білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Сынып оқушыларының білім алуға қабілеттері жақсы, кейбір пәндерден тапсырма орындауда сыныптағы оқушылардың көпшілігі қиналады. Тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптың білім сапасы 48%.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив