01
июнь
2026
Әдістемелік жұмыстың есебі
Канапиянова Айгерім Нұрғалиқызының есебі
«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
2025-2026 жылында атқарылған әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы
2025-2026 жыл

2025-2026 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстың
жылдық қорытындысы
І. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері.
ІІ. Педагог кадрлар туралы мәлімет.
ІІІ. Біліктілік арттыру курс бойынша мәлімет.
IV. Педагог қызметкерлерді аттестаттау
V. Педагог кадрларлардың жетістіктері.
VI. Оқушылардың жетістіктері.
VIII. Жас мамандармен жұмыс. «Жас мамандар» мектебі бойынша жылдық қорытындысы.
IX. Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет. Озат педагогикалық тәжірибені тарату.
X. Тілдер мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар қорытындысы.
XI. Мектепте мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің жұмысы /ғылыми жоба байқауы, олимпиадалар, интеллектуалды ойындар/
XII. Инновациялық қызмет
XIII. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар
XV. Пән апталықтардың қорытындысы.
І. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері
2025-2026 оқу жылы мектептегі әдістемелік жұмысы жоспар негізінде жүргізілді.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.
Міндеттері:
Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:
ұжымдық: пәндік әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар;
топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар;
жеке: тәлімгерлік, өз бетімен білім алу.
Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқындаушы және таратушы.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың білім сапасын көтеру;
• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі педагогтардың шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған озат іс-тәжірибелердің өзара байланысты іс-шаралар жүйесіне, оның шеберлігіне,білім беру деңгейінің өсуіне,оқушының дамуы мен тәрбиесіне негізделіп құрылған.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер өз жұмысында мынандай міндеттер қойды:
Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 8 бірлестік арқылы жүзеге асырылады.
2025-2026 оқу жылында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің құрамы:
1. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі- М.Сүлейменова
2. Тарих, құқық негіздері, дінтану пәндер бірлестігі- Г.Жакенова
3. Қазақ тілі пәні бірлестігі- А.Утенова
4. Орыс тілі, ағылшын тілі пәндер бірлестігі- Г.Карекеева
5. Математика,информатика пәндер бірлестігі- Ж.С.Салқынбаева
6. Химия,биология, физика, география пәндер бірлестігі- Қ.Мамыраимова
7. Технология және өнер пәндері бірлестігі- З. Абдрасилова
8. Дене шынықтыру, АӘ ж ТД пәндер бірлестігі- А.Уалиев
ІІ. Педагог кадрлар туралы мәлімет
2025-2026 оқу жылында жалпы мұғалім саны 47. Жоғары білімді 46 мұғалім, 1 мұғалімнің білімі орта-арнаулы. / қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Курманалиева /.
Педагогикалық өтілі бойынша мәлімет
Интернат меңгерушісі мен тәрбиешілері бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылы
«Ж. Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жанындағы интернат тәрбиешілерінің жұмыстарының жылдық қорытындысы
қорытындысы
2025-2026 оқу жылының басында интернатқа аудандық білім бөлімінің жолдамасы бойынша 25 бала қабылданды.
I- тоқсанда 25 бала.
ІІ-тоқсанда 1 бала кетті, 24 бала қалды.
ІІ-тоқсанды 24 баламен аяқтадық.
IІІ- тоқсанды 24 бала санымен аяқтадық.
ІV-тоқсанда 4 бала кетті, 20 бала санымен аяқтадық.
Сыныптар бойынша сандық мәлімет
Интернат тәрбиеленушілерінің білім көрсеткіштері, жетістіктері үнемі қадағаланып отырады.
І- тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 6 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Демесін Әдемі ,9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
ІІ-тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,
11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
ІІІ -тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық. 9 а сынып Сарсенбай Бағдаулет, 7 а сынып Сарсенбай Нурислам уақытша аттестатталған жоқ.
2025-2026 оқу жылында үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1оқушы қорытылмайды. Қалған 14 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
Қорытынды есеп бойынша интернат оқушыларының білім сапасы
Мектеп жанындағы интернат тәрбиешілері Ибраимова Гүлім мен Сагатбеков Данияр қыркүйек айында тәрбиеленушілермен жоспарға сәйкес 1 қыркүйек күні «Менің Отаным-Қазақстан», «Тіл-ең қымбат қазына», «Менің армандаған мамандығым» тақырыбында эссе байқауы , «Отбасы-бақыт мекені», «Жұмысшы мамандықтар-еліміздің тірегі» атты тәрбие сағаттарын өткізді.
Қазан айында «Даналық ұстаздан» атты челлендж түсірілді. «Бірлік пен берекенің бастауы- үлкенге құрмет, «Қоғамдық мүлікті қорға», «Отан тарихы
– кітап бетінде!» , «Республика күні – намысты ұландар», «Қауіпсіз мектеп- бақытты бала» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, «Күзгі асар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Қараша айында «Әділ болу – өзіңе де, өзгеге де құрмет» , «Теңге тарихы - жауапкершілік сабағы», «Буллингтен қорған», «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» атты тәрбие сағаттары жүргізілді. «Жауапкершілік - баланың таңдау құқығын шектейме?» дебат өткізілді.
Желтоқсан айында «Бірге күресейік- болашағымыз үшін», «Ынтымақ түбі береке», «Бүгінгі күн- Тәуелсіздіктің жемісі», «Қауіпсіздік – ынтымақтан басталады» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Қош келдің, Жаңа жыл-2026!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Қаңтар айында «Буллингтен қорған», «Бүгінгі тәртіп - ертеңгі амандық», "Сенімділік-сәттіліктің кепілі", «Қауіпсіз қоғам!» , тақырыптарында тәрбие сағаттары жүргізілді.
Ақпан айында «Жаңашылдық – болашақтың кілті», «Оқы, ойлан, жаңашыл бол!», «Шын жүректен кітап сыйла!» челенджі, «Тарих үнсіз емес: Ауған соғысының сабағы», «Ойдағы өзгеріс – өмірдегі қауіпсіздік» , «Жаңару кезеңіндегі қауіпсіздік» атты тәрбие сағаттары өткізіліп,«Жасампаздық-туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Наурыз айында «Ана мен Отан – егіз ұғым» тәрбие сағаты, «Ананың аялы алақаны» атты челендж, «Салт-дәстүр – елдігіміздің айнасы» , «Наурыз – жыл басы» атты тәрбие сағаттары өтті
Сәуір айында «Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті», «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам», «Ғарыштық технологиялар және болашақ», «Мәдениет пен еңбек – ел абыройы» , «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тәрбие сағаттары ,«Менің туған өлкем» тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен ескерткіштерге саяхат жасады.
Мамыр айында «Халықтар достығы- ұлт байлығы»,«Отан қорғау – қасиетті борыш» ерлік сағаты , «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!», «Мәңгілік құндылық — отбасы»атты тәрбие сағаттары өткізіліп, «Демалыс кезіндегі қауіпсіздік»тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар тәрбиешілер үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізеді.
Мақсаты: үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу. Үлгерімі төмен оқушылардың оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әріпті дұрыс жазу мен оқуын қалыптастыру.
Үлгерімі төмен әр сыныпта кездеседі: 2 «А» сынып Ділдәбек Ақнұр, 3 «А» сынып Қажығали Айсұлтан, 4«А» сынып Мұхтарұлы Расул, 6«Ә» сыныптан Қажығали Ерназар, 8 «Ә» сыныптан Қажығали Батырхан, 8 «А» сыныптан Сарсенбай Бақдаулет.
Оқу жылының басында тәрбиешілер жоспар құрып,үлгермеуші оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізді. Жүргізілген сабақтар барысында әріптің, цифрдың дұрыс жазылуы, буындап оқу, сөзді толық оқу, есептің шартын жазу,шешуін табу, жауапты қайталау дағдыларын қалыптастыру мақсатында күнделікті сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар беріліп отырады. Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге оқушылармен жыл бойы жұмыс жасалды. Өздігінен жұмыс істеуде қателерін түзетуге жеңіл тест, кесте түрінде тапсырмалар берілді. Күш салып орындаған жұмыстарының дұрыс жерін айтып, мақтау сөздер айтылып отырады.
Білім сапасы бойынша интернат тәрбиеленушілердің білім сапасы төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Себебі, тәрбиеленушілердің жыл сайын ауысып отыруы білім сапасына кері әсерін тигізіп отыр. 1 оқушы ерекше білімді қажет етеді. Үлгермейтін оқушылардың қатарындағы ерекше білімді қажет ететін 8 сынып оқушысы Қажығали Батырханмен мектептің арнайы мамандары жұмыс жүргізеді. Мухтарұлы Расул, Қажығали Айсұлтан , Ділдәбек Ақнұр дыбыстарды дұрыс айтпауына, оқу, жазу дағдыларының бұзылуына байланысты дефектолог жұмыс жүргізеді.
ІІІ. Біліктілік арттыру курс бойынша мәлімет
Сертификатталған мүғалімдердің сабақ беру деңгейінің мониторингісін бақылау
Мектеп бойынша 10 мұғалім сертификатталған және мектепішілік «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан 16 мұғалім өтті.
2025-2026 оқу жылында келесі тізімдегі пән мұғалімдері біліктілік арттыру курстарынан өтті:
2025-2026 оқу жылында мектептің педагог қызметкерлері «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» ережесімен таныстырылды.
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35751 болып тіркелді бұйрықтарының жалпы ережелерімен таныстырылды.
2025-2026 оқу жылында аттестатталушылардың кезекті аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдердің тізімі
Мерзімінен бұрын
Биылғы оқу жылында жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің біліктілік санаттары бойынша талдасақ:
Жалпы мұғалім саны: 48
Оқу жылының басында педагог-зерттеуші -6 мұғалім болды, екінші жартыжылдықты - 5 мұғалім қалды %
Педагог-сарапшы-16 мұғалім %
Педагог-модератор- 15 мұғалім %
Санаты жоқ – мұғалім % құрады.
ЖАЛПЫ ҮЛЕСІ: %
V.Педагог кадрларлардың жетістіктері
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
Мұғалімдер жетістіктері 2025- 2026 оқу жылы
2025-2026 оқу жылында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңінде Салкинбаева Жазира Сагадиевна және Дуйсенбаева Дина Базарбаевна ІІІ орындарды иеленді.
2025 жылдың 12- ақпанында өткен аудандық Педагогикалық идеялар фестивалі конкурсынан Басанова Арайлым Талғатқызы 1- орынға ие болды және облыстық кезеңге жолдама алып, республикалық кезеңге өтті.
І дәрежелі Диплом Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын Тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпазы Манас Арайлым иеленді.
Бастауыш сыныптар арасында өткен математикалық регата олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орынды иеленді.
География пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру және педагог мәртебесін арттыру мақсатында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде Мамраимова Кымбат Избасарқызы III орынды иеленгенді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде I орын, Танкакова Гульжан Карекеевна. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында II орын иеленді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінде «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша ІІІ орын, Есентаева Нурзия Бектемисовна иеленді.
Адильбекова Райхан «Үздік бастауыш» конкурсына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.
VI. Оқушылардың жетістіктері
Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми жобалар жүлдегерлері
1.Бекен Халима 7 cынып оқушысы аудандық «Зерде» зерттеу жобасының ІІІ орын иегері, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
2. Шәріпхан Айзере , Тоқтабек Рауза 8 сынып оқушылары «PROECO» экологиялық жобадан аудандық І орын иегері атанып облыстық кезеңнен 1 орынды иеленіп республикалық кезеңге жолдама алды, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
3. Қошақан Жігер 10 сынып оқушысы «Менің Қазақстаным: өйткені, бүгінгі болашағым» атты тарихи - ғылыми жобалар байқауының «Тарих және егемендік» бағыты бойынша ІІ орын иегері, жетекшісі Сагимбетов Арманбек Хасенович
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері.
Аудандық пән олимпиадасының І орын жүлдегерлері
10 сынып оқушысы Мендіхан Ақжан, жетекшісі Көзтай Азиза Сәрсенқызы
7 сынып оқушысы Есмұрат Еркежан, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
4 сынып оқушысы Бейсенханұлы Елнұр, жетекшісі Баятбек Жансая
9 сынып оқушысы Нұрболқызы Аяла , жетекшісі Жұмабекова Қарғаш Сериковна
Аудандық пән олимпиадасының ІІ орын жүлдегерлері
10 сынып оқушысы Тәттіғали Махамбет, жетекшісі Мамраимова Кымбат Избасаровна
9 сынып оқушысы Қызылбай Нұрай, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
8 сынып оқушысы Қауысбек Азамат, жетекшісі Сарыбаева Баян Дауытбековна
7 сынып оқушысы Молдағалым Амир, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
7 сынып оқушысы Салтанат Аруна, жетекшісі Салқынбаева Жазира Сагадиевна
6 сынып оқушысы Садық Ділнәз, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
5 сынып оқушысыБейсенханқызы Іңкәр, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
5 сынып оқушысы Ақсамбай Раяна, жетекшісі Мамраимова Кымбат Избасаровна
2 сынып оқушысы Сарсен Айбар, жетекшісі Калиева Альмира Мухитовна
Аудандық пән олимпиадасының ІІІ орын жүлдегерлері
11 сынып оқушысы Мырзан Айтолқын, Сагимбетов Арманбек Хасенович
10 сынып оқушысы Нұрман Жанерке, Абылкаирова Роза Искаковна
10 сынып оқушысы Айтен Назгүл, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
9 сынып оқушысы Бекен Зере, жетекшісі Жакенова Гульмира Темерхановна
9 сынып оқушысы Сүлеймен Нурсая, жетекшісі Абылкаирова Роза Искаковна
9 сынып оқушысы Құмарбекқызы Айсұлу, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
8 сынып оқушысы Сағади Биболат, жетекшісі Тұрсынбаева Назгүл Жарасовна
7 cынып оқушысы Бекен Халима, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
6 cынып оқушысы Сатыберген Мейіржан, жетекшісі Дүйсенбинова Дина Базарбаевна
5 cынып оқушысы Талас Аруна, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
5 cынып оқушысы Біржанұлы Батыржан, жетекшісі Абай Абылай
3 сынып оқушысы Бекен Исраил, жетекшісі Канапиянова Айгерим Нургалиевна
2 сынып оқушысы Ержанұлы Өжет, жетекшісі Алпысбаева Асел Калиевна
2 сынып оқушысы Қызылбай Мұхаммеджан, жетекшісі Алпысбаева Асел Калиевна
Түрлі пәндік жарыстардан орын алған оқушылар
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының аудандық кезеңнің ІІІ орын жеңімпазы 11 сынып оқушысы Қауысбек Айсұлу
7-8 сыныптар арасына арналған облыстық «Zhylandy open» математикалық турнирінің жеңімпазы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Салтанат Аруна
5-6 сыныптар арасындағы математикалық турнир жеңімпазы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Сатыберген Мейіржан
Робататехника аудан мектептері арасынан «Арқан тартыс» номинациясыны бойынша І орын иеленген оқушылар Айқын Алғыр 10 сынып оқушысы, Сәлімбай Айзере 5 сынып, жетекшісі Тұрсынбаева Назгүл
Далабай Нұрасыл Серікжанұлы:
1. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған "Балалар шығармашылығындағы Конститутция" атты республикалық сурет байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатымен марапатталған - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бисенбаев, 2025 жыл
2. «Бояулар сыр шертеді» аудандық сурет байқауының 1 орын иегері – Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
3. Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен аудандық «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық байқауының «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иегері - Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
4. «Мен жастарға сенемін» атты қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мектеп оқушылары арасында «Желбіре, жеңіс жалауы!» атты республикалық байқаудың 1 орын иегері – Директор Е.Ахан 2026 жыл
5. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген – тіршілік тірегі» атты жас суретшілер байқауының 3 орын иегері - Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
Мектебіміздің мәртебесін көтеріп, облыстық, аудандық оқулардан жүлделі орын алған оқушылар
Облыстық Махамбет оқулары Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы, жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Аудандық Әбіш оқулары Құмарбекқызы Айсұлу ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Далабай Нұрасыл ІІІ орын жүлдегері, жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Тоқаев оқулары Қауысбек Айсұлу 11 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Барлыбаев Динара Досжанқызы
Аудандық Мұқағали оқуларының ІІІ орын жүлдегері 8 сынып оқушысы Нұрман Балнұр ІІІ орын, жетекшісі Құрманалиева Жадыра Құрманғазықызы
Аудандық Ілияс оқуларының ІІ орын жүлдегері 9 сынып оқушысы Шалқарқызы Гаухар, жетекшісі Құрманалиева Жадыра Құрманғазықызы
Мәшһүр Жүсіп оқуларынан Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Мұрат Төленбайұлының өлеңдерін жатқа оқу байқауы Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Н
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі «Үздіктер шеруінде» мектебіміздің намысын қорғап, спортта жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларымызды атап өту біз үшін үлкен мақтаныш.
Спорт – тек жеңіс емес, ол табандылықтың, тәртіптің, еңбек пен жігердің белгісі. Біздің спортшылар жарыстарда өздерінің мықтылығын дәлелдеп қана қоймай, мектеп абыройын асқақтатты.
І. АУДАНДЫҚ жарыстар
АӘТД пән бойынша аудандық жарыстар
ІІ. ОБЛЫСТЫҚ жарыстар
ІІІ. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ жарыстар
VIII. Жас мамандармен жұмыс
«Жас маман» мектебі бойынша атқарылған жұмыстардың
жылдық есебі
Оқу жылы: 2025-2026 оқу жылы
Жалпы мәліметтер
Кіріспе және мақсат-міндеттер
2025-2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында тәлімгерлік жұмысы бекітілген даму жоспарына және мектеп әкімшілігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізілді.
1. Сабақтарды жоспарлау және құжаттамамен жұмыс
Тәлімгерлер тарапынан жас мамандарға КСП әзірлеу бойынша жүйелі кеңестер берілді.
Жартыжылдық бойы тәлімгерлер мен жас мамандар арасында сабақтарға өзара қатысу картасы бекітіліп, іске асырылды:
Мектептегі цифрландыру бағытына сәйкес, жас мамандар сабақта интерактивті платформаларды қолдануды үйренді:
ІІ жартыжылдықта жас мамандардың кәсіби өсуінде белгілі бір кедергілер анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілді:
ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жас мамандар мектептің оқу-тәрбие үдерісіне сәтті бейімделіп, өздерінің педагогикалық базасын қалыптастырды.
Келесі оқу жылына (2026-2027) қойылған міндеттер:
Бастауыш сынып мұғалімі Манас Арайлым бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген аудандық пәндік олимпиадасында жүлделі 1-ші орынға ие болды. «Алтын тұғыр» олимпиадасынан аудандық кезеңінен 1 орын алып, облыстық кезеңіне қатыстым. «Дарынды балаға-талантты ұстаз» байқауына қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Басанова Арайлым Талатқызы педагогикалық идеялар байқауына «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша қатысты. Байқауға ұсынған жұмысымда пәнді оқытудағы шығармашылық көзқарас, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың тілдік және әдеби-танымдық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған педагогикалық идеялар қамтылды.
Байқаудың аудандық кезеңінде ұсынған педагогикалық тәжірибе әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезең барысында жұмысымның өзектілігі, әдістемелік негізділігі және тәжірибеде қолдануға лайықтылығы ерекше атап өтілді.
Облыстық кезеңде де байқау талаптарына сай жүйелі дайындық жүргізіліп, педагогикалық идея мазмұны тереңдетіле түсті. Сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігі, оқушы белсенділігін арттыру жолдары, шығармашылық тапсырмалар мен нәтижеге бағытталған оқыту тәсілдері нақты дәлелдермен көрсетілді. Нәтижесінде облыстық кезеңнен де жүлделі І орынды иеленді.
Біліктілікті арттыру курсы туралы ақпарат
Басанова Арайлым
Рысбеков Алмас
8.05.2026 ж. өткен аудандық «Жалынды жастар» жас мамандар слетінде ән байқауы бағыты бойынша жүлделі 3 орын иеленді
.
1. S — Strengths (Күшті жақтары)
·Педагогикалық басылымдардағы белсенділіктің төмендігі: Жас мамандардың өз іс-тәжірибелері бойынша аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда мақала жарияламауы.
·Құжаттама жүргізудегі қиындықтар: Үлгерімі төмен (үлгермеуші) оқушылармен және ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалармен жеке жұмыс папкаларын жүйелеуде жүйеліліктің жетіспеуі.
3. O — Opportunities (Мүмкіндіктер)
Жас мамандар мектебінің жұмысын дамыту және анықталған әлсіз тұстарды жою мақсатында келесі іс-шаралар кешені ұсынылады:
Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында 05.09.2025 -12.09.2025 аралығында мектепішілік апталықтың өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Апталықтың ашылуына орай бірлестік жетекшісі оқушылар жиынында Қазақстан халқы тілдер мерекесімен құттықтап, осы мерекенің маңызы туралы баяндап, апталықтың іс-шараларымен оқушыларды таныстырып, еліміздегі тілдер мерекесінің 5-қыркүйекте 2017 жылдан бастап атап өтілетіні туралы атап өтті.
Кітапханада «Тіл бабалар – мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада, сыныпта бұрыштар ұйымдастырылып, кітапханашы Шаикова Сабира Кенетаевна және педагог-ұйымдастырушы оқушыларымен тіл жанашыры, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың кітаптарымен таныстырды.
08.09 күні қазақ тілі , орыс тілі , ағылшын тілдерінде «Тіл білімінің атасы» тақырыбы аясында эссе байқауы өтті.
09.09.25 күні Бастауыш сынып оқушыларымен «Жырлаймын туған тілімді » тіл туралы өлеңдерден мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Сайыс өте қызықты өтті. Бас жүлдені: 4 «Ә» сынып оқушысы Райымбек Диана алды. Сынып жетекшісі : Ж.Баятбек. 1 орынды: 2 «А» сынып оқушысы Айбекқызы Ұлпа алды. Сынып жетекшісі: А.Калиева. 2 орынды: 2 «Ә» сынып оқушысы Еркінғали Елжан алды. Сынып жетекшісі: А. Алпысбаева
2- орынды: 3 «Ә» сынып оқушысы Алтынбекқлы Айдос алды. Сынып жетекшісі: Р.Тулесова 3 орынды: 3 «А» сынып оқушысы Бекен Исрайл алды. Сынып жетекшісі: А.Қанапиянова
3- орынды : 4 «А» сынып оқушысы Кеңес Амина алды. Сынып жетекшісі: Р.Адильбекова
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының тілге деген құрметінің жоғары деңгейде екенін білдік, сайыс өз деңгейінде жақс
10.09. күні 5-7 сынып оқушылары арасында музыка пәнінің мғалімі Р.Халелова «Ана тілім- менің мақтанышым » атты әндер байқауын өткізді.
11.09 күні орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері «Веселая лингвистика» тақырыбында ойын түрінде жарыс өткізді.
2025 жылдың 11 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер мерекесіне арналған пікірсайыс тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетов,Г.Жакенова жетекшілігімен 10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Алаш зиялыларының ұлт пен тілдің жақсы мен жаман тұстарын айқындау. Пікірсайыс барысында екі топ құрылды: “Оппозиция” және “Үкімет”. Қатысушылар белсенді қатысып, өз топтарын орынды аргументтермен алып шықты. Үдіріс барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ойларын толықтырып, іздемпаздық қабілеттерін дамытты. Пікірсайыс тартысты өтті. Жеңімпаздар анықталды.
https://www.instagram.com/p/DGK2xsIo0G1/?igsh=MXRpZXQ1bzFmdHNrc
12.09.2025 ж күні әдеби –сазды іс-шара өтті.
Апта бойы «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл мәртебесі, тілдің қолданылыс аясы бойынша таныстырылым көрсетіліп, тіл апталығы бойынша өткізілген жұмыстар сараланды. Апталықтың қорытындысында оқушылар Отанына, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігі артты, ана тілінің қастерлеуді үйреніп, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін артты. Оқушыларды тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінді.
XI. Мектепте мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу
қызметінің жұмысы /ғылыми жоба байқауы, олимпиадалар, интеллектуалды ойындар/
2025-2026 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми орталығының жетекшісі бекітілді:биология пәні мұғалімі Сәрсембаев Қанат Саматұлы. «Жас ғалым» ғылыми –әдістемелік орталығы пән мұғалімдерімен бірге дарынды оқушылармен жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Мақсаты: Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Жылдың басында мектеп психологы Ешжан Бота оқушылардан сауалнама алып, оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын анықтап, бағыт бойынша бөлді, оқушылардың тізімі жасалды.
Дарынды балалармен жұмыс келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
Жаратылыстану-математикалық бағыты;
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты;
Музыкалық-эстетикалық бағыты;
Әскери-спортбағыты дарынды оқушылармен жұмыс мұғалімніңбақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалынады. Осы сараптама негізінде дарынды оқушылар мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырылады.
Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға,ғылыми жобалар байқауына дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.
Жыл бойы дарынды балалармен жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Пән апталықтарында дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізілуі жоспаарлануда.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Қазіргі кезде ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Қазіргі уақытта түрлі білім жарыстарында, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де талантты жастарға деген сұраныс өте мол. Еліміздің болашағы білімді де, қабілетті жастардың қолында. Жастарға білім мен тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталады.
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдылық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін жауапты іс болып табылады.
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» — деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
2025-2026 оқу жылына дейін Ұйым бір бағытта жұмыс жасады. Атап айтсақ: аудандық «Дарын», Кіші ғылыми академияларына қатысып, жүлделі орын алып, облыстық, республикалық конференцияларына жолдама алу.
«Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамының 2025-2026 оқу жылы бойынша жылдық есебі
Орындаған:
Сарсембаев Қанат Саматұлы
Биология пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми ізденістерге баулу және ғылыми мәдениетті қалыптастыру.
2025-2026 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес бірқатар теориялық, практикалық және байқау іс-шараларын жүйелі түрде жүзеге асырды. Оқу жылы барысында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары мен нәтижелері төмендегідей:
1. Ұйымдастыру және теориялық негіздерді қалыптастыру (Қыркүйек – Қазан)
1) Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары
2025 жылдың қыркүйек айында Мектепішілік шығармашылық топ мүшелері бас қосып, мектептің дамыту жоспарын талқылап, мақсат, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін талқылады. Оқу жылынныңың І- ІІ жарты жылдығына атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Шығармашылық топта басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топ мүшелері айқындалып, олардың міндеттері бекітілді.
Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді. Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.
Топ отырысында өткен жылға атқарылған жұмыстар сараланып, білім сапасы мониторингі жасалынып, 2025-2026 оқу жылына мектепті «Кәсіби қоғамдастықты дамыту арқылы мектепті дамыту жоспары» жоспарланды. Мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: Мектептің білім беру сапасын жетілдіру және кадрлық әлеуетті нығайту жоспары.
Мақсаты:
Мектептің білім беру сапасын жоғарылату, кадрлық потенциалды дамыту, қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру арқылы оқушылардың жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
2. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін үздіксіз білім беру жүйесін дамыту.
3. Оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту және мотивациясын арттыру.
4. Қауіпсіз, инклюзивті және қолайлы оқу ортасын құру.
5. Психологиялық қолдау қызметін жетілдіру.
6. Мектептің инфрақұрылымын жаңғырту және заманауи технологияларды тиімді пайдалану.
7. Қоғамдық және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту.
Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:
Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде Ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады. .
2025-2026 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектепішілік кәсіби қоғамдастық аясында оқу жылының ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, отырыста талқыланып, нәтижелер мен мен кедергілер сараланды. Мектепті кәсіби қоғамдастық аясында дамыту жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар талқыланды.
2025 -2026 оқу жылының мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес бастауыш сыныптар бірлестігі кезекті шебер сыныбын өткіздік.
Шебер сынып тақырыбы "Математикалық модельдеу" тақырыбын оңтайлы меңгерту жолдары.
Шебер сыныптың басты мақсаты: Оқушылардың есептеу, математикалық модельдеу дағдыларын дамыту, олардың ойлау қабілеттерін арттыру және өз ойын дұрыс әрі әдемі жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдер топқа біріктіру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін «Кел құшақтасайық» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Мұғалімдер өздерін оқушылардың орнына қойып, сабақ кезінде, жұмыстан тыс кезде осыған ұқсас екендерін көріп, өздеріне күлкі сыйлады. Тақырып бойынша топтық жұмыс жүргізілді.
1 тапсырма бойынша «Ой қозғау» әдісі.
Берілген тақырып бойынша білетін ақпараттарын жазды. «Математикалық модельдеу» туралы таныстырылым көрсетілді, әр мұғалім іс-тәжірибелерімен бөлісті. Математикалық сауаттылығын дамыту жолдарын мұғалімдер өздері тапсырма орындау арқылы білді, түсінді, айтты.
Коучинг соңында кері байланысы алынды. «Мұғалім бингосы» әдісі. Қатысушылар ортаға шығады. Бинго парақшасында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтардың жауабын әріптестерінен сұрау арқылы кестені толтырады. Жазған кері байланыстарын оқып оларға коучингтің пайдасы көп болғанын білдім. Олардың оқу мен оқу сауаттылығының айырмашылығын түсінгендіктері белгілі болды. Алдағы уақытта та осындай коучинг жұмыстарын жүргізу пайдалы деп ойлаймын.
2025 -2026 оқу жылының 05 қаңтар күні мектепішілік бақылау жоспарына сай бастауыш сыныптар бірлестігі кезекті шебер сыныбын өткіздік.
Шебер сыныптың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттырудың жолдары»
Шебер сыныптың басты мақсаты: Оқушылардың жазу дағдыларын дамыту, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін арттыру және өз ойын грамматикалық дұрыс әрі әдемі жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдерді топқа біріктіру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін «Кел құшақтасайық»» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Мұғалімдер өздерін оқушылардың орнына қойып, сабақ кезінде, жұмыстан тыс кезде осыған ұқсас екендерін көріп, өздеріне күлкі сыйлады. Келесі кезекте сын тұрғысынан ойлауға «Миға шабуыл» әдісі бойынша ұжымға жұмбақ жасырып, оның шешуі арқылы шебер сыныптың тақырыбы ашуға мүмкіндік берді.
Жазу іс – әрекетіне қызығушылықты арттыру үшін жазу ойындары ұйымдастырылды . Бұл әдіс оқушылардың өз жазуларына жауапкершілігін арттырады.
«Жүгіру диктанты» әдісі келесі критерийлер бойынша бағаланды.
1. Қатысушылар тақтада жасырынған қағаздың артындағы сөздерді оқып көркем жазады. Әр топ мүшесі кезекпен барып оқып келіп топқа айтады. Топ тыңдай отыра жазады. Әр топ мүшелері уақытқа жұмыс жасайды.
Бағалау критерийлері
Жазған кері байланыстарын оқып оларға шебер сыныптың пайдасы көп болғанын айтып өтті. Олардың оқу мен оқу сауаттылығының айырмашылығын түсінгендіктері белгілі болды. Алдағы уақытта та осындай коучинг жұмыстарын жүргізу пайдалы деген ойдамыз.
Қыркүйек айында «Келеңсіз жағдайдағы мінез құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама, кеңес берілді. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу. Нәтижесі: Келеңсіз мінез құлықтың алдын алу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру үшін. Сонымен қатар ата-аналарды келеңсіз мінез құлықтар жайында сауаттандыру мақсатында баяндама, кеңес берілді. Кеңес слайд түрінде орындалынып, ата-аналар чатына жіберіліп талқыланды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында 6 сынып оқушыларынан «Ата-ананың балаға деген көзқарасы» тақырыбында жиналыс. Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтау. Отбасындағы қарым-ұатынасты нығайту бала ойын тындай білу.Бала мен жиі сырласу ашық әңгіме құру , мектеп өміріндегі қызықтарды бірге талқылау бойынша түсіндірме жұмыстары.
Қаңтар айында : «Бала психологиясының қалыптасуындағы әке рөлі» тақырыбында әкелер жиналысы. Мақсаты: Әкенің отбасындағы тәрбиеге – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу , мектеп пен ата – ана байланысын ынмымақтастыру өзара серіктестік орнату , ата – ананың , баланың оқу – тәрбиеге жауапкершілігін арттыру.
Ақпан айында интернат тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен «Отбасы тәрбиенің ұясы » тақырыбында тәрбие сағатты өтті. Мақсаты ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне жауапкершілігі мектеп өміріне көз қарасын талқылау.
Наурыз айында 10 сынып ата-аналарымен «Жанұя бақыты» тренинг-жаттығуы өтілді. Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Нәтижесі: Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін онлайн түрде тренинг-жаттығу өтілді. Тренинг-жаттығуда ата-аналар үйде балаларымен бірге бақытты жанұя суретін салып, отбасына байланысты аяқталмаған сөйлем әдістемесін орындады. Ата-аналар жаттығуларды еш қиындықсыз орындап шықты. Нәтижелерін ата-аналар балаларынан мектепке беріп жіберді. Нәтижелері тексеріліп хаттама жазылды.
Сәуір 8-11 сынып ата-аналарына «Баланы шылым шегуден қалай қорғауға болады» кеңес берілді. Мақсаты: Зиянды әдеттердің алдын алу. Нәтижесі: Шылымның адам өміріне қауіпі жайында жоғарғы сынып ата-аналарына кеңес берілді.
Мамыр айында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Қорытынды аттестаттау »тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті . Мақсатты оқушылардың ата-аналарын алдағы ҰБТ-ға дайындау , қолдау көрсету.
13ақпан 2026ж педагог-логопедтің мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дисграфия және оны түзету жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға барлығы 10 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты: Дисграфияның түрлерімен таныстыру және және оны түзетудегі әдістемелік әдіс тәсілдермен бөлісу.
Семинар міндеттері:
Семинардың теориялық бөлімінде дисграфияның түрлері және оны түзетудегі әдістеме жұмыстары туралы толық ақпарат берілді.
Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдеріне дисграфияны түзетудегі топтық жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыстар барысында баланың көріп қабылдауын, кеңістікте бағдарлауын, естіп қабылдауын, фонематикалық түсініктері мен графомоторлық дағдыларын дамыту әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Семинар соңында мұғалімдермен «Шебер доп» ойыны арқылы кері байланыс жасалап, жұмыс қорытындыланды.
XIII. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылында қаңтар айыннан бастап пән мұғалімдері БЖБ,ТЖБ жұмыстарының нәтижесі бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
2025 - 2026 оқу жылында Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің жылдық оқу тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік бақылау мақсатында Lesson Stady зерттеу жұмысы жүргізілді.
Осы оқу жылының ІІ тоқсанында мектепте жұмыс тобының мүшелері анықталып, сабақты зерттеу жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу бағыты 4 «Ә» сыныбы және 5 «А» сыныбы таңдалып алынды.Сынып жетекшілерімен бірлесіп білім алушылар туралы мәлімет жинақталды. Білім алушылардың ата-аналарынан ақпарат жинау мақсатында келісім жүргізілді. Сабақты зерттеу Lesson Stady зерттеу сабағына төмен пайыз білім сапасын көрсеткен пәндер алынды.
Зерттеу сабағының мақсаты: Зерттеу тақырыбы: білім сапасын арттыру мақсатында тиімді әліс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың функционалды сауаттылық тапсырмалары арқылы теориялық білімін қалыптастыру."Көршіңе айт, түсіндір" әдісі таңдалып алынды.Зерттеу топ мүшелерінің кездесуі барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтардың тақырыбы мен өткізу мерзімі анықталып, қосымша тапсырмалар берілді.
Іс шара мазмұнына сәйкес сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыруда топ мүшелері сабақты жүргізбес бұрын, ең әуелі мектеп психологы Сулейменова Маралдың көмегімен сынып оқушыларынан сауалнама алынды Зерттеу топ мүшелері анықталды. Сонымен қатар, А,В және С оқушылары да анықталды.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
2025-2026 оқу жылындағы Lesson Stady зерттеу жұмысы туралы мәлімет

Осы оқу жылының ІІІ тоқсанында мектепте жұмыс тобының мүшелері анықталып, сабақты зерттеу жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу бағыты 4 «Ә» сыныбы таңдалып алынды.Сынып жетекшісімен бірлесіп білім алушылар туралы мәлімет жинақталды. Білім алушылардың ата-аналарынан ақпарат жинау мақсатында келісім жүргізілді. Сабақты зерттеу Lesson Stady зерттеу сабағына төмен пайыз білім сапасын көрсеткен математика,қазақ тілі пәндері алынды.
Зерттеу сабағының мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру.
Зерттеу тақырыбы: білім сапасын арттыру мақсатында тиімді әліс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың функционалды сауаттылық тапсырмалары арқылы теориялық білімін қалыптастыру." "Маршрут" әдісі, "Ойлан, жұптас,талқыла" әдісі,"Кім жылдам" әдісі, қазақ тілі "Түсініп оқу","Көшіріп жазу","Мен білемін"таңдалып алынды. Зерттеу топ мүшелерінің кездесуі барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтардың тақырыбы мен өткізу мерзімі анықталып, қосымша тапсырмалар берілді.
Іс шара мазмұнына сәйкес сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыруда топ мүшелері сабақты жүргізбес бұрын, ең әуелі мектеп психологы Сулейменова Маралдың көмегімен сынып оқушыларынан сауалнама алынды Зерттеу топ мүшелері анықталды. Сонымен қатар, А, В және С оқушылары да анықталды.
Сабақты зерттеу (Lesson study)
тобының мүшелері
4 «Ә» сыныбы оқушылары туралы ақпарат
2025-2026 оқу жылында 3 «А» сыныбында оқу жылы басынан 17 оқушы: 10 қыз бала, 7 ұл бала. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы өте жақсы, сабаққа деген қызығушылығы орташа. Сынып оқушыларының білім алуға қабілеттері жақсы, кейбір пәндерден тапсырма орындауда сыныптағы оқушылардың көпшілігі қиналады.
І тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптың білім сапасы 58 %
Жеке пәндерден алатын болсақ:
2025 - 2026 оқу жылындағы 4 «Ә» сыныптағы білім сапасы
Жеке оқушылардың білім сапасындағы көрсеткіштерге келер болсақ:
4 «Ә» сынып бойынша SWOT талдау
Сынып жетекшісі: Манас Арайлым
Сабақ беретін пән мұғалімдері
Сабақты зерттеу (Lesson study)
тобының мүшелері
Зерттеу сабақтарының ( Lesson study)
өткізілу кестесі
Іс шара мазмұнын зерттеу сабақтарын жоспарлау, өткізу, талқылау және қайта жоспарлау бойынша 1-сабақ математика пәнінен Манас Арайлым Логикалық есептер тақырыбында өткізді. Сабақ барысы психологиялық ахуалмен басталды. Үй тапсырмасы «Кім жылдам» әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды.Суреттен неше ұшбұрыш көріп тұрғандары сұралады. «Маршрут»әдісі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылды. Келесі кезеңде дәптермен жұмыс жүргізілді. Топтық жұмыста «Ойлан,жұптас,талқыла» әдісі арқылы есептер шығарылып, жұптық жұмыста «Өз бөлшегіңді ал» әдісі арқылы жаңа тақырып пысықтады. Сабақты жинақтау барысында «Ақпаратты бағалау және сұрыптау» әдісі арқылы жекелеген жұмыс түрі берілді. Сабақ соңында «Тикток» әдісі арқылы кері байланыс берілді. Білім алушыларға үй тапсырмасы берілді.
Сабақ соңында топ мүшелері іс әркетті зерттеуге арналған сабақ бойынша функционалды сауаттылық пен саралау тапсырмаларын ұйымдастырылу керектігін айтылды.
2-сабақ. Математика пәнінен "Логикалық есептер" тақырыбында өткізілді. «Доп» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Оқушылар жан-жақты сабақты сұрақтарға жауап берілді. Сабақ барысы «Түймедақ» ойыны арқылы , есептерді шығарып, өсу ретімен орналастырды. Мұғалім тарапынан тағы да мысалдар келтіреіле отырып, сабақ жан-жақты түсіндірілді. Осы сұрақтарға жауап беру барсында саралауға негізделген сұрақтарға жауап алынды. Сабақтың келесі кезеңінде «Көршіңе түсіндіріп бер» әдісі Топтық жұмыс тапсырмасы берілді. Сабақ соңында кері байланыс берілді. Сабақ соңында топ мүшелері тарапынан саралау тапсырмалар мен бағалауға көңіл бөлу керектігі туралы есертілді.
3-сабақ. Математика пәнінен "Логикалық есептер" тақырыбы ары қарай жалғ сабақ өтті. Зерттеу сабағында зерттеу тобындағы мұғалімдер А, В, С деңгейіндегі бақылаудағы оқушыларды қадағалады. Сонымен қатар сабақ беру үрдісіндегі қолданылған әдіс-тәсілдердің, енгізілген топтық жұмыстың, сыныптағы іс –әрекеттің жоспарға сай орындалуын сырттай бақылаушы 1 мұғалім және топтағы мұғалімдермен бақылау жұмысын бірлесе жүргіздік. Оқушыларды қадағалау алдын ала анықталған күтілетін критерийлер бойынша жүргізілді, оқуылардың сабақтағы іс әрекеттері, білім алуы толық бақыланды.
1- сабақта С оқушы Серік Альмира селқос сабаққа қатысып отырды. Берілген тапсырмалар бойынша кешігіп шығарды, өзге тапсырмаларды орындауда үлгермеді, тапсырманы орындауда қағазға жазды, қате бар,айтуға тырыспады. Жұптық жұмыста жанындағы оқушының көмегіне көп жүгінді.
2- сабақта Альмира сабаққа жақсы қатысып отырды. Берілген тапсырмалар бойынша дәптермен жұмыста сызбаларды сызды, бұрыштардың көбейту тәсілдерін тақтада орындады. 1 дұрыс жауап болды. Жұптық жұмыста жанындағы оқушы Айшаның көмегімен 1 тапсырманы орындады, көбіне көшіруге тырысты. Топтық жұмыста құлшынысы жақсы болды, топтық талқылауға қатысты. Сабаққа қызығушылығы байқалды.
3-сабақта Альмираға көңіл бөліне бастағындықтан сабаққа қатысуы жақсы болды, тапсырма орындау барысында белсенділік танытты,ауызша саұраққа жауап берді, таратпа тапсырмаларды да аса құлшыныспен орындады.
Жалпы,Альмираның тәртібі жақсы, сабаққа ынтасы бар, қағазға жазып орындап отырады, пысық болғанымен ойлау деңгейі білім жағынан төмендеу.
Сабақта мұғалімнің түрткі сұрақтары негізінде танымдық қабілетін арттыру қажеттілігі бар.
А оқушы С оқушы В оқушы
Сабақта оқушылар «Кір жайғыш» әдісі бойынша 2 топқа бөлінді. Сабақты «Бағдаршам» бойынша қорытылды. Оқушылар топта белсенді жұмыс істеді. Берілген тапсырманы орындауды оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс атқарды. Бұл сабақта «Ассоцияция» әдісі жұптық жұмыста қолданылды. Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалана алмады.
С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда көмекті қажет етіп, топта белсенділігі төмен болса, В деңгейлі оқушы заттарды жіктеуде, тақырып бойынша өз ойын толық жеткізе алмады.А деңгейлі оқушы оқушы тақырыпты тез меңгеріп, тапсырманы орындауда белсенділік танытты. Жаңа сабақты меңгеруде сыныпта топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау әдісі тиімді болды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Сыныпта барлық оқушы тапсырманы орындауда белсене кірісті. Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары болды, оқушылар бір-бірімен өзара диалогқа түсіп талқылады. Сабақта кездескен кедергілер жоқ, жоспар бойынша жүргізілді. Ұсыныстар: оқушыға көп мүмкіндік беру, уақытты тиімді пайдалану, күрделі тапсырма қосу. Сабақтан соң алынған сұхбатта бақылаудағы 3 оқушы сабақта топтық жұмыстың ұнайтынын, сабақта өз ойын айтуда, дәлелдеуде қиналатынын, сұрақ қоюда қиындық көретінін атап өтті. Оқушылардың кері байлансынан сабақтың ерекше өткенін, топта белсенді жұмыс істеу және жаңа әдіс –тәсілдерді сабақта қолдану ұнағанын, осындай сабақтар жиі болғанын қалайтынын атап өтті.
Осы келтірілген деректерге және оқушыдан алынған сабақтан соңғы интервью жауаптарына сәйкес 3- СЖ жасалды.
Зерттеу тобы мұғалімнің сабақ барысындағы және оқушылардың тиімді жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстары талқыланды.
Екінші зерттеу cабағында қайта жоспарлау кезінде А,В,С оқушыларының сабақ барысындағы іс әрекеттері жасаған бақылау негізінде келесі сабақтарға өз ойларын жазу ұсынылды. Екінші зерттеу сабағында алғашқы сабақтың қорытындысының ұсыныс ескеріле отырып, 4- СЖ жоспарланды. Зерттеу сабағын өткізбес алдын оқушылардың пікірлері де назарға алынды.
3 - зерттеу математика пән мұғалімі Р.Адильбекова сабақ өткізді. Сабақ жоспары -5 СЖ бірлесе жоспарланып, интервью сұрақтары әзірленді. Сабақта топтық және жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар «Миға шабуыл» Тез есепте, Жұптық жұмыс «Көршіңмен талқыла» әдісі, ««Тапсырма» әдістері алынды. Оқушылардың сабақта қызығушылығы артып, ойын жеткізуге тырысты. Саралау үшін оқушыларға жеке тапсырмалар да берілді. Берілген критерийлер бойынша топтар өзара бағаласа, оқушылар өздерін де бағалай алды. Математика сабағында оқушылардың есептер шығаруда, өз ойын жеткізуге кедергі болғанмен оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс істеу арқылы тапсырмаларды орындай алды.
С деңгейіндегі оқушы
- Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде жасап, ойын жеткізе өз деңгейінде жеткізе алды.
- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының көмегімен топтастыру жасай алды, өздігінен жұмыс істеуге ынталандырылды.
В деңгейіндегі оқушы:
А деңгейдегі оқушы өз тапсырмаларын орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастады. В деңгейіндегі оқушы топтық жұмыста белсенділі танытып, басқа оқушылардан асып кетуге тырысты. Ал С деңгейіндегі оқушы тапсырмаларды орындауды басқаның көмегін қажет етті, және кейбір тапсырмаларды өзі орындай алды, сабақта өз ойларын айтыуды үйренді, топтастыру жасай алды. Бір сөзбен айтқанда А,В,С деп белгіленген үш оқушы біз межелеген табыс критерийлеріне жетті. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды, В оқушы кері байланысында жауап бергенде емін-еркін сөйлейтін болдым,- деп жазыпты. А деңгейіндегі оқушы өзінің көп ізденетінін, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Сабақты зерттеу нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.
Жұмысты қорытындылай келе пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды.
Тиімді қолданылған интербелсенді әдістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынын көре алдық. Сабақта оқушылармен сабақ мақсатын бірлесе, табыс критерийлерін бірлесе анықтау, мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылардың өздерінің іс әрекетінің жақсартуына мүмкіндік беру, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, сабақта бірлескен интербелсенді әдістерді көп қолдану, оқушыларды қолдау, бағыттау және өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру олардың білім сапасына арттыруға ммкіндік береді деген тұжырымға келдік. Сабақта алынған кері байланыстар, интервью, сауаланама нәтижелері дәлелдер ретінде жинақталып, екінші деректер ретінде жинақталды. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне,ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Болашақта осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушыларымыздың білім, білік дағдыларын арттырамыз. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруге ізденеміз. Топтық жұмыс арқылы өз ойларын ортаға салу, талқылау, тадау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, бірін-бірі, топта, жұбын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта оындай сабақты зерттеу әдісін қолдана отырып сабақ өту арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын сабаққа қызығушылығын арттырмаыз және С деңгейіндегі оқушыны В деңгейіне , В деңгейіндегі оқушыны А деңгейіне жеткізуге тырысамыз.
Осы жерде, «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.
SWOT-Талдау
Зерттеу сабағы: Lesson Study
1. Strengths (Күшті жақтары):
Сабақтың сапасын жақсартуға ықпал болды.
Мұғалімдердің бір-бірінен үйрену мүмкіндігі артты.
Оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдерге мүмкіндік берді.
2. Weaknesses (Әлсіз жақтары):
Уақытты көп талап етті.
Мұғалімнің кәсіби дайындық деңгейі әртүрлі болды.
Құжаттаманы жүргізу күрделі болуы ықтимал.
3. Opportunities (Мүмкіндіктер):
Мұғалімнің кәсіби өсуі мен ынтымақтастығы дамыды.
Инновациялық педагогикалық әдістерді енгізді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін арттырды.
4. Threats (Қауіптер):
Мұғалімдер арасында қарым-қатынас проблемалары туындауы мүмкін.
Материалдық және техникалық ресурстардың жетіспеушілігі.
Уақыт пен жұмыс жүктемесі мәселелері.
Тұжырым:
Lesson Study әдісі мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мен оқыту сапасын жақсартуға тиімді құрал болып табылады. Алайда, оны жүзеге асыру барысында уақыт пен ресурстарды дұрыс жоспарлау қажет.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің
5 сыныбында
жүргізілген зерттеу сабақтарының қорытындысы Зерттеу тобының жетекшісі: Ж.С.Салкынбаева
Ж.Егінбаев атындағы орта мектепте 5 сыныбында зерттеу сабақтарын жүргізу мақсатында зерттеуші топ құрылды. Зерттеу тобы мүшелері отырысы ұйымдастырылды. Отырыс барысында мектептегі 5 сынып оқушыларының бірнеше пәндер бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланып, зерттеу жұмыстары жоспарланды.
Зерттеу тобы кездесулерінің жоспары
Зерттеу тобы кездесулерінің жоспарына сәйкес алғашқы кездесуде
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту
Мақсаты:Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы 5 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
Күтілетін нәтиже:
Зерттеу сабақтарының ( Lesson study) өткізілу кестесі
Екінші кездесуде төмендегі мәселелер қарастырылды.
Сыныптағы бақылауға алынатын А, В, С оқушылары мен бақылайтын мұғалімдер бекітілді.
Бақыланатын оқушылардың тізімі
А, В, С оқушыларын бақылайтын мұғалімдері
Үшінші кездесудің сұрақтары:
1. Жоспарды талдау, ұсыныстар арқылы түзетулер енгізу
2. Зерттелетін стратегиялар бойынша оқушылардың болжанатын сұрақтарын дайындау
3. А, В, С оқушылары үшін бақылау парақтарын дайындау
4. Оқушылардан алынатын интервью сұрақтарын әзірлеу
Зерттеу сабақтарын өткізетін пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары талданып, нақты ұсыныстар мен толықтырулар, өзгертулер енгзілді. Зерттелетін стратегиялар бойынша оқушылардың болжанатын сұрақтары дайындалып, сынып ата-аналарынан, сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінен, оқушылардан алынатын сауалнамалар, сынып жетекшісінің сынып оқушыларына свот талдауы, тб қажетті құжаттар тізбесі құрылып, ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Оқушылардан алынатын интервью сұрақтары әзірленді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту
Мақсаты:
Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
Зерттеу әдісі – Ақпаратты саралау, бағалау және сұрыптау әдісі. Ең алдымен сабақты зерттеу мақсаты мен күтілетін нәтижелері анықталды. Мақсаты: Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы 5 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.
Сабақты зерттеу жүргізу 3 аптаға жоспарланды, кездесулер мен олардың мақсаттары, іс –шаралары анықталды. Зерттеу үрдісінің алғашқы аптасында зерттеу тобы Сабақты зерттеуді жүзеге асыру үшін зерттеу тобының 1- кездесуінде 5 сыныбының сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологі шақырылып, сыныптың білім сапасы 55,56%, мектептегі төменгі сапа көрсеткен сыныптардың бірі екені анықталды.
Сыныптың оқу үлгерімі бойынша жинақталған деректер төмендегідей
2025-2026 оқу жылында 5 сыныбында жыл басынан 27 оқушы. Сыныпта 27 оқушының 13- қыз бала, 13- ұл бала, 1 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқиды. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы жақсы. Сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін оушылар жоқ. Сынып оқушыларының білім алуға қабілеттері жақсы, кейбір пәндерден тапсырма орындауда сыныптағы оқушылардың көпшілігі қиналады. Тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптың білім сапасы 55,56%,
Жеке пәндерден алатын болсақ
Жеке оқушылардың білім сапасындағы көрсеткіштерге келер болсақ:
Оқушылардың математика, жаратылыстану, орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, информатика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен білім сапасы -55,56 % құрап, басқа пәндерге қарағанда төмен көрсеткіш көрсетті
1-тоқсандағы білім сапасымен салыстырғанда білім сапасы +5% артқан, дегенмен мектептің орта білім сапасынан төмен.
Кездесу барысында зерттеу тобы мүшелері мен пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, мектеп психологімен бірлескен сұхбат талқылау жасалынып, алғашқы деректер жинақталды. 5 сыныптың оқытылуына қатысты барлық проблемалар ортаға салынып, талқыланып, оларды шешу жолында келесі кездесуге әр зерттеуші топ мүшелеріне, мектеп психолгіне сынып бойынша, сыныптың оқуына қатысты ақпарат жинақтауға, мұғалімдер мен оқушылардан осы сыныптың оқытылу үрдісі бойынша сауалнама алуға тапсырма берілді.
Зерттеу тобының 2-кезекті отырысында 5 сынып оқушыларының сыни ойлау мен өз ойын жеткізу дағдыларының арттыру жолдары, оқушылардың белсенді әдістерді қолданып өтілетін сабақтарға қызығатыны анықталды. Барлық деректер сауалнама нәтижелері, оқушылармен, пән мұғалімдерімен жүргізілген сұхбат талдауы, сыныптың тоқсандық білім нәтижелерінің мониторингі, мектеп психолгінің психологиялық зерттеу талдамасы, сынып жетекшісінен алынған сыныпқа мінездеме, оқу үлгеріміне қатысты есептер талданып, зерттеу тобының кезекті отырысында талданып, оларды шешу жолдарын іздеуде ғылыми әдебиеттерге шолу, атақты педагогтердің еңбектері мен іс-тәжірибесімен танысу үшін 1 апта зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде зерттеу тобы мүшесі А.Утенова оқушылардың мотивациясын көтеру жолдары бойынша өз презентациясын ұсынып, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Г.Танкакова сабақта қолданылатын жаңа белсенді әдістер бойынша таныстырылым жасады. Ж.Салкынбаева 5 сынып оқушыларының бейімделушілік проблемалары, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды болдырмай, сыни ойлау дағдысының арттыру жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Зерттеуші топ мүшелерімен ақылдаса келе, жоспарланған сабақтарда сыни ойлауды және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін АҚПАРАТТЫ САРАЛАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ СҰРЫПТАУ әдісі таңдап алынды. Сабақта барлық жұмыс түрлері, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, оқушыларды бағалау арқылы, интербелсенді әдістер, АКТ қолданып, қызығушылығын арттыру көзделді. Жоспарлау кезінде бақылаудағы оқушыларға алдын ала болжамдар жасалынып, күтілетін нәтижелер жазылды.
Әрбір сабақты зерттеу – зерттеу сабақтарын өткізбестен бұрын зерттеуші топ мұғалімнің сабақ жоспарын талдап, өзгертулер енгізіліп отырды. Математика сабағы бойынша пән мұғалімі Н.Турсунбаева сабақ жоспары 2 рет өзгертіліп, түзетіліп, толықтырылып, бірлесе отырыста талқыланып, 3 ҚМЖ түрі жасалды. Сабақ жоспарын жоспарлауда оқушылардың үні, олардан алынған интервьюдің нәтижелері мен оқушы жауаптары ескерілді.
Әрбір екінші отырыста сабақтың алдында оқушылардан сұхбат алынып, олардың ойлары мен рефлексиялары ескеріліп, сабақ жоспарына тағы да өзгеріс енгізіліп отырды. Сабақтан соң әр мұғалім бір оқушыны бақылау арқылы бүкіл сыныптың қалай жұмыс істегенін, сабақтың мықты жақтары мен түзету қажет жақтарын, оқушының білім алуын, сабақ нәтижелерін талдап, келесі сабақта тәжірибені жақсарту үшін бірлесе талқылап отырды. Сабақта бақылау, қадағалау, сұбат алу құралдары, қойылатын сұрақтарды мұғалімдер бірлесе анықтады.
А оқушы В оқушы С оқушы
1 -Зерттеу сабағының жоспары
2 -Зерттеу сабағының жоспары
3 -Зерттеу сабағының жоспары
Сабақ барысында мұғалім топтық-жұптық-жеке жұмыстарды ұйымдастырды. Тапсырмалар оқу мақсаттарына сай құрастырылған. Оқушылармен қарым-қатынасы жақсы орнатылған.
1-зерттеу сабағында Н.Ж.Турсунбаева «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбындағы сабағында «Миға шабуыл», «Практикалық және көрнекі әдістер», «Проблемалық оқыту әдісі», «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі», топтық-жұптық-жеке жұмыс әдістерін қолданды. Әр тапсырмада мұғалім критерийлер ұсынып, оқушылардың жетістігі бойынша кері байланыс ұсынып отырды. Оқушылар жеке жұмыста «Практикалық және көрнекі әдісі» бойынша оқулықтағы тақырыптық есепті орындап шешімін жұмыс дәптерінде, тақтада көрсетті. «Проблемалық оқыту әдісі» арқылы жұптық жұмыс жүргізе отырып, қате шығарылған есептердің дұрыс шешімін келтіріп «Неге бұлай?» деген сұраққа жауап беру арқылы есептерді талдай отырып дұрыс жауаптарын теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Топтық жұмыста «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» арқылы берілген тапсырманы талдап, бос орындарды дұрыс мәліметтермен толтырып есептерді шығарды. Нәтижесінде ондық бөлшектерді қосу үшін тиісті қадамдарды орындап, есептің жауабын жазды, яғни өтілген тақырыпта алған білімдерін талдап, сұрыптап, бағалады. Өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерін дәлелдеді. Соңғы саралау тапысырмасында В-тобындағы тапсырма берілді. Күрделілігі орташа тапсырма болғандықтан мұғалімнің көмегі мен қолдауы арқылы тапсырма орындалы. Зерттеу сабағында зерттеу тобындағы мұғалімдер А, В, С деңгейіндегі бақылаудағы оқушыларды қадағалады. Сонымен қатар сабақ беру үрдісіндегі қолданылған әдіс-тәсілдердің, енгізілген топтық жұмыстың, сыныптағы іс –әрекеттің жоспарға сай орындалуын сырттай бақылаушы 1 мұғалім және топтағы мұғалімдермен бақылау жұмысын бірлесе жүргіздік. Оқушыларды қадағалау алдын ала анықталған күтілетін критерийлер бойынша жүргізілді, оқуылардың сабақтағы іс әрекеттері, білім алуы толық бақыланды. Сабақта оқушылар «Сен бүгін кереметсің!», «Бүгінгі күнге сәттілік!», «Сен ақылдысың!», «Сәлеметсіз бе!», «Жұлдызың жансын!», «Сенің қолыңнан барлығы келеді!» сөздері жазылған парақшаларды алу арқылы 6 топқа бөлінді. Оқушылар топта белсенді жұмыс істеді. Берілген тапсырманы орындауды оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс атқарды. Бұл сабақта «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» жұптық жұмыста қолданылды. Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалана алмады. С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда көмекті қажет етіп, топта белсенділігі төмен болса, В деңгейлі оқушы тапсырмаларды орындап топта белсенділік танытты, тақырып бойынша өз ойын жеткізді. А деңгейлі оқушы тақырыпты меңгергенімен, тапсырманы орындауда яғни ондық бөлшектерге натурал сандарды қосу мен натурал сандардан ондық бөлшектерді азайту есептерінде көмекті қажет етті. Көбіне қолдауды қажет етеді, математикалық тілде ойын жеткізуге төселу қажет. Тақырыптық есептерді шығаруда сыныпта топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту әдісі тиімді болды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Сыныпта барлық оқушы тапсырманы орындауға тартылды. Сабақта біршама оқушылар белсенділік танытты, бір-бірімен диалогқа түсіп тапсырманы, орындау жолын талқылады. Сабақта кездескен кедергілер жоқ, жоспар бойынша жүргізілді. Ұсыныстар: оқушыға көп мүмкіндік беру, уақытты тиімді пайдалану, тақырыптың күрделілігіне, тапсырмаларды баған түрінде орындау мен тексеруге көп уақыт қажет болғандықтан топтық жұмысқа бір ғана тапсырма беру арқылы оқушылардың тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасау. Сабақтан соң алынған сұхбатта бақылаудағы 3 оқушы сабақта топтық жұмыстың ұнайтынын, сабақта өз ойын айтуда, дәлелдеуде қиналатынын, сұрақ қоюда қиындық көретінін атап өтті. Оқушылардың кері байланысынан сабақтың ерекше өткенін, топта белсенді жұмыс істеу және жаңа әдіс–тәсілдерді сабақта қолдану ұнағанын, осындай сабақтар жиі болғанын қалайтынын атап өтті. Осы келтірілген деректерге және оқушыдан алынған сабақтан соңғы интервью жауаптарына сәйкес 3-СЖ жасалды. Зерттеу тобы мұғалімнің сабақ барысындағы және оқушылардың тиімді жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстары талқыланды.
Ақпаратты саралау, бағалау, сұрыптау әдісі
Топтық талқылау
Екінші зерттеу cабағында қайта жоспарлау кезінде А,В,С оқушыларының сабақ барысындағы іс әрекеттері жасаған бақылау негізінде келесі сабақтарға өз ойларын жазу ұсынылды. Екінші зерттеу сабағында алғашқы сабақтың қорытындысының ұсыныс ескеріле отырып, 4- СЖ жоспарланды. Зерттеу сабағын өткізбес алдын оқушылардың пікірлері де назарға алынды. Зерттеу сабағы Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілді. Екінші сабақты жүргізген пән мұғалімі, әрі сынып жетекшісі Жакенова Гүлмира мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас байқалды.
1 -Зерттеу сабағының жоспары
2 -Зерттеу сабағының жоспары
3 -Зерттеу сабағының жоспары
Екінші сабақта топтық және жұптық жұмыс, «Бір сөз – бір үміт» әдісі, өткен білімді тексеру, «Кім жылдам?»,«Суретті сөйлет» әдісі.Жұптық жұмыс «Дұрыс тұжырымды анықта». Жеке жұмыс «Қаңлы тұрғынының күнделігін толтырыңыз», «Сұрақты қағып ал» әдісі.
Бақылаудағы А, В, С оқушыларының топтағы бірлескен жұмысы, тапсырманы өздігінен немесе біреудің көмегімен орындауы, сұрақтар қоя білуі, берілген тапсырмаларды орындауды сыни тұрғыдан ойлау білуіне жалпы алғанда білім алуына басты назар аударылды. Сабақ барысында жалпы сынып та назардан тыс қалмады. Оқушылар тақырып бойынша жұптық талқылау «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» арқылы тақырып бойынша негізгі ақпараттарды анықтап, мәліметтерді жұмыс дәптерлеріне жазды. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Г.Жакенова сабақта қолданылған белсенді әдістері мен сабақ мақсатына сай ұйымдастырылған тапсырмалары оқушыларға оң әсерін тигізіп, оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен ойын еркін жеткізу қабілетін арттыруға септігін тигізді. Олар өз ойларын ортаға салып, дәлелдеуді үйренді. Олар бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын ортаға салушы, ал мұғалім -бағыттаушы, ұйымдастырушы болды. Осы сабақта тиімді болғаны «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі», «Қаңлы тұрғынының күнделігін толтырыңыз», «Сұрақты қағып ал» әдісі тиімді болды. Оқушылар тақырып бойынша тыңдалған мәтіннен қосымша ақпаратты табуда қиналды. Оқушылардың берілген кері байланысында да олардың топта бірлесе жұмыс істеуді және жұппен жұмыс істеу тапсырмалары ұнайтынын көрсетті. 2 - зерттеу сабағында А деңгейлі оқушы өзінің тапсырманы толық орындауға тырысты, В деңгейлі оқушы өздігінен ізденуге талпынды, сұрақтарға жауап берді. С деңгейлі оқушы сұрақтар қоюда қиналды, бірақ топтық талқылауда белсенді болды.
Екінші сабақтан соң оқушылармен интервью алынып, кері байланыс бойынша ойлары ескеріліп, 3 сабақ жоспарланды.Зерттеу сабағының алдында мұғалімнің алдын ала жоспарлаған ҚМЖ бірлесе талқылып, өзгертілді. Мұнда сұрақ –жауап, топтық және жұптық жұмыс жоспарланды. Сабақ соңында және басында алынған интервью жауаптары, қадағалаған деректер жинақталып, 4 СЖ жоспарланды. Зерттеу тобы мүшелері сабақтан соң отырысты талдап, сабақтың СВОТ талдау жасады.
3 - зерттеу сабағы Қазақстан тарихы пәнінен өткізіліп, пән мұғалімі Г.Жакенова сабақ өткізді. Сабақ жоспары - 5 СЖ бірлесе жоспарланып, интервью сұрақтары әзірленді. Сабақта топтық және жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар «Тарих шеңбері» әдісі , «Кинометафора» әдісі,«Сен білмейсің, мен білем»,«Тарихи хат», «Пікір алмасу» әдістері алынды. Оқушылардың сабақта қызығушылығы артып, ойын жеткізуге тырысты. Саралау үшін оқушыларға жеке тапсырмалар да берілді. Берілген критерийлер бойынша топтар өзара бағаласа, оқушылар өздерін де бағалай алды. Физика сабағында оқушылардың тәжірибелер мен тапсырмаларды орындауда, өз ойын жеткізуге кедергі болғанмен оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс істеу арқылы тапсырмаларды орындай алды. «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау» әдісі бойынша деформация түрлерін анықтауда А деңгейлі оқушы өз ойын жеткізе алды. В деңгейлі оқушы сұрақтар қоя алды, С деңгейлі оқушы сұрақтарға жауап бере алды. Бұл сабақта оқушыларға «Пікір алмасу» әдісі тиімді болды. Оқушылар сұрақтар қою мақсатында топта бірлесе талқылады, сұрақтарға жауап беруге тырысты, сабаққа қызығушылықтары артты. Зерттеу нәтижесінде барлығы 9 СЖ жасалынды, барлық деректер ақпараттар, сабақты бақылау құралдары арқылы жинақталды. Зерттеу тобы сабақтың тиімді, тиімсіз болған тұстарын, әр зерттеу сабағынан соң МҰҒАЛІМ және ОҚУШЫНЫҢ жақсы жақтары мен жақсарту тұстарын бірлесе талқылады.
Жұбыңмен талқыла Өткенді қайталау
"10іміңді тексер «Тапсырма» әдіен қосымша ақпаратты табуда қолдана алады. алады. Оммысты топта орындап, таза заттардан қоспа Нәтижесінде сабақты зерттеу 5 сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын арттыру мақсатында сабаққа жаңа тәсілдерді енгізіліп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, өз ойларын еркін жеткізу, дәлелдеу, шығармашылық қабілетін арттыру, мақсатқа жету жолдары қадағаланды. Сабақты зерттеу 3 циклде жүргізілді. 1 циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді. Сабақ соңында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабақтарын бірлесе жоспарлап отырды. Осындай іс әрекет әрбір келесі сабақта қайталанып отырды. 3 цикл аяқталған соң мұғалімдермен бірлесіп, Сабақты зерттеу қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды.
Практикалық жұмыс Қызығушылығын ояту Сұрақтар бекеті
С деңгейіндегі оқушы
- Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде жасап, ойын жеткізе өз деңгейінде жеткізе алды.
- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының көмегімен топтастыру жасай алды, өздігінен жұмыс істеуге ынталандырылды.
В деңгейіндегі оқушы
А деңгейдегі оқушы өз тапсырмаларын орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастады. В деңгейіндегі оқушы топтық жұмыста белсенділі танытып, басқа оқушылардан асып кетуге тырысты. Ал С деңгейіндегі оқушы тапсырмаларды орындауды басқаның көмегін қажет етті, және кейбір тапсырмаларды өзі орындай алды, сабақта өз ойларын айтыуды үйренді, топтастыру жасай алды. Бір сөзбен айтқанда А, В,С деп белгіленген үш оқушы біз межелеген табыс критерийлеріне жетті. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды, В оқушы кері байланысында жауап бергенде көп дайындалу керек,- деп жазыпты. А деңгейіндегі оқушы өзінің көп ізденетінін, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Сабақты зерттеу нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.
Жұмысты қорытындылай келе пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды.
Осы жерде, «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.
5 сыныбында Lesson study (іс-әрекетті зерттеу) бойынша SWOT талдау Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
XV. Пән апталықтардың қорытындысы.
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
2025-2026 оқу жылының 08.12.2025 - 06.03.2026 оқу жылы аралығында әдістемелік бірлестіктердің пән апталықтардың жұмыс жоспары
Тақырыбы:«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым »
Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану; оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту; білім алушыларға сабақта және сыныптан тыс қосымша білім бере отырып олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
«Жаңа белес: кәсіби өсу мен психологиялық – ғажайып әлемі» Жас мамандардың
апталығы бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 08.12 -12.12 аралығында жас мамандардың апталығы өткізілді. - Апталық тақырыпқа сай күнделікті сабақ жоспарлары (ҚМЖ) құрылып, бекітілді.
- Қазақ тілі, математика, әліппе пәндерінен сабақтар өткізілді.
- Оқушылармен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
- Әр сабақтан кейін кері байланыс алынып, оқушы белсенділігі талданды.
- Көңілді үзілістер де ұйымдастырылды.
2. Сабақ беру барысындағы жетістіктер:
- Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
- Саралау әдістері қолданылып, оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар берілді.
- АКТ құралдарын тиімді пайдалану арқылы көрнекілік қамтамасыз етілді.
12.12.2025 жас маман А.Т.Басанова 6 «Ә» сыныбында Абайдың «Жетінші қарасөзі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың Абайдың «Жетінші қарасөзі» арқылы әдеби мәтінді түсіну, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту; шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтап, оларды автор идеясы негізінде түсіндіруге бағыттау. Сабақта «Зымыран сұрақ» ЖИГСО «Әдеби үйірме» әдістері қолданылды. Барлық берілген тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес берілді, бағалау жүргізілді. Оқушылар жеке, топтық тапсырмалар орындады. Сабақ құрылымы оқу мақсатына сәйкес жүйелі жоспарланған. Ұйымдастыру кезеңінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
Жаңа сабақта мәтінмен жұмыс ұйымдастырылып, мұғалім бағыттаушы рөл атқарды. Оқушылар сұрақтар арқылы ой қорытып, өз пікірлерін еркін жеткізді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, топтық талқылау, ой қозғау, пікір білдіру әдістері тиімді қолданылды.
Сабақ барысында Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұны мен идеялық бағыттарын терең ашуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Әр әдіс оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы анықтау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу әдісі
Оқушылар қарасөз мәтінін мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөліктің негізгі ойын анықтады. Бұл әдіс арқылы оқушылар Абай көтерген талап, еңбек, адам болмысы туралы ойларды нақты түсінді.
«Негізгі ойды анықтау» әдісі
Қарасөз мазмұны бойынша оқушылар автордың негізгі идеясын айқындап, әлеуметтік-қоғамдық мәселені тұжырымдады. Әдіс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Салыстыру әдісі (Абай дәуірі – қазіргі қоғам)
Оқушылар Абай заманындағы адам бойындағы кемшіліктерді бүгінгі қоғаммен салыстырып, мәселенің өзектілігін дәлелдеді. Бұл әдіс оқу мақсатына сай әлеуметтік мәселені идея арқылы түсіндіруге мүмкіндік берді.
Сабақта жоспарланған оқу мақсатына толықтай қол жеткізілді. Оқушылар Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұнын терең түсініп, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді автор идеясы арқылы нақты айқындай алды. Мәтінмен жұмыс барысында оқушылар негізгі ойды анықтап, Абайдың адам болмысы, талап, еңбек, рухани даму туралы көзқарасын талдады.
1 «А» сынып жетекшісі Манас Арайлым 10.12.2025ж. «Щ дыбысы және әрпі» тақырыбында әліппеден ашық сабақ өткізді. Оқушылар белсене қатысты. Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілмеген.
Оқушыларымның қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта көптеген әдіс-тәсілдер қолдандым. «Супер ми» кітапшасымен жұмыс жасады. Көңілді үзілістер өткізді.
Оқушылар әріпттерді танып, оқып отыр. Білімге деген құштарлықтары жақсы. Оқушылардың партада дұрыс отыру, жазу дағдылары жақсы қалыптасқан. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тапсырмаларды түсініп отырды.
Жоспарға сай «Көңілді үзісліс» өткізілді.
«Көңілді үзіліс» әр үлкен қоңырау кезінде жоспарға сай өткізілді.
Жас мамандардың сабақ өткізу барысында алдынғы сабақтарға қарағанда біршама ілгеру жұмыстары байқалды:
1. Сабақта қосымша ресурс, материалдардың қолдануы.
2. Сабақтың оқу мақсаттары айтылуы.
3.Тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігі.
4.Сабақ барысында АКТ қолдануы.
5. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы.
6. Кері байланыс, рефлексияның жүргізілуі.
Ашық сабақтарын бақылау кезінде келесі кемшіліктер анықталған:
12.01-16.01.26 күндер аралығында мектеп әкімшілігінің апталығы.
Аталық тақырыбы: Педагогтердің кәсібі мотивациясын арттыру.
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсібі құлшынысын арттыру, еңбекке деген ынтасын нығайту, шығармашылықпен жұмыс жасауға. Өзін – өзі дамытуға және өсуге ынталандыру.
Апталықтың ашылуында ертеңгісін мұғалімдерге арналған «Себептен, сіз себепсіз» атты тренин өткізілді. Үлкен үзілісте мұғалімдер бөлмесінде қызықты мотивациялық сұрақ - жауап тренингтері апта бойы өткізіліп отырды. Жоспарға сәйкес барлық іс шаралар өтікізіл отырды. Өткізілген іс - шаралар интернет желісіне салынып отырды. Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында бірнеше мазмұнды жұмыстар жүргізілді.
Шебер сынып барысында тәжірибелі педагогтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін көрсетті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, жаңа тәсілдерді меңгерді.
Үстел ойыны «Эко әлем» мұғалімдер арасында өткізілді. Бұл ойын арқылы қатысушылар экологиялық білімдерін жетілдіріп, табиғатты қорғау тақырыбында түрлі тапсырмалар орындады. Ойын қызықты әрі танымдық сипатта өтті.
Семинар «Функционалды сауаттылықты комикстер арқылы қалыптастыру» аясында мұғалімдерге оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары ұсынылды. Комикстерді сабақта қолданудың маңыздылығы түсіндіріліп, практикалық мысалдар көрсетілді.
Практикалық сабақ «Автоматты жартылай бөлшектеу және жинау» алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі тарапынан өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдерге автоматты қауіпсіз түрде бөлшектеу және қайта жинау тәсілдері көрсетіліп, олар өздері де тәжірибе жасап көрді. Бұл іс-шара мұғалімдердің практикалық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Оқушыларға арналған іс-шаралар
Оқушылардың білімін, шығармашылығын және белсенділігін арттыру мақсатында қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды.
«Ми баттле» интеллектуалдық ойыны оқушылар арасында өткізілді. Қатысушылар түрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті.
Қуыршақ театры «Шалқан» ертегісі оқушыларға ұсынылды. Бұл қойылым арқылы балалар достық, бірлік және өзара көмектесу сияқты маңызды құндылықтарды түсінді. Қойылым балалардың қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қорытынды
Ұйымдастырылған іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
Аттестаттаудан өтетін пән мұғалімдер апталығы. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, заманауи әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолдану және аттестация талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу
Алпысбаева Асел – зерттеуші санатына өтініш беріп, өз тәжірибесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізуде. Ашық сабақты өте жақсы өткізді.
Манас Арайлым (бастауыш сынып мұғалімі) – модератор санатына өтініш берген. 1 сынып оқушыларына ана тілден ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты жақсы ұйымдастырған. Оқушылар әріптерді танып біліп, қосып оқып отыр. Кемшіліктер ескертілді.
Болатбаева С. – модератор санатына өтініш тапсырған. Ашық сабақ өткізді. Сүлейменова М. (мектеп психологы) – модератор санатына өтініш беріп, оқушылармен тренинг өткізді. Тренинг барысында психологиялық қолдау мен тұлғалық даму тақырыптары қамтылды.
Джақыпбекова К. (дефектолог) – модератор санатына өтініш беріп, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары бойынша тәжірибе көрсетті.
Бакеева Л. (мектеп ұйымдастырушы-педагог) – модератор санатына өтініш беріп, оқушылармен «Эко-LIFE» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада экологиялық тәрбие, табиғатты қорғау мәселелері талқыланды.
Басанова А. (қазақ тілі пәнінің жас маманы) – модератор санатына өтініш беріп, пән апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер қолданылды.
Мамраимова Қ. (география пәні мұғалімі) – мерзімінен бұрын сарапшы санатына өтініш берді. Өз тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданатынын көрсетті.
Шаикова С. (химия пәні мұғалімі) – модератор санатына өтініш беріп, апталық барысында ашық сабақ өткізді. Сабақта тәжірибелік жұмыстар мен зерттеу элементтері қамтылды.
Тарих, құқық негіздері, зайырлылық дінтану негіздері бірлестігінің
26.01-30.01.2026 ж. күндері бойынша апталығы болды.
«Тарихтан тағылым, өнерден тәрбие» тақырыбында
өткен апталықтың
Е С Е Б І
Қаңтар айының 26 - 30 аралығында өткен «Тарихтан тағылым, өнерден тәрбие»тақырыбында Тарих ӘБ пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талқыланып және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына сай оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту.Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.Тиімді әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың функцаналдық сауаттылығын арттыру және оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс - шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда Г. Т. Жакенова апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын сұрап апталықты ашты.
26 қаңтар күні 6 «А», 6 «Ә» сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінен «Білім көкпары»тақырыбында сыныптан тыс танымдық сабақ өткізілді, пән мұғалімі – Г. Т. Жакенова
30 қаңтар күні 8 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы ұжымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді, пән мұғалімі – А. Х. Сағымбетов
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы ол - сыныптан тыс іс - шаралар. Апта бойына ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды. Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, барлық өткен әс-шаралар легі Фейсбук желісіндегі Ж. Егінбаев орта мектеп парақшасына салынып отырды. Белсенділік танытқан оқушылар мен әр түрлі сайысқа қатысып, жеңімпаз болған оқушыларды марапаттаумен жабылды.
Әдістемелік апталықтың қорытындысы:
Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты;
Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен ашық іс шаралар өткізді;
Ашық іс - шараға ӘБ мұғалімдері, оқушылар белсене қатысты.

26.01-30.01.2026 ж. күндері бойынша апталығы белгіленді. Мен Жакенова Гульмира Темірханқызы апталықта Қазақстан тарихы бойынша 6 «А», 6 «Ә» сыныптарымен сыныптан тыс іс-шара сабағымды өткіздім. Іс-шараның тақырыбы: «Білім көкпары» сыныптан тыс іс-шарамнан үзінді бейнелер. Сыныптар арасында пікір сайыс талпыныспен өтті, сабаққа өте жақсы белсенді қатысты.
Жаратылыстану апталық
Математика және информатика апталығының қорытынды есебі
Өткізілген мерзімі: 09.02.2026 – 13.02.2026
Қатысушылар: 5–11 сынып оқушылары
Ұйымдастырушылар: ӘБ мүшелері
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың математика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық, алгоритмдік және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағыттау.
Міндеттері:
Апталық барысында дәстүрлі іс-шаралармен қатар, заманауи форматтағы жұмыстар ұйымдастырылды:
Іс-шаралар барысы:
09.02.2026 – Ашылу күні
«Математика мен информатика – болашақтың негізі» тақырыбында апталықтың ашылуы өтті.
Ашылу барысында:
«Логика және сандар әлемі» күні ерекше белсенділікпен өтті.
Өткізілді:
Оқушылардың 80%-дан астамы тапсырмаларды белсенді орындап, жоғары қызығушылық танытты.
11.02.2026 – Информатика күні
«Алгоритм және кодтау» күні цифрлық бағытта өтті.
Ұйымдастырылды:
Оқушылар жасанды интеллект, IT мамандықтары және бағдарламалаудың болашағы туралы өз ойларын ортаға салды.
12.02.2026 – Интеллектуалдық сайыс
«Brain Battle: Math & IT» сайысы апталықтың ең қызықты кезеңдерінің бірі болды.
Сайыс бөлімдері:
Командалық жұмыс, жылдам шешім қабылдау және көшбасшылық қасиеттер айқын көрінді.
13.02.2026 – Қорытынды күн
Апталық жоғары деңгейде өтті және барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар тек теориялық білімін көрсетіп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана білді.
Бұл апталық оқушылардың:
16.02.2026 - 20.02.2026 күндері аралығында өткізілген
тілдер апталығының қорытынды есебі
Тақырыбы: Мәңгілік ел -мәртебелі тіл
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тілдің қоғамдағы маңызын ұғындыру және тіл арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
16.02.2026 «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ» Апталықтың ашылуы, салтанатты жиын
2026 жылдың 16 ақпанында мектебімізде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбы аясында тілдер апталығының салтанатты ашылу жиыны өтті. Іс-шара «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ» ұранымен басталып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етті. Жиын барысында ана тіліміздің қоғамдағы маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі кеңінен насихатталды. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркемсөз оқып, түрлі ойындарға қатысып, көптілділіктің заман талабы екенін паш етті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Н.Утенова тіл – елдіктің белгісі екенін атап өтіп, апталықтың жоспарымен таныстырды. Бұл шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, ана тілін білуге, өзге тілдерді құрметтеуге үлкен серпін берді.
17.02.2026 күні Тілдер апталығы барысында мектебімізде ағылшын тілі пәні бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында “Intellectual Maraphon” тақырыбында топтық білім сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың жан-жақты білімін дамытып, логикалық ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
17.02.2026 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Абай «Museum visit to look at traditional artefacts and/or traditional dress» тақырыбында 9 «А» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар дәстүрлі жәдігерлер мен ұлттық киімдердің тарихымен танысып, тақырып аясында тілдік дағдыларын жетілдірді.
18.02.2026 күні мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Тапқыр достар» атты зияткерлік-танымдық топтық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2026 жылдың 19 ақпанында апталық аясында 8-сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінен «Поле чудес» атты танымдық-зияткерлік викторинасы ұйымдастырылды. Викторинаның басты мақсаты — оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру және сөздік қорларын байыту. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, өзге тілді меңгеру арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу көзделді.
19.02.2026 күні 8 сынып оқушылары арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты интеллектуалды жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен жырларын оқушылар арасында кеңінен таныту. Ақынның өлеңдерінің шығу тарихын, поэмалары мен аудармаларын талдау арқылы оқушылардың әдеби білім деңгейін көтеру.
2026 жылдың 20 -ақпан күні мектебімізде 7–8 сынып оқушылары арасында “Ең білімді сынып” атты интеллектуалды жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және пәндерге деген қызығушылығын күшейту.
17.02-20.02.2026 аралығында «Көңілді үзілістер» ойындары ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің 23.02.2026- 27.02.2026 күндері аралығында
«Бастадым білім нұрын —БАСТАУЫШТАН» тақырыбында өтілген апталықтың есебі
Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Пән бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы белсенділік пен жан-жақты көз қарасын қалыптастыру.
Апталықтың міндеттері:
-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- әр баланың қабілетін таныта отырып, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
1.Апталықтың ашылуы
2.Ашық сабақтар
Апталықтың бірінші күні 2-сабақ үзілісінде аппталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті. Мұғалімдермен және оқушылармен көңілді үзіліс ойнатылды. Барлық мұғалімдер белсене қатысты. Қатысқан мұғалімдер мен оқушыларыға сыйлықтар мен сулар таратылды.
https://www.instagram.com/reel/DVJaaVGiFzL/?igsh=MTRla2pjYjQwOGk4Zg==

https://www.instagram.com/reel/DVJTkHbiK4B/?igsh=ZWlpdnQ1bTBjaG5s
Әрбір іс-шаралар әлеуметтік желіге салынып отырды.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Манас Арайлым ана тілі пәнінен «Қайталау сабағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.
2 «Ә» сынып мұғалімі Ә.Алпысбаеваның «Білгілер додасы» сайыс сабағы өте керемет өтілді. 4 «А,Ә» сыныптар арасында «Математикалық аукцион» сайыс сабақ өтілді. Сабақ өте керемет өтілді.
«Oйlike» интеллектуалдық білім сайысын 2 «А» сынып мұғалімі А.Калиева өте тамаша өткізді. Оқушылар белсенділік танытты. 3 «А»сынып жетекшісі А.Қанапиянова «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты ашық сабақ өткізді. 3 «Ә» сынып жетекшісі Р.Тулесова «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайыс сабағын өткізді. Балалар белсенділік танытты.
1 «Ә» сынып мұғалімі М.Сулейменова Мәтін « Саусақ жаттығулары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Апта бойы пәндер бойынша қызықты сөзжұмбақтар мен тапсырмалар, логикалық есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, белсенділіктерін танытты.Қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары берілді.
Оқушылар апталықтың барлық іс-шараларына белсене қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқуға оң мотивация қалыптастырды.
Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, жаңа әдістемелік тәсілдермен танысты.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сөйлеу тілін, танымдық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Бастадым білім нұрын – БАСТАУЫШТАН» тақырыбында өткізілген апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған мақсаттарға толықтай жетті. Оқушылар мен мұғалімдердің белсенді қатысуы апталықтың сәтті өтуіне ықпал етті. Бұл іс-шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосты.
«Спорт – денсаулық кепілі » атты
Дене шынықтыру және АӘТД апталықтың қорытындысы.
Мақсаты:
«Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту; білім алушыларға сабақта және сыныптан тыс қосымша білім бере отырып олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру».
Ұраны:
«Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.»!
2026 жылдың қаңтар айының 02 мен 06 наурыз аралығында дене шынықтыру және АӘТД пән бірлестігінің «Спорт – денсаулық кепілі » және «Ер –елінің қорғаны» атты апталығы өтті. Апталықты 2-11 сыныптың оқушыларының арасында өткіздік. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың жоспары құрылып, оқу ісінің меңгерушісінің келісімімен, мектеп директоры бекітті.
Апталық қарсаңында мектептің спорт залында тақырыпқа байланысты апталық қабырға газеті ілінді.
02 наурыз күні сағат 09.00-да апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, мектептің педагог- психологы, мұғалімдер қатысты. Апталықтың ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанапиянова Айгерім Нургалиевна сөз сөйлеп сәттілік тіледі. Бірлестік жетекшісі Уалиев Азамат Рыскелді апталықтың ашылу салтанатымен құттықтады. Апталықтың жоспарымен, тақырыбымен, мақсаты және ұранымен таныстырды . Сонымен қатар дене шынықтыру және АӘТД бірлестіктің пән апталығының ашылуына орай мұғалімдер арасында әр түрлі ойын жарыстар өткізді. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен мұғалімдерге мадақтамалар берілді. АӘТД бірлестіктің пән апталығында сабақты дұрыс өткізуге, оқушыларға сабаққа белсене қатысуға шақырды.
Апталық ашық сбақттар:
02 наурыз дүйсенбі күні 3 сабақ 11 «ә» сыныпқа««Техногендік сипаттағы қауіптілік» тақырыбы бойынша апталық ашық сабақты. АӘжТД пәнінің мұғалімі Жаманқаранов Ерік Қабдолдаұлы.
04 наурыз күні 5 сабақ 6 «ә» сыныбында Спорттық ойын: Баскетбол . «Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау»тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Малдыбаев Мұрат Жебегенұлы өткізді.
06 наурыз күні 5 сабақ 4 «ә» сыныбына Ойындардағы қиялды дамыту. «Қозғалмалы ойын»тақырыбында ашық сабақты Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы өткізді.
03 наурыз сейсенбі күні 5 сабақ Қашықтықтан өту тактикасының негізі. Спорттық ойын. Волейбл. «Шабуыл соққысы. Тосқауыл қою». тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалім Жексенбинов Айдар Нұрдәулетұлы ашық 9 «а» сынып сабақ өткізді.
05 наурыз бейсенбі күні 6 сабақ 6 «ә» сыныпта Спорттық ойын: Волейбол. «Артқы шептегі ойыншының қорғаныста шабуылшыны сақтандыру кезіндегі ойыны»тақырыбында Уалиев Азамат Рыскелдіұлы ашық сабақ өткізді
Апталық ашық сабақтар өз деңгейінде өтті.
Сыныптан тыс іс-шаралар:
03 наурыз сейсенбі күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жексенбинов Айдар Нұрдәулетұлы мен Уалиев Азамат Рыскелдіұлы
7-8 сыныптар арасында «Волейболдан» жарыс өткізді Жарыс өз деңгейінде өтті, жарысқа оқушылар белсене қатысты
Ұлдар, қыздар арасында:
І - орын 8 «а» сынып
ІІ - орын 8 «ә» сынып
ІІІ - орын 7 «а» сынып
22 қаңтар сейсенбі күні 3 «а», 3 «ә», 4 «а», 4 «ә» сыныптар арасында «Көңілді сөре» эстафеталық жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары:
І - орын 3 «а» сынып;
ІІ – орын 3 «ә» сынып
ІІІ- орын 4 «а» сынып
05 наурыз бейсенбі күні АӘжТД пәнінің мұғалімі Жаманқаранов Ерік Қабдолдаұлы 9-10 сынып оқушылар арасында «Жас мерген» сайысын өткізді, жарысқа оқушылар толық қатысты.
06 наурыз жұма күні Дене шынықтыру және АӘж ТД апталықтың салтанатты жабылуына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері , сынып жетекшілері, сынып оқушылар қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанапиянова Айгерім Нургалиевна апталықтың жабылуында сөз сөйледі және сыныптан тыс іс-шаралар жарысында жеңімпаз атанған командалар мен сыныптарды марапаттады.
SWOT талдау нәтижесінде нәтижелер мен кедергілер анықталды.
Қорыта келгенде, төмендегі кемшіліктерді жою мақсатында жоспар құрылып, жұмыс жүргізілуі қажет:
Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары: А.Н.Канапиянова
«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
2025-2026 жылында атқарылған әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы
2025-2026 жыл
«Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп» КММ
2025-2026 оқу жылында атқарылған әдістемелік жұмыстың
жылдық қорытындысы
І. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері.
ІІ. Педагог кадрлар туралы мәлімет.
ІІІ. Біліктілік арттыру курс бойынша мәлімет.
IV. Педагог қызметкерлерді аттестаттау
V. Педагог кадрларлардың жетістіктері.
VI. Оқушылардың жетістіктері.
VIII. Жас мамандармен жұмыс. «Жас мамандар» мектебі бойынша жылдық қорытындысы.
IX. Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет. Озат педагогикалық тәжірибені тарату.
X. Тілдер мерекесіне орай өткізілген іс-шаралар қорытындысы.
XI. Мектепте мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметінің жұмысы /ғылыми жоба байқауы, олимпиадалар, интеллектуалды ойындар/
XII. Инновациялық қызмет
XIII. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар
XV. Пән апталықтардың қорытындысы.
І. Әдістемелік жұмыстың тақырыбы, мақсаты, міндеттері
2025-2026 оқу жылы мектептегі әдістемелік жұмысы жоспар негізінде жүргізілді.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.
Міндеттері:
- цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ақпараттық технологияларды, Bilimland (imektep, itest) сайтының мүмкіндігін пайдалану;
- педагогтардың тәжірибесін тарату, өз білімін көтеру жұмыстарын жандандыру;
- авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;
- «Дарын» сайтына тіркелу, дарынды, қабілеті жоғары балалармен жұмысты жандандыру;
- PISA,TIMSS -халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын жетілдіру;
- жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;
- сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру. Оқытудың ақпараттық әдістерін сабақта тиімді пайдалану;
- ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту;
- педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:
ұжымдық: пәндік әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар;
топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар;
жеке: тәлімгерлік, өз бетімен білім алу.
Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқындаушы және таратушы.
Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың білім сапасын көтеру;
• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.
Мектептегі әдістемелік жұмыс жүйесі педагогтардың шығармашылық потенциалын дамытуға бағытталған озат іс-тәжірибелердің өзара байланысты іс-шаралар жүйесіне, оның шеберлігіне,білім беру деңгейінің өсуіне,оқушының дамуы мен тәрбиесіне негізделіп құрылған.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2023-2024 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер өз жұмысында мынандай міндеттер қойды:
- педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру;
- мұғалімдердің педагогикалық шығармашылық жұмыстарын дамыту;
- оқытудың мазмұнын жетілдіру, олардың нысандары,әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз ету;
- оқытуды оқу-әдістемелік әдебиеттермен және басқа құралдармен қамтамасыз ету;
- оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми-зерттеу нәтижелерін және педагогикалық-ақпараттық технологияны,озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және пайдалану.
- Әдістемелік кеңес, әдістемелік семинарлар.
- Әдістемелік бірлестіктер жұмысы.
- Пәндік онкүндіктер.
- Пәндік олимпиадалар мен байқаулар.
- «Жас маман» мектебінің жұмысы.
- «Озат тәжірибе» мектебінің жұмысы.
- «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамының жұмысы
- Педагог кадрлардың аттестаттау бойынша жұмысы.
- Білім жетілдіру шаралары.
Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 8 бірлестік арқылы жүзеге асырылады.
2025-2026 оқу жылында әдістемелік бірлестік жетекшілерінің құрамы:
1. Бастауыш сынып әдістемелік бірлестігі- М.Сүлейменова
2. Тарих, құқық негіздері, дінтану пәндер бірлестігі- Г.Жакенова
3. Қазақ тілі пәні бірлестігі- А.Утенова
4. Орыс тілі, ағылшын тілі пәндер бірлестігі- Г.Карекеева
5. Математика,информатика пәндер бірлестігі- Ж.С.Салқынбаева
6. Химия,биология, физика, география пәндер бірлестігі- Қ.Мамыраимова
7. Технология және өнер пәндері бірлестігі- З. Абдрасилова
8. Дене шынықтыру, АӘ ж ТД пәндер бірлестігі- А.Уалиев
ІІ. Педагог кадрлар туралы мәлімет
2025-2026 оқу жылында жалпы мұғалім саны 47. Жоғары білімді 46 мұғалім, 1 мұғалімнің білімі орта-арнаулы. / қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Курманалиева /.
Педагогикалық өтілі бойынша мәлімет
| 0-3 жыл | 4-10 жыл | 11-15 жыл | 16-20 жыл | 21-30 жыл | 31-35 жыл |
| 4 мұғалім | 12 мұғалім | 11 мұғалім | 6 мұғалім | 9 мұғалім | 6 мұғалім |
Интернат меңгерушісі мен тәрбиешілері бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылы
| Барлық педагогтар | Білімі | Біліктілік санаты | Жаңа үлгідегі біліктілік санаты | ||||||||||
| жоғары | арнаулы орта | жоғары | І | ІІ | cанаты жоқ | модератор | сарапшы | зерттеуші | шебер | ||||
| Интернат меңгерушісі | 1 | 1 | - | 1 С. Болатбаева | 0 | 0 | 0 | 0 | |||||
| Интернат тәрбиешілері | 1 /1/ | 2 | - | 1 Ибраимова Г 1 Сагатбеков Д | + 0 | 0 | 0 | 0 | |||||
| Барлығы | 3 | 3 | - | 3 | |||||||||
қорытындысы
2025-2026 оқу жылының басында интернатқа аудандық білім бөлімінің жолдамасы бойынша 25 бала қабылданды.
I- тоқсанда 25 бала.
ІІ-тоқсанда 1 бала кетті, 24 бала қалды.
ІІ-тоқсанды 24 баламен аяқтадық.
IІІ- тоқсанды 24 бала санымен аяқтадық.
ІV-тоқсанда 4 бала кетті, 20 бала санымен аяқтадық.
Сыныптар бойынша сандық мәлімет
| Тоқ сан | 0 Сынып | 1 Сынып | 2 Сынып | 3 Сынып | 4 Сы нып | 5 Сы нып | 6 Сы нып | 7 Сы нып | 8 Сы нып | 9 Сы нып | 10 Сы нып | 11 Сы нып |
| I | - | 1 | 1 | 3 | 1 | - | 2 | 2 | 4 | 6 | 3 | 2 |
| ІІ | - | 1 | 1 | 3 | 1 | - | 2 | 2 | 4 | 5 | 3 | 2 |
| ІІІ | - | 1 | 1 | 3 | 1 | - | 2 | 2 | 4 | 5 | 3 | 2 |
| ІV | - | 1 | 1 | 2 | 1 | - | 1 | 1 | 4 | 4 | 3 | 2 |
І- тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 6 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Демесін Әдемі ,9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
ІІ-тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,
11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
ІІІ -тоқсан бойынша үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1 оқушы, қорытылмайды. Қалған 18 тәрбиеленуші қанағаттанарлық. 9 а сынып Сарсенбай Бағдаулет, 7 а сынып Сарсенбай Нурислам уақытша аттестатталған жоқ.
2025-2026 оқу жылында үздік оқушы жоқ, 5 тәрбиеленуші екпінді, атап айтар болсақ, 8ә сынып оқушысы Ділдәбек Аружан, 9а оқушысы Бекен Зере, 9а оқушысы Талғатқызы Жанерке, 10а сынып оқушысы Бекен Алихан,11а оқушысы Түгелбай Айжан. 1 сыныпта 1оқушы қорытылмайды. Қалған 14 тәрбиеленуші қанағаттанарлық.
Қорытынды есеп бойынша интернат оқушыларының білім сапасы
| Тоқ сан | Оқу шы саны | Кел гені | Кет кені | Тоқсан аяғында оқушылар саны | Оқу үздігі | Оқу екпін дісі | Үлге рім сапасы | Білім сапа сы |
| I | 25 | - | - | 25 | - | 6 | 100% | 25% |
| ІІ | 25 | - | 1 | 24 | - | 5 | 100% | 22% |
| ІІІ | 24 | - | - | 24 | - | 5 | 100% | 24% |
| ІV | 24 | - | - | 4 | - | 5 | 100% | 26,3% |
Қазан айында «Даналық ұстаздан» атты челлендж түсірілді. «Бірлік пен берекенің бастауы- үлкенге құрмет, «Қоғамдық мүлікті қорға», «Отан тарихы
– кітап бетінде!» , «Республика күні – намысты ұландар», «Қауіпсіз мектеп- бақытты бала» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, «Күзгі асар» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Қараша айында «Әділ болу – өзіңе де, өзгеге де құрмет» , «Теңге тарихы - жауапкершілік сабағы», «Буллингтен қорған», «Өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілік» атты тәрбие сағаттары жүргізілді. «Жауапкершілік - баланың таңдау құқығын шектейме?» дебат өткізілді.
Желтоқсан айында «Бірге күресейік- болашағымыз үшін», «Ынтымақ түбі береке», «Бүгінгі күн- Тәуелсіздіктің жемісі», «Қауіпсіздік – ынтымақтан басталады» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Қош келдің, Жаңа жыл-2026!» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Қаңтар айында «Буллингтен қорған», «Бүгінгі тәртіп - ертеңгі амандық», "Сенімділік-сәттіліктің кепілі", «Қауіпсіз қоғам!» , тақырыптарында тәрбие сағаттары жүргізілді.
Ақпан айында «Жаңашылдық – болашақтың кілті», «Оқы, ойлан, жаңашыл бол!», «Шын жүректен кітап сыйла!» челенджі, «Тарих үнсіз емес: Ауған соғысының сабағы», «Ойдағы өзгеріс – өмірдегі қауіпсіздік» , «Жаңару кезеңіндегі қауіпсіздік» атты тәрбие сағаттары өткізіліп,«Жасампаздық-туа біте ме, әлде қалыптаса ма?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды.
Наурыз айында «Ана мен Отан – егіз ұғым» тәрбие сағаты, «Ананың аялы алақаны» атты челендж, «Салт-дәстүр – елдігіміздің айнасы» , «Наурыз – жыл басы» атты тәрбие сағаттары өтті
Сәуір айында «Жер үшін жауапкершілік – әр азаматтың міндеті», «Ізденіс пен еңбек – ғылымға бастар қадам», «Ғарыштық технологиялар және болашақ», «Мәдениет пен еңбек – ел абыройы» , «Табиғатты аялау – жауапты еңбектен басталады» тәрбие сағаттары ,«Менің туған өлкем» тақырыбында интернат тәрбиеленушілерімен ескерткіштерге саяхат жасады.
Мамыр айында «Халықтар достығы- ұлт байлығы»,«Отан қорғау – қасиетті борыш» ерлік сағаты , «Халықтың ерлігі ғасырлар бойы өмір сүреді!», «Мәңгілік құндылық — отбасы»атты тәрбие сағаттары өткізіліп, «Демалыс кезіндегі қауіпсіздік»тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Сонымен қатар тәрбиешілер үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізеді.
Мақсаты: үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру. Балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу. Үлгерімі төмен оқушылардың оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әріпті дұрыс жазу мен оқуын қалыптастыру.
Үлгерімі төмен әр сыныпта кездеседі: 2 «А» сынып Ділдәбек Ақнұр, 3 «А» сынып Қажығали Айсұлтан, 4«А» сынып Мұхтарұлы Расул, 6«Ә» сыныптан Қажығали Ерназар, 8 «Ә» сыныптан Қажығали Батырхан, 8 «А» сыныптан Сарсенбай Бақдаулет.
Оқу жылының басында тәрбиешілер жоспар құрып,үлгермеуші оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізді. Жүргізілген сабақтар барысында әріптің, цифрдың дұрыс жазылуы, буындап оқу, сөзді толық оқу, есептің шартын жазу,шешуін табу, жауапты қайталау дағдыларын қалыптастыру мақсатында күнделікті сабақта оқушыларға жеке тапсырмалар беріліп отырады. Өздігінен жұмыс істеу барысында қателерін түзетуге оқушылармен жыл бойы жұмыс жасалды. Өздігінен жұмыс істеуде қателерін түзетуге жеңіл тест, кесте түрінде тапсырмалар берілді. Күш салып орындаған жұмыстарының дұрыс жерін айтып, мақтау сөздер айтылып отырады.
Білім сапасы бойынша интернат тәрбиеленушілердің білім сапасы төмен көрсеткішті көрсетіп отыр. Себебі, тәрбиеленушілердің жыл сайын ауысып отыруы білім сапасына кері әсерін тигізіп отыр. 1 оқушы ерекше білімді қажет етеді. Үлгермейтін оқушылардың қатарындағы ерекше білімді қажет ететін 8 сынып оқушысы Қажығали Батырханмен мектептің арнайы мамандары жұмыс жүргізеді. Мухтарұлы Расул, Қажығали Айсұлтан , Ділдәбек Ақнұр дыбыстарды дұрыс айтпауына, оқу, жазу дағдыларының бұзылуына байланысты дефектолог жұмыс жүргізеді.
| Барлық педагогтар | Білімі | Біліктілік санаты | Жаңа үлгідегі біліктілік санаты | Жас маман | ||||||||||
| жоғары | арнаулы орта | жоғары | І | ІІ | cанаты жоқ | модератор | сарапшы | зерттеуші | шебер | |||||
| Мұғалімдер | 48 | 47 | 1 | 0 | 0 | 0 | 12 | 12 | 17 | 5 | 0 | 2 | ||
| Барлығы | 48 | 47 | 1 | 0 | 0 | 0 | 12 | 12 | 17 | 5 | 0 | 2 | ||
ІІІ. Біліктілік арттыру курс бойынша мәлімет
Сертификатталған мүғалімдердің сабақ беру деңгейінің мониторингісін бақылау
Мектеп бойынша 10 мұғалім сертификатталған және мектепішілік «Тәжірибедегі рефлексия» курсынан 16 мұғалім өтті.
- Алпысбаева Асель Калиевна,бастауыш сынып мұғалімі – Өрлеу АҚ филиалы Тиімді оқыту" бағдарламасы бойынша 3 деңгей . 06.06.2015 жыл;
- Утенова Айткүл Нурахметовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- "Тиімді оқыту"ТО № 003156 III базалық деңгей бағдарламасы (Сертификат) ТО № 000305 2016 жыл.
- Барлыбаева Динара Досжановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-ҚР-сы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары Аясында ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курсы 03.02-02.05.2013 М-ІІІ-№006574.
- Дуйсенбаева Дина Базарбаевна,математика пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады ПШО филиалы Талдықорған қаласы 2014 ж ; "Мұғалім тәжірибесіндегі зеттеу"педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндедегі мектеп тренерлерінің курсын аяқтады.
- Салкынбаева Жазира Сагадиевна,математика пәнінің мұғалімі- ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы 2013 ж сертификат №0002893.
- Турсунбаева Назгуль Жарасовна,информатика пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады ПШО филиалы Талдықорғанқаласы 2014 ж сертификат ІІІ №0010672
- Жакенова Гульмира Темирхановна ,тарих пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың "Педагогикалық қоғамдастығы мұғалім көшбасшылығы" білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады,ПҚМҚ №000565 2016 жыл
- Сарыбаева Баян Даутбековна,физика пәнінің мұғалімі - Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың "Тиімді оқыту"білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. ІІІ деңгей 2019 жыл 27 желтоқсан.№007643
- Абилкаирова Роза Искаковна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-1. Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы , 30 қараша 2015 ж. Сертификат 0008037; 2."Тәжірибедегі рефлексия " жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерінің оқыту курсы. 08.07.2016 Сертификат 003501
| Мұғалімнің аты-жөні | пәні | қызметі | санаты | деңгейі | өткен уақыты |
| 1 | Асылбекова Гулжанат Акболатовна | география | директор | санаты жоқ | мектеп басшысы | 06.02.2017 |
| 2 | Алпысбаева Асель Калиевна | бастауыш сынып мұғалімі | мұғалім | педагог-сарапшы | ІІІ (базалық) І (ілгері) | 06.06.2015 жыл 19.03.2021ж. |
| 3. | Утенова Айткүл Нурахметовна | қазақ тілі | мұғалім | педагог-зерттеуші | ІІІ (базалық) | 2016 жыл. |
| 4. | Барлыбаева Динара Досжановна, | қазақ тілі мен әдебиеті | мұғалім | педагог-сарапшы | ІІІ (базалық) | 03.02-02.05.2013 |
| 5. | Дуйсенбаева Дина Базарбаевна | математика | мұғалім | педагог-сарапшы | ІІІ (базалық) І (ілгері) | 2014 ж 19.03.2021 |
| 6. | Турсунбаева Назгуль Жарасовна | информатика | мұғалім | педагог-модератор | ІІІ (базалық) | 03.02-02.05.2013 |
| 7. | Жакенова Гульмира Темирхановна | тарих | мұғалім | педагог-сарапшы | І (ілгері) | 2016 жыл |
| 8. | Салкынбаева Жазира Сагадиевна | математика | мұғалім | педагог-зерттеуші | ІІІ (базалық) | 2013 ж |
| 9. | Сарыбаева Баян Даутбековна | физика | мұғалім | педагог-сарапшы | ІІІ (базалық) | 2019 жыл 27 желтоқсан. |
| 10. | Абилкаирова Роза Искаковна | ағылшын тілі | мұғалім | педагог-зерттеуші | І (ілгері) | 30 қараша 2015 ж 08.07.2016 |
| Әкімшілік ӘБ | Мұғалімдердің саны | Санаты | Деңгейлік курс | Мұғалімнің аты-жөні | |||
| Санаты жоқ | ІІ санат модератор | І санат сарапашы | жоғары зерттеуші | ||||
| Қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі пәндер бірлестігі | 3 | 2 | 1 | І деңгей ІІІ деңгей ІІІ деңгей | Р.Абилкаирова А.Утенова Д.Барлыбаева | ||
| Математика, информатика пәндер бірлестігі | 3 | 3 | ІІІ деңгей, І деңгей ІІІ деңгей ІІІ деңгей | Д.Дуйсембаева Ж.Салқынбаева Н.Тұрсынбаева | |||
| Тарих, құқық,өзін-өзі тану пәндер бірлестігі | 1 | 1 | І деңгей | Г.Жакенова | |||
| Химия, биология, география физика пәндер бірлестігі | 2 | 1 | 1 | басшылық ІІІ деңгей | Г.Асылбекова Б.Сарыбаева | ||
| Бастауыш сынып пәндер бірлестігі | 1 | 1 | ІІІ деңгей, І деңгей | А.Алпысбаева | |||
| 10 | 1 | 1 | 7 | 1 | 10 | ||
| «Тәжірибедегі рефлексия» мектепішілік курсы 16 мұғалім | |||||||
- Сүлейменова Марал, Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Талдықорған қаласындағы жаратылыстану –математика бағ «Жалпы білім беретін мектепте білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында 80 сағат 16.03.2026
- Есшан Бота, Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Талдықорған қаласындағы жаратылыстану –математика бағ «Жалпы білім беретін мектепте білім алушыларды психологиялық сүйемелдеу» тақырыбында 80 сағат 16.03.2026
- Асылбекова Гүлжанат Акболатовна, «Өрлеу» біліктілік арттыру ұлттық орталығы» «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын жүзеге асырудағы жаңа тәсілдер: мақсаттан күтілетін оқу нәтижесіне жету. «География» 30.03-10.04.2026ж . тіркеу нөмірі 0900570
- Басанова Арайлым , Назарбаев зияткерлік мектептері «ДББҰ пелагоикалық шеберлік орталық «Негізгі мектепте STEM ОҚЫТУ, ТИІМДІ ПРАКТИКА» тақырыбы бойынша 80 сағ № 179664 03.10.20525
- Манас Арайым, Назарбаев зияткерлік мектептері «ДББҰ пелагоикалық шеберлік орталық « Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» 80 сағ №179689 күні 03.10.25
- Ибраимова Гүлім, Назарбаев зияткерлік мектептері «ДББҰ пелагоикалық шеберлік орталық «Бастауыш мектепте инклюзивті білім беру тәжірибесі» 80 сағ №179688 күні 03.10.25
- Уаливе Азамат, ҚР Оқу – ағарту министрлігі «ұлттық ғылыми практикалық дене шынықтыру орталығы»РМҚК
2025-2026 оқу жылында мектептің педагог қызметкерлері «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» ережесімен таныстырылды.
"Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 25 ақпандағы № 32 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 ақпанда № 35751 болып тіркелді бұйрықтарының жалпы ережелерімен таныстырылды.
2025-2026 оқу жылында аттестатталушылардың кезекті аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдердің тізімі
- Болатбаева Сандуғаш, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау
- Джакупбекова Клара , педагог-дефектолог- кезекті аттестаттау.
- Бакеева Ляйля , педагог-ұйымдастырушы- кезекті аттестаттау.
- Алпысбаева Асел, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау
- Ибраимова Гүлім, интернат тәрбиешісі - кезекті аттестаттау
- Мамраимова Кымбат, география пәнінің мұғалімі – кезектен тыс аттестаттау
- Басанова Арайлым, қазақ тілі мұғалімі кезекті аттестаттау
- Манас Арайлым, бастауыш пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау
- Шайкова Сабира, химия биология пәнінің мұғалімі- кезекті аттестаттау
- Сүлейменова Марал, педагог- психолог - кезекті аттестаттау
| № | Аты-жөні | пәні | Қазіргі санаты | Өтініш берген санаты |
| 1 | Джақыпбекова Клара | логопед | педагог | Педагог-модератор |
| 2 | Шаикова С | химия | педагог | Педагог-модератор |
| 3 | Бакеева Л | Ұйымдастырушы | педагог | Педагог-модератор |
| 4 | Алпысбаева А | Бастауыш сынып мұғалім | Педогог – сарапшы | Педагог – зерттеуші |
| 5 | Сүлейменова М | психолог | Педогог | Педагог-модератор |
| 6 | Манас Арайлым | Бастауыш сынып мұғалім | педагог | Педагог-модератор |
| 7 | Ибраимова Г | Бастауыш сынып мұғалім | Педогог | Педагог-модератор |
| 8 | Болатбаева С | Бастауыш сынып мұғалім | Педогог | Педагог-модератор |
| 9 | Басанова Арайлым | Қазақ тілі мұғалімі | Педогог | Педагог-модератор |
| № | Аты-жөні | пәні | Қазіргі санаты | Өтініш беретін санаты |
| 1 | Мамыраимова Қ | география | Педагог-модератор | Педагог-сарапшы |
Жалпы мұғалім саны: 48
Оқу жылының басында педагог-зерттеуші -6 мұғалім болды, екінші жартыжылдықты - 5 мұғалім қалды %
Педагог-сарапшы-16 мұғалім %
Педагог-модератор- 15 мұғалім %
Санаты жоқ – мұғалім % құрады.
ЖАЛПЫ ҮЛЕСІ: %
V.Педагог кадрларлардың жетістіктері
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
Мұғалімдер жетістіктері 2025- 2026 оқу жылы
2025-2026 оқу жылында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасының аудандық кезеңінде Салкинбаева Жазира Сагадиевна және Дуйсенбаева Дина Базарбаевна ІІІ орындарды иеленді.
2025 жылдың 12- ақпанында өткен аудандық Педагогикалық идеялар фестивалі конкурсынан Басанова Арайлым Талғатқызы 1- орынға ие болды және облыстық кезеңге жолдама алып, республикалық кезеңге өтті.
І дәрежелі Диплом Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық “Алтын Тұғыр” математикалық олимпиадасының аудандық кезеңінің жеңімпазы Манас Арайлым иеленді.
Бастауыш сыныптар арасында өткен математикалық регата олимпиадасының аудандық кезеңінде ІІІ орынды иеленді.
География пәні мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіру және педагог мәртебесін арттыру мақсатында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде Мамраимова Кымбат Избасарқызы III орынды иеленгенді.
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің арасында өткен пән олимпиадасының аудандық кезеңінде I орын, Танкакова Гульжан Карекеевна. Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық олимпиадасында II орын иеленді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңінде «Сабақ аяқталған соң...» бағыты бойынша ІІІ орын, Есентаева Нурзия Бектемисовна иеленді.
Адильбекова Райхан «Үздік бастауыш» конкурсына қатысып Алғыс хатпен марапатталды.
VI. Оқушылардың жетістіктері
Республикалық, облыстық, аудандық ғылыми жобалар жүлдегерлері
1.Бекен Халима 7 cынып оқушысы аудандық «Зерде» зерттеу жобасының ІІІ орын иегері, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
2. Шәріпхан Айзере , Тоқтабек Рауза 8 сынып оқушылары «PROECO» экологиялық жобадан аудандық І орын иегері атанып облыстық кезеңнен 1 орынды иеленіп республикалық кезеңге жолдама алды, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
3. Қошақан Жігер 10 сынып оқушысы «Менің Қазақстаным: өйткені, бүгінгі болашағым» атты тарихи - ғылыми жобалар байқауының «Тарих және егемендік» бағыты бойынша ІІ орын иегері, жетекшісі Сагимбетов Арманбек Хасенович
Облыстық пән олимпиадасының жүлдегерлері.
- Орыс тілі пәні бойынша 10 сынып оқушысы Мендіхан Ақжан
- Биология пәнінен 7 «А» сынып оқушысы Есмұрат Еркежан
- Математика пәнінен 4 сынып оқушысы Бейсенханұлы Елнұр
Аудандық пән олимпиадасының І орын жүлдегерлері
10 сынып оқушысы Мендіхан Ақжан, жетекшісі Көзтай Азиза Сәрсенқызы
7 сынып оқушысы Есмұрат Еркежан, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
4 сынып оқушысы Бейсенханұлы Елнұр, жетекшісі Баятбек Жансая
9 сынып оқушысы Нұрболқызы Аяла , жетекшісі Жұмабекова Қарғаш Сериковна
Аудандық пән олимпиадасының ІІ орын жүлдегерлері
10 сынып оқушысы Тәттіғали Махамбет, жетекшісі Мамраимова Кымбат Избасаровна
9 сынып оқушысы Қызылбай Нұрай, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
8 сынып оқушысы Қауысбек Азамат, жетекшісі Сарыбаева Баян Дауытбековна
7 сынып оқушысы Молдағалым Амир, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
7 сынып оқушысы Салтанат Аруна, жетекшісі Салқынбаева Жазира Сагадиевна
6 сынып оқушысы Садық Ділнәз, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
5 сынып оқушысыБейсенханқызы Іңкәр, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
5 сынып оқушысы Ақсамбай Раяна, жетекшісі Мамраимова Кымбат Избасаровна
2 сынып оқушысы Сарсен Айбар, жетекшісі Калиева Альмира Мухитовна
Аудандық пән олимпиадасының ІІІ орын жүлдегерлері
11 сынып оқушысы Мырзан Айтолқын, Сагимбетов Арманбек Хасенович
10 сынып оқушысы Нұрман Жанерке, Абылкаирова Роза Искаковна
10 сынып оқушысы Айтен Назгүл, жетекшісі Сарсенбаев Қанат Саматұлы
9 сынып оқушысы Бекен Зере, жетекшісі Жакенова Гульмира Темерхановна
9 сынып оқушысы Сүлеймен Нурсая, жетекшісі Абылкаирова Роза Искаковна
9 сынып оқушысы Құмарбекқызы Айсұлу, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
8 сынып оқушысы Сағади Биболат, жетекшісі Тұрсынбаева Назгүл Жарасовна
7 cынып оқушысы Бекен Халима, жетекшісі Утенова Айткүл Нұрахметовна
6 cынып оқушысы Сатыберген Мейіржан, жетекшісі Дүйсенбинова Дина Базарбаевна
5 cынып оқушысы Талас Аруна, жетекшісі Танкакова Гүлжан Карекеевна
5 cынып оқушысы Біржанұлы Батыржан, жетекшісі Абай Абылай
3 сынып оқушысы Бекен Исраил, жетекшісі Канапиянова Айгерим Нургалиевна
2 сынып оқушысы Ержанұлы Өжет, жетекшісі Алпысбаева Асел Калиевна
2 сынып оқушысы Қызылбай Мұхаммеджан, жетекшісі Алпысбаева Асел Калиевна
Түрлі пәндік жарыстардан орын алған оқушылар
«XXI ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының аудандық кезеңнің ІІІ орын жеңімпазы 11 сынып оқушысы Қауысбек Айсұлу
7-8 сыныптар арасына арналған облыстық «Zhylandy open» математикалық турнирінің жеңімпазы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Салтанат Аруна
5-6 сыныптар арасындағы математикалық турнир жеңімпазы ІІІ дәрежелі диплом иегерлері Сатыберген Мейіржан
Робататехника аудан мектептері арасынан «Арқан тартыс» номинациясыны бойынша І орын иеленген оқушылар Айқын Алғыр 10 сынып оқушысы, Сәлімбай Айзере 5 сынып, жетекшісі Тұрсынбаева Назгүл
Далабай Нұрасыл Серікжанұлы:
1. Қазақстан Республикасының 30 жылдығына арналған "Балалар шығармашылығындағы Конститутция" атты республикалық сурет байқауына белсене қатысқаны үшін Алғыс хатымен марапатталған - Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бисенбаев, 2025 жыл
2. «Бояулар сыр шертеді» аудандық сурет байқауының 1 орын иегері – Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
3. Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында өткен аудандық «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми шығармашылық байқауының «Иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша жүлделі ІІ орын иегері - Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
4. «Мен жастарға сенемін» атты қоғамдық ұйымның ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мектеп оқушылары арасында «Желбіре, жеңіс жалауы!» атты республикалық байқаудың 1 орын иегері – Директор Е.Ахан 2026 жыл
5. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана деген – тіршілік тірегі» атты жас суретшілер байқауының 3 орын иегері - Көксу ауданның білім бөлімінің басшысы Қ.Ж.Кузбаев, 2026 жыл
Мектебіміздің мәртебесін көтеріп, облыстық, аудандық оқулардан жүлделі орын алған оқушылар
Облыстық Махамбет оқулары Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы, жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Аудандық Әбіш оқулары Құмарбекқызы Айсұлу ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Далабай Нұрасыл ІІІ орын жүлдегері, жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Тоқаев оқулары Қауысбек Айсұлу 11 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Барлыбаев Динара Досжанқызы
Аудандық Мұқағали оқуларының ІІІ орын жүлдегері 8 сынып оқушысы Нұрман Балнұр ІІІ орын, жетекшісі Құрманалиева Жадыра Құрманғазықызы
Аудандық Ілияс оқуларының ІІ орын жүлдегері 9 сынып оқушысы Шалқарқызы Гаухар, жетекшісі Құрманалиева Жадыра Құрманғазықызы
Мәшһүр Жүсіп оқуларынан Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Нұрахметқызы
Мұрат Төленбайұлының өлеңдерін жатқа оқу байқауы Құмарбекқызы Айсұлу 9 сынып оқушысы ІІІ орын жүлдегері , жетекшісі Утенова Айткуль Н
Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!
Бүгінгі «Үздіктер шеруінде» мектебіміздің намысын қорғап, спортта жоғары жетістіктерге жеткен оқушыларымызды атап өту біз үшін үлкен мақтаныш.
Спорт – тек жеңіс емес, ол табандылықтың, тәртіптің, еңбек пен жігердің белгісі. Біздің спортшылар жарыстарда өздерінің мықтылығын дәлелдеп қана қоймай, мектеп абыройын асқақтатты.
І. АУДАНДЫҚ жарыстар
| № | Жарыс атауы | Алған орны | Сынып | Секция жетекшісі |
| 1 | Футболдан өткен жарыста қыздар командасы | І-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 2 | Футболдан өткен жарыста ұлдар командасы | ІІІ-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 3 | Футзалдан өткен аудандық жарыста қыздар командасы | І-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы, |
| 4 | Футзалдан өткен аудандық жарыста ұлдар командасы | І-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы, |
| 5. | Футзалдан өткен аудандық жарыста ұлдар командасы, | І -орын | 7-8 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 6. | Футзалдан өткен аудандық жарыста қыздар командасы | І -орын | 7-8 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 7 | Футзалдан өткен аудандық жарыста ұлдар командасы | ІІІ-орын | 5-6 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| № | Жарыс атауы | сынып | Пән мұғалімі |
| 1 | Аудандық «Жас ұлан» байқауында ІІ –орын иеленді | 9-11 сынып | Жаманкаранов Ерик Кабдолданович |
| № | Жарыс атауы | Алған орны | Сынып | Секция жетекшісі |
| 1 | Футболдан өткен облыстық жарыста қыздар командасы | І-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 2. | Футзалдан өткен аудандық жарыста қыздар командасы | І-орын | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| 3. | Футзалдан өткен аудандық жарыста ұлдар командасы, | ІІІ-орын | 7-8 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы |
| № | Жарыс атауы | сынып | Секция жетекшісі |
| 1 | Кіші футболдан өткен облыстық жарыста қыздар командасы ҮІ-орын иеленді, | 7-8 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы, |
| 2 | Кіші футболдан өткен облыстық жарыста қыздар командасы ҮІІІ-орын иеленді, | 9-11 сынып | Малдыбаев Мурат Жебегнович Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы, |
«Жас маман» мектебі бойынша атқарылған жұмыстардың
жылдық есебі
Оқу жылы: 2025-2026 оқу жылы
Жалпы мәліметтер
- Жас мамандар: оқу жылының басында 3–Манас Арайлым, бастауыш сынып мұғалімі,Басанова Арайлым, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Тоқтар Сандұғаш, математика пәнінің мұғалімі.Оқу жылының соңында 2- Манас Арайлым, бастауыш сынып мұғалімі, Рысбеков Алмас математика пәнінің мұғалімі.
- Тәлімгерлер: Алпысбаева Асель Калиевна, бастауыш сынып мұғалімі, Утенова Айткүл Нұрахметовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Салкынбаева Жазира Сагадиевна, математика пәнінің мұғалімі.
| № | Аты-жөні | Пәні | еңбек өтілі | Тәлімгер | еңбек өтілі | Пәні |
| 1 | Басанова Арайлым Талгатовна | қазақ тілі пәнінің мұғалімі | 2 жыл | Утенова Айткуль Нурахметовна | 18 жыл | Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші |
| 2 | Тоқтар Сандуғаш | математикапәнінің мұғалімі | 10 ай | Салкынбаева Жазира Сагадиевна | 29 жыл | Математика пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші |
| 3 | Манас Арайлым | Бастауыш сынып мұғалімі | 2 жыл | Алпысбаева Асель Калиевна | 21 жыл | Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы |
| № | Аты-жөні | Пәні | еңбек өтілі | Тәлімгер | еңбек өтілі | Пәні |
| 1 | Рысбеков Алмас | Математика пәнінің мұғалімі | 1 жыл | Салкынбаева Жазира Сагадиевна | 29 жыл | Математика пәнінің мұғалімі,педагог-зерттеуші |
| 2 | Манас Арайлым | Бастауыш сынып мұғалімі | 2 жыл | Алпысбаева Асель Калиевна | 21 жыл | Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы |
2025-2026 оқу жылының ІІ жартыжылдығында тәлімгерлік жұмысы бекітілген даму жоспарына және мектеп әкімшілігінің бұйрықтарына сәйкес жүргізілді.
- Мақсаты: Жас мамандардың кәсіби бейімделуіне көмектесу, педагогикалық шеберлігін арттыру және әдістемелік қолдау көрсету.
- Құжаттамамен жұмыс: Күнделікті сабақ жоспарын (ҚМЖ) құру, bilimclass.kz жүйесімен жұмыс, критериалды бағалау (БЖБ/ТЖБ) ережелерін меңгеру.
- Оқу-әдістемелік жұмыс: Жас мамандардың сабақтарына қатысу және талдау жасау. Белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін енгізу.
- Тәрбие жұмысы: Сынып жетекшілігі бойынша құжаттарды толтыру, ата-аналармен жұмыс жасау әдістемесі.
- ҚР Оқу-ағарту министрлігінің №130 бұйрығы негізінде қысқа мерзімді жоспарларды (КСП) сапалы құруды жетілдіру.
- Сабақтарда критериалды бағалау жүйесін, дескрипторларды нақты құруды және оқушыларға тиімді кері байланыс (коучингтік тәсілдермен) беруді үйрету.
- Мектепшілік және аудандық іс-шараларға, кәсіби байқауларға жас мамандарды тарту.
1. Сабақтарды жоспарлау және құжаттамамен жұмыс
Тәлімгерлер тарапынан жас мамандарға КСП әзірлеу бойынша жүйелі кеңестер берілді.
- Сабақ мақсаттарын (SMART форматында) дұрыс қою, сабақ барысында уақытты тиімді басқару (Classroom Management) және оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай белсенді әдістерді (мысалы, «Ойлан-Жұптас-Бөліс») таңдау жолдары пысықталды.
- қазақ тілі сабақтарындағы мәтінмен жұмыс, мәтінді сыни тұрғыдан талдау құралдары (ИНСЕРТ, Қосжазба күнделігі) және оқушыларды мемлекеттік емтихандарға (эссе жазуға) дайындаудың алғашқы алгоритмдері талқыланды.
Жартыжылдық бойы тәлімгерлер мен жас мамандар арасында сабақтарға өзара қатысу картасы бекітіліп, іске асырылды:
- Тәлімгерлер жас мамандардың сабақтарына қатысып, БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, дескрипторлар арқылы оқушы еңбегін нақты бағалау бойынша әдістемелік түзетулер (коррекция) енгізді.
- Жас мамандар тәлімгерлердің сабақтарына қатыса отырып, үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыс папкасын жүргізуді және дарынды балалармен олимпиада резервтерін дайындау әдістемесін іс жүзінде көрді.
Мектептегі цифрландыру бағытына сәйкес, жас мамандар сабақта интерактивті платформаларды қолдануды үйренді:
- сабақтың бекіту және рефлексия кезеңдерінде Wordwall, Quizizz бағдарламаларын қолданып, оқушылардың пәнге деген ынтасын арттырды.
ІІ жартыжылдықта жас мамандардың кәсіби өсуінде белгілі бір кедергілер анықталып, оларды жою жұмыстары жүргізілді:
- Қиындық: Мектеп оқушыларының аргументті эссе жазу дағдыларының төмендігі жас мамандардың сабақ өту барысында қиындық тудырды.
- Шешімі: Тәлімгерлер мен Г.К. Танкакова жас мамандарға эссе құрылымын (кіріспе, тезис, аргумент, қорытынды) оқушыға қарапайым тілмен үйретудің қадамдық нұсқаулығын әзірлеп берді.
- Қиындық: Үлгерімі төмен оқушылармен және үйде білім алатын балалармен жұмыс жоспарларын критериалды бағалаумен ұштастыру.
- Шешімі: Жас мамандарға арналған арнайы бейімделген тапсырмалар мен дескрипторлар үлгілері жинақталған әдістемелік папка әзірленді.
ІІ жартыжылдықтың қорытындысы бойынша жас мамандар мектептің оқу-тәрбие үдерісіне сәтті бейімделіп, өздерінің педагогикалық базасын қалыптастырды.
Келесі оқу жылына (2026-2027) қойылған міндеттер:
- Баспасөзбен жұмыс: Жас мамандардың іс-тәжірибелерін жинақтап, аудандық және республикалық педагогикалық басылымдарда бірлескен авторлықта мақалалар жариялау.
- Функционалдық сауаттылық: Сабақ жоспарларына PISA және ОЖСБ (ОБЖМ) бағытындағы мәтіндік және логикалық тапсырмаларды көбірек интеграциялау.
- Портфолио жинақтау: Келешектегі аттестаттау кезеңдеріне (Педагог-модератор санатына) қажетті құжаттар мен жетістіктер базасын ерте бастан жүйелеу.
Бастауыш сынып мұғалімі Манас Арайлым бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткізілген аудандық пәндік олимпиадасында жүлделі 1-ші орынға ие болды. «Алтын тұғыр» олимпиадасынан аудандық кезеңінен 1 орын алып, облыстық кезеңіне қатыстым. «Дарынды балаға-талантты ұстаз» байқауына қатысты.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Басанова Арайлым Талатқызы педагогикалық идеялар байқауына «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша қатысты. Байқауға ұсынған жұмысымда пәнді оқытудағы шығармашылық көзқарас, заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану, оқушылардың тілдік және әдеби-танымдық құзыреттіліктерін дамытуға бағытталған педагогикалық идеялар қамтылды.
Байқаудың аудандық кезеңінде ұсынған педагогикалық тәжірибе әділқазылар тарапынан жоғары бағаланып, жүлделі І орынға ие болып, облыстық кезеңге жолдама алды. Аудандық кезең барысында жұмысымның өзектілігі, әдістемелік негізділігі және тәжірибеде қолдануға лайықтылығы ерекше атап өтілді.
Облыстық кезеңде де байқау талаптарына сай жүйелі дайындық жүргізіліп, педагогикалық идея мазмұны тереңдетіле түсті. Сабақта қолданылатын әдістердің тиімділігі, оқушы белсенділігін арттыру жолдары, шығармашылық тапсырмалар мен нәтижеге бағытталған оқыту тәсілдері нақты дәлелдермен көрсетілді. Нәтижесінде облыстық кезеңнен де жүлделі І орынды иеленді.
Біліктілікті арттыру курсы туралы ақпарат
Басанова Арайлым
- 2025 жылғы қараша айында 80 сағат көлемінде «Негізгі мектепте SREAM оқыту: тиімді практика» тақырыбы бойынша «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтті.
- Мектепшілік «Ұшқыр ой алаңы» жобасы
Рысбеков Алмас
8.05.2026 ж. өткен аудандық «Жалынды жастар» жас мамандар слетінде ән байқауы бағыты бойынша жүлделі 3 орын иеленді
.
1. S — Strengths (Күшті жақтары)
- Жоғары білікті тәлімгерлік құрам: Жас мамандарға бағыт-бағдар беретін тәлімгерлердің жоғары санатты болуы
- Жас мамандардың жоғары уәждемесі (мотивациясы): кәсіби дамуға деген құштарлығы, жаңа әдіс-тәсілдерді жылдам меңгеруге талпынысы.
- Цифрлық сауаттылық және заманауи трендтер: Жас мамандардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (Wordwall, Quizizz, Kahoot) еркін меңгеруі.
- Алғашқы кәсіби табыстар: Жас мамандардың аудандық «Педагогикалық идея» байқауларына қатысып, жүлделі орындар (ІІІ орын) иеленуі.
- Тұрақты мониторинг жүйесі: Жас мамандардың сабақтарына қатысу және оларға дер кезінде әдістемелік кері байланыс (коучинг форматында) беру процесінің жолға қойылуы.
- Сыныпты басқару (Classroom Management) дағдыларының жеткіліксіздігі: Сабақ барысында уақытты тиімді басқарудағы қиындықтар (әсіресе сабақтың бекіту және рефлексия кезеңдерінде уақыттың жетпей қалуы).
·Педагогикалық басылымдардағы белсенділіктің төмендігі: Жас мамандардың өз іс-тәжірибелері бойынша аудандық, облыстық және республикалық басылымдарда мақала жарияламауы.
·Құжаттама жүргізудегі қиындықтар: Үлгерімі төмен (үлгермеуші) оқушылармен және ерекше білім беруді қажет ететін (ЕББҚ) балалармен жеке жұмыс папкаларын жүйелеуде жүйеліліктің жетіспеуі.
3. O — Opportunities (Мүмкіндіктер)
- Бірлескен авторлықта мақала жариялау: Тәлімгер мен жас маманның бірлескен жұмыстары негізінде республикалық ғылыми-әдістемелік журналдарда мақалалар жариялап, озық тәжірибені тарату.
- Шеберлік сыныптары мен коучингтер: Жас мамандардың өздері меңгерген жаңа технологиялар (мысалы, ЖИ құралдарын сабақты жоспарлауда қолдану) бойынша мектепшілік семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізуіне мүмкіндік беру (бұл олардың өзіне деген сенімділігін арттырады).
- Жеке даму жоспарын (IDP) енгізу: Әр жас маманның әлсіз тұстарын жоюға бағытталған жеке кәсіби даму траекториясын құру.
- PISA және ОЖСБ тапсырмаларын құрастыруды үйрену: Тәлімгердің көмегімен сабаққа функционалдық сауаттылықты дамытатын контекстік тапсырмаларды көбірек кіріктіру.
- Эмоционалдық жану (burnout) қаупі: Алғашқы жылдардағы жүктеменің көптігінен, құжаттамалық жұмыстар мен сабаққа дайындықтың тығыздығынан жас мамандардың кәсіби тұрғыдан тез шаршауы.
- Аттестаттаудан өту талаптарының қиындауы: Жас мамандардың кәсіби жетістіктері мен портфолиосын ерте бастан дұрыс жинақтамауы келешекте "Педагог-модератор" санатын алу мерзімін кешіктіруі мүмкін.
Жас мамандар мектебінің жұмысын дамыту және анықталған әлсіз тұстарды жою мақсатында келесі іс-шаралар кешені ұсынылады:
- Әдістемелік қолдау: Тәлімгерлер жас мамандарға арнап «Критериалды бағалау және дескрипторларды дәл құрастыру» және «Қазақ тілі сабағында эссе жазу әдістемесі» тақырыптарында микро-семинарлар сериясын өткізуі тиіс.
- Тәжірибе тарату: Жас мамандардың келесі оқу жылында кемінде 1 мақаладан баспасөз беттерінде жариялауын қадағалау.
- Ашық есік күндері: Жас мамандардың сабақтарына мектеп әкімшілігі мен басқа бірлестік жетекшілерінің қатысуын ұйымдастырып, олардың сыныпты басқару дағдыларын бағалау және психологиялық қолдау көрсету.
- Рефлексия: «Жас мамандар мектебінің» отырысында осы SWOT талдау нәтижелерін талқылап, келесі оқу жылының жұмыс жоспарына өзгертулер енгізу.
- Өздігінен білім алу тақырыптарын тереңдету.
- Цифрлық ресурстарды, ЖИ сабақта қолдануды арттыру.
Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.
- Есентаева Нурзия «Сыни тұрғыдан ойлау - функцианалдық сауаттылық негізінде» аудандық семинарда өз іс- тәжірибесімен бөлісті. 2026 жыл
- Адильбекова Райхан каникулдық мектеп бастауыш сыныпқа арналған Сыни тұрғыдан ойлау - функцианалдық сауаттылық негізінде» аудандық семинарда өз іс- тәжірибесімен бөлісті. 2026 жыл
- Информатика пәні мұғалімі, Турсунбаева Назгуль Жарасовна «Тиімді цифрлық платформаларды қолдану жолдары» тақырыбында аудандық семинарда өз іс- тәжірибесімен бөлісті. 2025 жыл
Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күні мерекесіне орай «Тіл-өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында 05.09.2025 -12.09.2025 аралығында мектепішілік апталықтың өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Апталықтың ашылуына орай бірлестік жетекшісі оқушылар жиынында Қазақстан халқы тілдер мерекесімен құттықтап, осы мерекенің маңызы туралы баяндап, апталықтың іс-шараларымен оқушыларды таныстырып, еліміздегі тілдер мерекесінің 5-қыркүйекте 2017 жылдан бастап атап өтілетіні туралы атап өтті.
Кітапханада «Тіл бабалар – мұрасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханада, сыныпта бұрыштар ұйымдастырылып, кітапханашы Шаикова Сабира Кенетаевна және педагог-ұйымдастырушы оқушыларымен тіл жанашыры, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың кітаптарымен таныстырды.
08.09 күні қазақ тілі , орыс тілі , ағылшын тілдерінде «Тіл білімінің атасы» тақырыбы аясында эссе байқауы өтті.
09.09.25 күні Бастауыш сынып оқушыларымен «Жырлаймын туған тілімді » тіл туралы өлеңдерден мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Сайыс өте қызықты өтті. Бас жүлдені: 4 «Ә» сынып оқушысы Райымбек Диана алды. Сынып жетекшісі : Ж.Баятбек. 1 орынды: 2 «А» сынып оқушысы Айбекқызы Ұлпа алды. Сынып жетекшісі: А.Калиева. 2 орынды: 2 «Ә» сынып оқушысы Еркінғали Елжан алды. Сынып жетекшісі: А. Алпысбаева
2- орынды: 3 «Ә» сынып оқушысы Алтынбекқлы Айдос алды. Сынып жетекшісі: Р.Тулесова 3 орынды: 3 «А» сынып оқушысы Бекен Исрайл алды. Сынып жетекшісі: А.Қанапиянова
3- орынды : 4 «А» сынып оқушысы Кеңес Амина алды. Сынып жетекшісі: Р.Адильбекова
Қорыта келгенде, бастауыш сынып оқушыларының тілге деген құрметінің жоғары деңгейде екенін білдік, сайыс өз деңгейінде жақс
10.09. күні 5-7 сынып оқушылары арасында музыка пәнінің мғалімі Р.Халелова «Ана тілім- менің мақтанышым » атты әндер байқауын өткізді.
11.09 күні орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері «Веселая лингвистика» тақырыбында ойын түрінде жарыс өткізді.
2025 жылдың 11 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдер мерекесіне арналған пікірсайыс тарих пәнінің мұғалімі А.Сагимбетов,Г.Жакенова жетекшілігімен 10 сынып оқушылары арасында өткізілді. Мақсаты: Алаш зиялыларының ұлт пен тілдің жақсы мен жаман тұстарын айқындау. Пікірсайыс барысында екі топ құрылды: “Оппозиция” және “Үкімет”. Қатысушылар белсенді қатысып, өз топтарын орынды аргументтермен алып шықты. Үдіріс барысында оқушылар қызықтырған сұрақтарына жауап алып, ойларын толықтырып, іздемпаздық қабілеттерін дамытты. Пікірсайыс тартысты өтті. Жеңімпаздар анықталды.
https://www.instagram.com/p/DGK2xsIo0G1/?igsh=MXRpZXQ1bzFmdHNrc
12.09.2025 ж күні әдеби –сазды іс-шара өтті.
Апта бойы «Сүйемін туған тілді – анам тілін» атты сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне, тіліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл мәртебесі, тілдің қолданылыс аясы бойынша таныстырылым көрсетіліп, тіл апталығы бойынша өткізілген жұмыстар сараланды. Апталықтың қорытындысында оқушылар Отанына, ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігі артты, ана тілінің қастерлеуді үйреніп, тәуелсіз елімізде өмір сүріп отырған түрлі ұлт өкілдерінің тілдері мен мемлекеттік тілге құрмет сезімдерін артты. Оқушыларды тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінді.
XI. Мектепте мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу
қызметінің жұмысы /ғылыми жоба байқауы, олимпиадалар, интеллектуалды ойындар/
2025-2026 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми орталығының жетекшісі бекітілді:биология пәні мұғалімі Сәрсембаев Қанат Саматұлы. «Жас ғалым» ғылыми –әдістемелік орталығы пән мұғалімдерімен бірге дарынды оқушылармен жұмыс жүргізеді.
Қазіргі уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Мақсаты: Жан жақты білімді іскер өздік ойлау жүйесі дамыған адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
Жылдың басында мектеп психологы Ешжан Бота оқушылардан сауалнама алып, оқушылардың пәндерге қызығушылықтарын анықтап, бағыт бойынша бөлді, оқушылардың тізімі жасалды.
Дарынды балалармен жұмыс келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
Жаратылыстану-математикалық бағыты;
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты;
Музыкалық-эстетикалық бағыты;
Әскери-спортбағыты дарынды оқушылармен жұмыс мұғалімніңбақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалынады. Осы сараптама негізінде дарынды оқушылар мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырылады.
Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға,ғылыми жобалар байқауына дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
Дарынды балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.
Жыл бойы дарынды балалармен жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Пән апталықтарында дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізілуі жоспаарлануда.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек. Қазіргі кезде ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
Қазіргі уақытта түрлі білім жарыстарында, Қазақстан намысын халықаралық ареналарда биіктерге көтере алатын білімді де талантты жастарға деген сұраныс өте мол. Еліміздің болашағы білімді де, қабілетті жастардың қолында. Жастарға білім мен тәрбие беру мектеп қабырғасынан басталады.
Заман талабына сай білім бере отырып, оқушы бойында танымдылық қабілетін дамыту бүгінгі таңда ұстаз үшін жауапты іс болып табылады.
Бұл туралы Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ғасырлар мақсаты – қоғамның нарықтық қарым-қатынасқа көшу кезінде саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасырды құрушы, іскер, өмірге икемделген, жан-жақты мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру» — деген тұжырымдамасында ашып көрсеткен.
Қоғамның осындай дарынды адамдарға деген қажеттілігін қанағаттандыру талабы білім беру жүйесінің алдында баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашылық қабілеті зор жеке тұлғаны қалыптастыру міндетін қойып отыр. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті: әр оқушының бойындағы бейімділікті дер кезінде көре біліп, оны дамыту.
2025-2026 оқу жылына дейін Ұйым бір бағытта жұмыс жасады. Атап айтсақ: аудандық «Дарын», Кіші ғылыми академияларына қатысып, жүлделі орын алып, облыстық, республикалық конференцияларына жолдама алу.
«Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамының 2025-2026 оқу жылы бойынша жылдық есебі
Орындаған:
Сарсембаев Қанат Саматұлы
Биология пәнінің мұғалімі
Мақсаты: Оқушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми ізденістерге баулу және ғылыми мәдениетті қалыптастыру.
2025-2026 оқу жылында «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес бірқатар теориялық, практикалық және байқау іс-шараларын жүйелі түрде жүзеге асырды. Оқу жылы барысында атқарылған жұмыстардың негізгі бағыттары мен нәтижелері төмендегідей:
1. Ұйымдастыру және теориялық негіздерді қалыптастыру (Қыркүйек – Қазан)
- Оқу жылының басында қоғам мүшелері қабылданып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға «Ғылым дегеніміз не?» тақырыбында кіріспе сабақ өтіп, ғылыми әдістің кезеңдері түсіндірілді.
- «Зерттеу қалай басталады?» тренингінде оқушылар ғылыми жұмысты жоспарлау, мақсат қою және болжам (гипотеза) жасауды үйренді.
- «Мектеп зертханасында тәжірибе күні» ұйымдастырылып, оқушылар қауіпсіздік ережелерімен танысып, биология, физика және химия бөлімдерінде алғашқы зертханалық тәжірибелерін жасады.
- Қараша айында ғылымға деген қызығушылықты арттыру мақсатында «Ғылымдағы қызық деректер» ақпараттық апталығы және «Ғылым әлеміне саяхат» интерактивті викторинасы өткізілді.
- Желтоқсан айында «Ғылым күні» аясында жаратылыстану пәндері бойынша практикалық сабақтар сериясы өтті.
- Жартыжылдық қорытындысы ретінде «Эко-зерттеу» шағын жобалар байқауы ұйымдастырылып, оқушылар мектеп ауласындағы экологиялық мәселелер мен ресурстарды үнемдеу жолдарын қорғап шықты.
- Қаңтар айында «Мұғалімнен – ғылымға!» шеберлік сабағы өтіп, жетекші өз тәжірибесін көрсетті. Оқушылар зерттеудің практикалық бөлігіне кірісіп, нақты эксперименттер мен бақылаулар жүргізді.
- Ақпан айында «Ғылым және өмір» дебат-турнирі арқылы оқушылардың сыни ойлауы мен сөйлеу мәдениеті дамытылды. Сонымен қатар, «Ғылыми постерлер күнінде» оқушылар өз жобаларын инфографика және сызбалар арқылы көрнекі түрде қорғауға машықтанды.
- Наурыз айында «STEM – болашақ мамандығым» таныстырылымы өтті. Мектепішілік ғылыми жобалар байқауында оқушылар «Лимоннан қуат көзін алу», «Табиғи су сүзгісін құрастыру», «Қағаз қалдықтарын қайта өңдеу» сияқты тұрмыстық-практикалық маңызы бар қарапайым жобаларды сәтті талқылап, қорғап шықты.
- Басты жетістік: Сәуір айында 8-сынып оқушылары Шәріпқан Айзере мен Тоқтабек Рауза өздерінің «EcoLife – Жасыл әдеттер қосымшасы» атты ІТ-экологиялық жобасымен облыстық «PROECO» байқауына қатысып, «Үздік экологиялық бастама» бағыты бойынша жүлделі І орынға ие болды.
- Жыл соңында ОҒҚ мүшелері арасында қорытынды сауалнама жүргізіліп, жұмыс сапасына баға берілді.
- ОҒҚ жетекшісінің ұйымдастыруымен кішігірім дөңгелек үстел форматында «Үздік жас ғалым» марапаттау шарасы өтіп, жыл бойы белсенділік танытқан оқушыларға арнайы грамоталар мен мақтау қағаздары табысталды.
- Оқушылар ғылыми-зерттеу жұмысының барлық кезеңдерін (гипотеза құрудан бастап постерлік қорғауға дейін) толықтай меңгерді.
- Зертханалық құралдармен жұмыс істеу, өлшеу, талдау және көпшілік алдында академиялық сөйлеу (дебат) дағдылары қалыптасты.
- Облыстық байқаудағы жеңіс мектептің ғылыми әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, басқа оқушылардың ұйымға қосылуына үлкен мотивация берді.
- Оқушылардың сауалнамадағы ұсыныстарын ескере отырып, практикалық зертханалық жұмыстар мен далалық саяхат-сабақтардың санын арттыру;
- IT-технологиялар, баламалы энергия көздері және мектеп ауласын көгалдандыру бағытындағы жаңа жобаларды қолға алу;
- Жоғары сынып оқушыларын ауқымды республикалық және халықаралық ғылыми байқауларға дайындау.
1) Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары
2025 жылдың қыркүйек айында Мектепішілік шығармашылық топ мүшелері бас қосып, мектептің дамыту жоспарын талқылап, мақсат, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін талқылады. Оқу жылынныңың І- ІІ жарты жылдығына атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Шығармашылық топта басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топ мүшелері айқындалып, олардың міндеттері бекітілді.
Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді. Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт» кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.
| Р\с | Аты –жөні | Еңбек өтілі | Мамандығы | деңгейлік курс |
| | Г.К.Танкакова | 17 | Орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі | |
| | Р.И.Абилкаирова | 17 | Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі | І деңгей/тренер |
| | Д.Д.Барлыбаева | 16 | Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | Ж.С.Салқынбаева | 26 | Математика пәнінің мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | Н.Ж.Тұрсынбаева | 25 | Информатика және математика пәнінің мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | А.Н.Утенова | 16 | Қазақ тілі пәнінің мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | А.К.Алпысбаева | 20 | Бастауыш сынып мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | А.Н.Канапьянова | 11 | Бастауыш сынып мұғалімі | |
| | Д.Б.Дүйсенбаева | 28 | Математика пәнінің мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | Б.Сарыбаева | 29,9 | Физика пәнінің мұғалімі | ІІІ деңгей |
| | Ж.Торгаев | 13 | Әлеуметтік педагог | |
| | Ж.Баятбек | 6 | Бастауыш сынып мұғалімі | |
| | Ж.Құрманалиева | 9 | Қазақ тілі пәнінің мұғалімі |
Мақсаты:
Мектептің білім беру сапасын жоғарылату, кадрлық потенциалды дамыту, қауіпсіз және инклюзивті білім беру ортасын қалыптастыру арқылы оқушылардың жан-жақты тұлға ретінде тәрбиеленуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
1. Білім беру бағдарламаларын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
2. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру үшін үздіксіз білім беру жүйесін дамыту.
3. Оқушылардың оқу үлгерімін жақсарту және мотивациясын арттыру.
4. Қауіпсіз, инклюзивті және қолайлы оқу ортасын құру.
5. Психологиялық қолдау қызметін жетілдіру.
6. Мектептің инфрақұрылымын жаңғырту және заманауи технологияларды тиімді пайдалану.
7. Қоғамдық және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту.
Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:
- Білім беру мазмұнын жаңарту аясында педагогикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру, мектеп тәжірибесінде бөлінген көшбасшылықты дамыту, жұмыс топтарын мен зерттеу топтарының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру
- Мұғалімдерді кәсіби қолдау, кәсіби қоғамдастық аясында тиімді қарым-қатынас орнату, тәжірибені тарату
- Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, бірлескен оқу мен командалық жұмысты ұйымдастыру арқылы оқушыларды дербестікке баулу, танымдық қабілеттерін арттыру
- Оқыту мен оқу үрдісіне замануи озық педагогикалық технолгияларды қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тетіктерін дамыту
Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде Ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады. .
2025-2026 оқу жылының ІІІ тоқсанында мектепішілік кәсіби қоғамдастық аясында оқу жылының ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, отырыста талқыланып, нәтижелер мен мен кедергілер сараланды. Мектепті кәсіби қоғамдастық аясында дамыту жоспарына сәйкес атқарылатын жұмыстар талқыланды.
2025 -2026 оқу жылының мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес бастауыш сыныптар бірлестігі кезекті шебер сыныбын өткіздік.
Шебер сынып тақырыбы "Математикалық модельдеу" тақырыбын оңтайлы меңгерту жолдары.
Шебер сыныптың басты мақсаты: Оқушылардың есептеу, математикалық модельдеу дағдыларын дамыту, олардың ойлау қабілеттерін арттыру және өз ойын дұрыс әрі әдемі жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдер топқа біріктіру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін «Кел құшақтасайық» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Мұғалімдер өздерін оқушылардың орнына қойып, сабақ кезінде, жұмыстан тыс кезде осыған ұқсас екендерін көріп, өздеріне күлкі сыйлады. Тақырып бойынша топтық жұмыс жүргізілді.
1 тапсырма бойынша «Ой қозғау» әдісі.
Берілген тақырып бойынша білетін ақпараттарын жазды. «Математикалық модельдеу» туралы таныстырылым көрсетілді, әр мұғалім іс-тәжірибелерімен бөлісті. Математикалық сауаттылығын дамыту жолдарын мұғалімдер өздері тапсырма орындау арқылы білді, түсінді, айтты.
Коучинг соңында кері байланысы алынды. «Мұғалім бингосы» әдісі. Қатысушылар ортаға шығады. Бинго парақшасында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтардың жауабын әріптестерінен сұрау арқылы кестені толтырады. Жазған кері байланыстарын оқып оларға коучингтің пайдасы көп болғанын білдім. Олардың оқу мен оқу сауаттылығының айырмашылығын түсінгендіктері белгілі болды. Алдағы уақытта та осындай коучинг жұмыстарын жүргізу пайдалы деп ойлаймын.
2025 -2026 оқу жылының 05 қаңтар күні мектепішілік бақылау жоспарына сай бастауыш сыныптар бірлестігі кезекті шебер сыныбын өткіздік.
Шебер сыныптың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының жазу сауаттылығын арттырудың жолдары»
Шебер сыныптың басты мақсаты: Оқушылардың жазу дағдыларын дамыту, дұрыс жазу мәдениетін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін арттыру және өз ойын грамматикалық дұрыс әрі әдемі жеткізе білуін қамтамасыз ету.
Мұғалімдерді топқа біріктіру, оларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау үшін «Кел құшақтасайық»» әдісі арқылы психологиялық ахуал қалыптастырылды. Мұғалімдер өздерін оқушылардың орнына қойып, сабақ кезінде, жұмыстан тыс кезде осыған ұқсас екендерін көріп, өздеріне күлкі сыйлады. Келесі кезекте сын тұрғысынан ойлауға «Миға шабуыл» әдісі бойынша ұжымға жұмбақ жасырып, оның шешуі арқылы шебер сыныптың тақырыбы ашуға мүмкіндік берді.
Жазу іс – әрекетіне қызығушылықты арттыру үшін жазу ойындары ұйымдастырылды . Бұл әдіс оқушылардың өз жазуларына жауапкершілігін арттырады.
«Жүгіру диктанты» әдісі келесі критерийлер бойынша бағаланды.
1. Қатысушылар тақтада жасырынған қағаздың артындағы сөздерді оқып көркем жазады. Әр топ мүшесі кезекпен барып оқып келіп топқа айтады. Топ тыңдай отыра жазады. Әр топ мүшелері уақытқа жұмыс жасайды.
Бағалау критерийлері
- Тапсырманы орындауға топ мүшелері толық қатысу;
- 2. Диктанттың тыныс белгілерін дұрыс қою;
- 3. Сөйлем санын анықтау;
- 4.Көркем әрі сауатты жазу;
- 5.Берілген уақытта жұмысты аяқтау.
Жазған кері байланыстарын оқып оларға шебер сыныптың пайдасы көп болғанын айтып өтті. Олардың оқу мен оқу сауаттылығының айырмашылығын түсінгендіктері белгілі болды. Алдағы уақытта та осындай коучинг жұмыстарын жүргізу пайдалы деген ойдамыз.
Қыркүйек айында «Келеңсіз жағдайдағы мінез құлықтың алдын алу» тақырыбында баяндама, кеңес берілді. Мақсаты: Ата-аналарды жасөспірімдердің өтпелі кезеңіндегі қиындықтардың алдын алу жұмыстарымен таныстыру. Жасөспірімдердің психологиялық дамуындағы қиындықтарға көңіл бөлу. Нәтижесі: Келеңсіз мінез құлықтың алдын алу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру үшін. Сонымен қатар ата-аналарды келеңсіз мінез құлықтар жайында сауаттандыру мақсатында баяндама, кеңес берілді. Кеңес слайд түрінде орындалынып, ата-аналар чатына жіберіліп талқыланды. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Қараша айында 6 сынып оқушыларынан «Ата-ананың балаға деген көзқарасы» тақырыбында жиналыс. Мақсаты: Ата-ананың балаға деген көзқарасын анықтау. Отбасындағы қарым-ұатынасты нығайту бала ойын тындай білу.Бала мен жиі сырласу ашық әңгіме құру , мектеп өміріндегі қызықтарды бірге талқылау бойынша түсіндірме жұмыстары.
Қаңтар айында : «Бала психологиясының қалыптасуындағы әке рөлі» тақырыбында әкелер жиналысы. Мақсаты: Әкенің отбасындағы тәрбиеге – өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу , мектеп пен ата – ана байланысын ынмымақтастыру өзара серіктестік орнату , ата – ананың , баланың оқу – тәрбиеге жауапкершілігін арттыру.
Ақпан айында интернат тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен «Отбасы тәрбиенің ұясы » тақырыбында тәрбие сағатты өтті. Мақсаты ата-аналардың отбасындағы бала тәрбиесіне жауапкершілігі мектеп өміріне көз қарасын талқылау.
Наурыз айында 10 сынып ата-аналарымен «Жанұя бақыты» тренинг-жаттығуы өтілді. Мақсаты: Ата-ананың бала тәрбиесіндегі қарым-қатынасы туралы түсініктер беру арқылы ата-аналардың білімін көтеруге көмектесу. Пайдаланылған әдебиеттер: Мектеп психологының жұмыс кітабы.
Нәтижесі: Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін онлайн түрде тренинг-жаттығу өтілді. Тренинг-жаттығуда ата-аналар үйде балаларымен бірге бақытты жанұя суретін салып, отбасына байланысты аяқталмаған сөйлем әдістемесін орындады. Ата-аналар жаттығуларды еш қиындықсыз орындап шықты. Нәтижелерін ата-аналар балаларынан мектепке беріп жіберді. Нәтижелері тексеріліп хаттама жазылды.
Сәуір 8-11 сынып ата-аналарына «Баланы шылым шегуден қалай қорғауға болады» кеңес берілді. Мақсаты: Зиянды әдеттердің алдын алу. Нәтижесі: Шылымның адам өміріне қауіпі жайында жоғарғы сынып ата-аналарына кеңес берілді.
Мамыр айында 11 сынып оқушыларының ата-аналарымен «Қорытынды аттестаттау »тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті . Мақсатты оқушылардың ата-аналарын алдағы ҰБТ-ға дайындау , қолдау көрсету.
13ақпан 2026ж педагог-логопедтің мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен жүргізетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес «Дисграфия және оны түзету жолдары» тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға барлығы 10 мұғалім қатысты.
Семинардың мақсаты: Дисграфияның түрлерімен таныстыру және және оны түзетудегі әдістемелік әдіс тәсілдермен бөлісу.
Семинар міндеттері:
- Бастауыш сынып мұғалімдеріне жалпы дисграфия сөзінің ұғымымен таныстыру;
- Дисграфияның түрлерін анықтай отырып,ерекшеліктерін атап өту ;
- Дисграфияны түзету жолында әдіс-тәсілдерін бастауыш сынып мұғалімдеріне меңгерту;
Семинардың теориялық бөлімінде дисграфияның түрлері және оны түзетудегі әдістеме жұмыстары туралы толық ақпарат берілді.
Семинар-тренингтің практикалық бөлімінде бастауыш сынып мұғалімдеріне дисграфияны түзетудегі топтық жұмыстар жүргізілді. Топтық жұмыстар барысында баланың көріп қабылдауын, кеңістікте бағдарлауын, естіп қабылдауын, фонематикалық түсініктері мен графомоторлық дағдыларын дамыту әдіс-тәсілдері тәжірибе жүзінде көрсетілді.
Семинар соңында мұғалімдермен «Шебер доп» ойыны арқылы кері байланыс жасалап, жұмыс қорытындыланды.
XIII. Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылында қаңтар айыннан бастап пән мұғалімдері БЖБ,ТЖБ жұмыстарының нәтижесі бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын толықтыру бойынша келесі жұмыс түрлері жүргізілді:
- Әдістемелік бірлестіктері оқу пәндері бойынша білім алушылардың (1-11 сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыстар өткізілді.
- Цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану /edu.kz, «Өрлеу» БАО, үздік педагогтардың авторлық сабақтары, «Үздік педагог» республикалық конкурсы жеңімпаздарының тәжірибесін қолдану ұсынылды.
- Пән мұғалімдеріне арналған тегін ресурстарының сілтемелері берілді, сабақ барысында пайдалануда. /Сілтемелері: «Өрлеу» on-line, https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g./
- Оқыту уәждемесін арттыру үшін пәндік апталықтар өткізу. 2025-2026 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес апталықтар өткізілуде. Қазіргі уақытта 7 әдістемелік пән бірлестігінің апталықтары өткізілді. Ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда үлгерімі төмен оқушылар қатыстырылды.
- 2025-2026 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес семинар, кочингтер өткізілуде. Оқыту әдістемесі бойынша «Саралау әдістері» , «Цифрлық ресурстарды пайдалану», «Оқытудың тиімді әдістерін қолдану» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырылды, «Саралау әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сынып, шеберлік-сынып: таныстырылым «Қосымша сабақтарда модульдік оқытуды пайдалану».
- Үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізілді. «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында баяндама, «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жолдары» тақырыбында таныстырылым, «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында шеберлік сынып, таныстырылым «Үйден оқыту мен инклюзивті білім беру ерекшеліктері».
2025 - 2026 оқу жылында Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің жылдық оқу тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік бақылау мақсатында Lesson Stady зерттеу жұмысы жүргізілді.
Осы оқу жылының ІІ тоқсанында мектепте жұмыс тобының мүшелері анықталып, сабақты зерттеу жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу бағыты 4 «Ә» сыныбы және 5 «А» сыныбы таңдалып алынды.Сынып жетекшілерімен бірлесіп білім алушылар туралы мәлімет жинақталды. Білім алушылардың ата-аналарынан ақпарат жинау мақсатында келісім жүргізілді. Сабақты зерттеу Lesson Stady зерттеу сабағына төмен пайыз білім сапасын көрсеткен пәндер алынды.
Зерттеу сабағының мақсаты: Зерттеу тақырыбы: білім сапасын арттыру мақсатында тиімді әліс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың функционалды сауаттылық тапсырмалары арқылы теориялық білімін қалыптастыру."Көршіңе айт, түсіндір" әдісі таңдалып алынды.Зерттеу топ мүшелерінің кездесуі барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтардың тақырыбы мен өткізу мерзімі анықталып, қосымша тапсырмалар берілді.
Іс шара мазмұнына сәйкес сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыруда топ мүшелері сабақты жүргізбес бұрын, ең әуелі мектеп психологы Сулейменова Маралдың көмегімен сынып оқушыларынан сауалнама алынды Зерттеу топ мүшелері анықталды. Сонымен қатар, А,В және С оқушылары да анықталды.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
2025-2026 оқу жылындағы Lesson Stady зерттеу жұмысы туралы мәлімет
2025 - 2026 оқу жылында Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің жылдық оқу тәрбие жұмыс жоспарына сәйкес мектепішілік бақылау мақсатында Lesson Stady зерттеу жұмысы жүргізілді.
Осы оқу жылының ІІІ тоқсанында мектепте жұмыс тобының мүшелері анықталып, сабақты зерттеу жұмыс жоспары құрылды. Зерттеу бағыты 4 «Ә» сыныбы таңдалып алынды.Сынып жетекшісімен бірлесіп білім алушылар туралы мәлімет жинақталды. Білім алушылардың ата-аналарынан ақпарат жинау мақсатында келісім жүргізілді. Сабақты зерттеу Lesson Stady зерттеу сабағына төмен пайыз білім сапасын көрсеткен математика,қазақ тілі пәндері алынды.
Зерттеу сабағының мақсаты: оқушылардың білім сапасын арттыру.
Зерттеу тақырыбы: білім сапасын арттыру мақсатында тиімді әліс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Оқушылардың функционалды сауаттылық тапсырмалары арқылы теориялық білімін қалыптастыру." "Маршрут" әдісі, "Ойлан, жұптас,талқыла" әдісі,"Кім жылдам" әдісі, қазақ тілі "Түсініп оқу","Көшіріп жазу","Мен білемін"таңдалып алынды. Зерттеу топ мүшелерінің кездесуі барысында бастауыш сынып мұғалімдерінің сабақтардың тақырыбы мен өткізу мерзімі анықталып, қосымша тапсырмалар берілді.
Іс шара мазмұнына сәйкес сабақты зерттеу жұмысын ұйымдастыруда топ мүшелері сабақты жүргізбес бұрын, ең әуелі мектеп психологы Сулейменова Маралдың көмегімен сынып оқушыларынан сауалнама алынды Зерттеу топ мүшелері анықталды. Сонымен қатар, А, В және С оқушылары да анықталды.
Сабақты зерттеу (Lesson study)
тобының мүшелері
| № | Аты- жөні | Лауазымы |
| | А.Алпысбаева | І деңгейлі,бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы |
| | А.Калиева | Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы |
| | М.Сулейменова | Бастауыш сынып мұғалімі, педагог-психолог Педагог-сарапшы |
| | Р.Адильбекова | Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-модератор |
2025-2026 оқу жылында 3 «А» сыныбында оқу жылы басынан 17 оқушы: 10 қыз бала, 7 ұл бала. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы өте жақсы, сабаққа деген қызығушылығы орташа. Сынып оқушыларының білім алуға қабілеттері жақсы, кейбір пәндерден тапсырма орындауда сыныптағы оқушылардың көпшілігі қиналады.
І тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптың білім сапасы 58 %
Жеке пәндерден алатын болсақ:
| Пәндер | Қазақ тілі | Математика | Әдебиеттік оқу | Орыс тілі | Ағылшын |
| Пәндер бойынша 1 тоқсандағы білім сапасы (%) | 55% | 55% | 61% | 59% | 58% |
| І тоқсан білім сапасы | 3-тоқсан білім сапасы | |
| Білім сапасы | 55% | 56%6 |
| Айырмашылық | +1% | |
| Оқу үлгерімі | барлығы | % | Аты-жөні | |
| Өте жақсы | барлығы | 6 | 35% | Абдіманап Нұрасыл Кеңес Амина Серік Аруна Таңатар Айсұлтан Түстікбай Айару Даулетжан Каусар |
| жақсы | барлығы | 4 | 23% | Базарқызы Талшын Нұрғали Айша Оразымбек Хадиша Тәліп Бегжан |
| Үлгерімі төмен | барлығы | 7 | 41% | Сатыберген Асылжан Аманжол Каусар Нұрберген Нұрали Ержанқызы Айзере Абай Айзере Тұрсынғазыұлы Айткелді Бақыт Аян |
Сынып жетекшісі: Манас Арайлым
| Қауіп-қатерлері: 1. Оқулық , кітап оқуға қызығушылық аз болғандықтан сынып оқушыларының тілдік қорларының азаюы. 2. Сәтсіздіктен тез бас тартуы, жауапкершіліктен қашуына әкеліп соғады. 3.Оқушылардың телефон, планшетке тәуелді болуы. 4. Теориялық білімді жеткілікті түрде меңгере алмағандықтан, практикада дұрыс қолдана алмауы. 5. Ата-ана тарапынан қадағалау аз болғандықтан, әлеуметтік жағдайға байланысты білім сапасының түсуі мүмкін. |
| Мүмкіндіктері: 1. Жаңа ақпаратты жылдам әрі қызығушылықпен қабылдау мүмкіндігі. 2. Жекелеген оқушылар ақпаратты тереңдетіп іздеп, өмірмен байланыстыруға мүмкіндігі. 3. Интерактивті оқыту платформаларын қолдану мүмкіндігі. 4.Түрлі әдістерді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру, білім сапасын көтеру. |
| Әлсіз жақтары: 1. Кейбір оқушылардың оқуға деген қызығушылығы төмен. 2. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі пәннің қызық өтуіне байланысты. 3. Оқуға деген қызығушылық бар, бірақ жасөспірімдік кезең болғандықтан, оқушылар эмоцияға, басқа проблемаларға көп көңіл бөледі. 4.Қызығушылықтары уақытша. |
| Мықты жақтары: 1.Заман талабына сай АКТ қолдану. 2. Әр түрлі сайыстарға, олимпиадаларға, әсіресе спорттық, мәдени іс-шараларға белсенді қатысу. 3. Оқушылардың сабақтағы белсенділігі 4. Оқуға деген қызығушылық бар. 5. Сабаққа қажетті оқу-құралдарымен қамтамасыз етілуі. 6.Оқу материалдарының қолжетімділігі. |
| 1. | Манас Арайлым | Бастауыш сынып мұғалімі |
тобының мүшелері
| № | Аты- жөні | Лауазымы |
| | А.Алпысбаева | І деңгейлі, бастаыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы |
| | Р.Адильбекова | Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы |
| | А.Калиева | Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы |
| | М.Сулейменова | Бастауыш сынып мұғалімі Педагог-сарапшы,педагог-психолог |
өткізілу кестесі
| Мұғалім | Сабақ тақырыбы | Пәні | Күні | Сыныбы | Уақыты | |
| 1 | Манас Арайлым | Логикалық есептер | Математика | 29.01.2026 | 4 Ә | 14.10-14.45 |
| 2 | Логикалық есептер | Математика | 02.02.2026 | 4 Ә | 13.20.-11.25 | |
| 3 | Логикалық есептер | Математика | 03.02.2026 | 4 Ә | 13.20.-11.25 |
| Мұғалім | Сабақ тақырыбы | Пәні | Күні | Сыныбы | Уақыты | |
| 1 | Манас Арайлым | Көптік жалғауы. Зат есімдердің септелуі | Қазақ тілі | 17.02.2026 | 4 Ә | 14.10-14.45 |
| 2 | Зат есімнің жіктелуі | Қазақ тілі | 18.02.2026 | 4 Ә | 13.20.-11.25 | |
| 3 | Зат есімнің жіктелуі | Қазақ тілі | 03.02.2026 | 4 Ә | 13.20.-11.25 |
Сабақ соңында топ мүшелері іс әркетті зерттеуге арналған сабақ бойынша функционалды сауаттылық пен саралау тапсырмаларын ұйымдастырылу керектігін айтылды.
2-сабақ. Математика пәнінен "Логикалық есептер" тақырыбында өткізілді. «Доп» ойыны арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Оқушылар жан-жақты сабақты сұрақтарға жауап берілді. Сабақ барысы «Түймедақ» ойыны арқылы , есептерді шығарып, өсу ретімен орналастырды. Мұғалім тарапынан тағы да мысалдар келтіреіле отырып, сабақ жан-жақты түсіндірілді. Осы сұрақтарға жауап беру барсында саралауға негізделген сұрақтарға жауап алынды. Сабақтың келесі кезеңінде «Көршіңе түсіндіріп бер» әдісі Топтық жұмыс тапсырмасы берілді. Сабақ соңында кері байланыс берілді. Сабақ соңында топ мүшелері тарапынан саралау тапсырмалар мен бағалауға көңіл бөлу керектігі туралы есертілді.
| |
1- сабақта С оқушы Серік Альмира селқос сабаққа қатысып отырды. Берілген тапсырмалар бойынша кешігіп шығарды, өзге тапсырмаларды орындауда үлгермеді, тапсырманы орындауда қағазға жазды, қате бар,айтуға тырыспады. Жұптық жұмыста жанындағы оқушының көмегіне көп жүгінді.
2- сабақта Альмира сабаққа жақсы қатысып отырды. Берілген тапсырмалар бойынша дәптермен жұмыста сызбаларды сызды, бұрыштардың көбейту тәсілдерін тақтада орындады. 1 дұрыс жауап болды. Жұптық жұмыста жанындағы оқушы Айшаның көмегімен 1 тапсырманы орындады, көбіне көшіруге тырысты. Топтық жұмыста құлшынысы жақсы болды, топтық талқылауға қатысты. Сабаққа қызығушылығы байқалды.
3-сабақта Альмираға көңіл бөліне бастағындықтан сабаққа қатысуы жақсы болды, тапсырма орындау барысында белсенділік танытты,ауызша саұраққа жауап берді, таратпа тапсырмаларды да аса құлшыныспен орындады.
Жалпы,Альмираның тәртібі жақсы, сабаққа ынтасы бар, қағазға жазып орындап отырады, пысық болғанымен ойлау деңгейі білім жағынан төмендеу.
Сабақта мұғалімнің түрткі сұрақтары негізінде танымдық қабілетін арттыру қажеттілігі бар.
А оқушы С оқушы В оқушы
Сабақта оқушылар «Кір жайғыш» әдісі бойынша 2 топқа бөлінді. Сабақты «Бағдаршам» бойынша қорытылды. Оқушылар топта белсенді жұмыс істеді. Берілген тапсырманы орындауды оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс атқарды. Бұл сабақта «Ассоцияция» әдісі жұптық жұмыста қолданылды. Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалана алмады.
С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда көмекті қажет етіп, топта белсенділігі төмен болса, В деңгейлі оқушы заттарды жіктеуде, тақырып бойынша өз ойын толық жеткізе алмады.А деңгейлі оқушы оқушы тақырыпты тез меңгеріп, тапсырманы орындауда белсенділік танытты. Жаңа сабақты меңгеруде сыныпта топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлау әдісі тиімді болды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Сыныпта барлық оқушы тапсырманы орындауда белсене кірісті. Сабақта оқушылардың белсенділігі жоғары болды, оқушылар бір-бірімен өзара диалогқа түсіп талқылады. Сабақта кездескен кедергілер жоқ, жоспар бойынша жүргізілді. Ұсыныстар: оқушыға көп мүмкіндік беру, уақытты тиімді пайдалану, күрделі тапсырма қосу. Сабақтан соң алынған сұхбатта бақылаудағы 3 оқушы сабақта топтық жұмыстың ұнайтынын, сабақта өз ойын айтуда, дәлелдеуде қиналатынын, сұрақ қоюда қиындық көретінін атап өтті. Оқушылардың кері байлансынан сабақтың ерекше өткенін, топта белсенді жұмыс істеу және жаңа әдіс –тәсілдерді сабақта қолдану ұнағанын, осындай сабақтар жиі болғанын қалайтынын атап өтті.
Осы келтірілген деректерге және оқушыдан алынған сабақтан соңғы интервью жауаптарына сәйкес 3- СЖ жасалды.
Зерттеу тобы мұғалімнің сабақ барысындағы және оқушылардың тиімді жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстары талқыланды.
Екінші зерттеу cабағында қайта жоспарлау кезінде А,В,С оқушыларының сабақ барысындағы іс әрекеттері жасаған бақылау негізінде келесі сабақтарға өз ойларын жазу ұсынылды. Екінші зерттеу сабағында алғашқы сабақтың қорытындысының ұсыныс ескеріле отырып, 4- СЖ жоспарланды. Зерттеу сабағын өткізбес алдын оқушылардың пікірлері де назарға алынды.
3 - зерттеу математика пән мұғалімі Р.Адильбекова сабақ өткізді. Сабақ жоспары -5 СЖ бірлесе жоспарланып, интервью сұрақтары әзірленді. Сабақта топтық және жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар «Миға шабуыл» Тез есепте, Жұптық жұмыс «Көршіңмен талқыла» әдісі, ««Тапсырма» әдістері алынды. Оқушылардың сабақта қызығушылығы артып, ойын жеткізуге тырысты. Саралау үшін оқушыларға жеке тапсырмалар да берілді. Берілген критерийлер бойынша топтар өзара бағаласа, оқушылар өздерін де бағалай алды. Математика сабағында оқушылардың есептер шығаруда, өз ойын жеткізуге кедергі болғанмен оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс істеу арқылы тапсырмаларды орындай алды.
С деңгейіндегі оқушы
- Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде жасап, ойын жеткізе өз деңгейінде жеткізе алды.
- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының көмегімен топтастыру жасай алды, өздігінен жұмыс істеуге ынталандырылды.
В деңгейіндегі оқушы:
- Алған білімдерін қолданып, өз ойын еркін жеткізді, сұрақтарға жауап беріп, дәлелдер ұсынды..
- Өздігінен жұмыс істеп, топтастыру тапсырмасында сынынптастарымен бірлесе тапсырмаларды дұрыс орындап шықты.
- Проблемалық сұрақтарға жауап беріп, дәлелдер табуға ізденді. Өз білімдерін қолданып, шығармашылық тапсырмаларды, топтастыруды орындай алды.
А деңгейдегі оқушы өз тапсырмаларын орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастады. В деңгейіндегі оқушы топтық жұмыста белсенділі танытып, басқа оқушылардан асып кетуге тырысты. Ал С деңгейіндегі оқушы тапсырмаларды орындауды басқаның көмегін қажет етті, және кейбір тапсырмаларды өзі орындай алды, сабақта өз ойларын айтыуды үйренді, топтастыру жасай алды. Бір сөзбен айтқанда А,В,С деп белгіленген үш оқушы біз межелеген табыс критерийлеріне жетті. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды, В оқушы кері байланысында жауап бергенде емін-еркін сөйлейтін болдым,- деп жазыпты. А деңгейіндегі оқушы өзінің көп ізденетінін, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Сабақты зерттеу нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.
Жұмысты қорытындылай келе пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды.
- Сабақтарда тапсырмалар оқу мақсатына бағытталып, оқушының орындай алу деңгейі критерийлер бойыша анықталуы тиіс.
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы тиіс, тапсырмалар оқушыларды ынталандыру қажет.
- Сабақты тапсырмаларды көп алмау, оқушыларды тапсырмаларды орындауды бағыттау, шығармашылық тапсырмаларды енгізу.
- Уақытты тиімді пайдалану, АКТ қолдану
- Қабілеті жоғары оқушыларға саралару тапсырмаларын ұсыну
- Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, сабақта интербелсенді тәсілдерді қолдану, әрбір орындалған тапсырмаларға дұрыс дескрипторлар құру
- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдау, олардың жауаптары негізде қайта бағыттау, жіберілген қателерді көрсету
Тиімді қолданылған интербелсенді әдістер оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыратынын көре алдық. Сабақта оқушылармен сабақ мақсатын бірлесе, табыс критерийлерін бірлесе анықтау, мақсатқа қол жеткізу үшін оқушылардың өздерінің іс әрекетінің жақсартуына мүмкіндік беру, топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, сабақта бірлескен интербелсенді әдістерді көп қолдану, оқушыларды қолдау, бағыттау және өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру олардың білім сапасына арттыруға ммкіндік береді деген тұжырымға келдік. Сабақта алынған кері байланыстар, интервью, сауаланама нәтижелері дәлелдер ретінде жинақталып, екінші деректер ретінде жинақталды. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып,оқушылардың сұрақтарға толық жауап беруіне,ойларын ашық айтуына дағдыландырдық. Болашақта осындай әдіс- тәсілдерді қолдана отырып оқушыларымыздың білім, білік дағдыларын арттырамыз. Қабілеті жоғары оқушыларға күрделенген тапсырмалар беруге ізденеміз. Топтық жұмыс арқылы өз ойларын ортаға салу, талқылау, тадау, өз пікірін ашық айтуға дағдыландыра отырып, бірін-бірі, топта, жұбын бағалауға үйретіп, оқуға деген қызығушылығын арттырдық. Болашақта оындай сабақты зерттеу әдісін қолдана отырып сабақ өту арқылы оқушылардың білім, білік, дағдыларын сабаққа қызығушылығын арттырмаыз және С деңгейіндегі оқушыны В деңгейіне , В деңгейіндегі оқушыны А деңгейіне жеткізуге тырысамыз.
Осы жерде, «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.
SWOT-Талдау
Зерттеу сабағы: Lesson Study
1. Strengths (Күшті жақтары):
Сабақтың сапасын жақсартуға ықпал болды.
Мұғалімдердің бір-бірінен үйрену мүмкіндігі артты.
Оқушылардың қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдерге мүмкіндік берді.
2. Weaknesses (Әлсіз жақтары):
Уақытты көп талап етті.
Мұғалімнің кәсіби дайындық деңгейі әртүрлі болды.
Құжаттаманы жүргізу күрделі болуы ықтимал.
3. Opportunities (Мүмкіндіктер):
Мұғалімнің кәсіби өсуі мен ынтымақтастығы дамыды.
Инновациялық педагогикалық әдістерді енгізді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін арттырды.
4. Threats (Қауіптер):
Мұғалімдер арасында қарым-қатынас проблемалары туындауы мүмкін.
Материалдық және техникалық ресурстардың жетіспеушілігі.
Уақыт пен жұмыс жүктемесі мәселелері.
Тұжырым:
Lesson Study әдісі мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мен оқыту сапасын жақсартуға тиімді құрал болып табылады. Алайда, оны жүзеге асыру барысында уақыт пен ресурстарды дұрыс жоспарлау қажет.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектептің
5 сыныбында
жүргізілген зерттеу сабақтарының қорытындысы Зерттеу тобының жетекшісі: Ж.С.Салкынбаева
Ж.Егінбаев атындағы орта мектепте 5 сыныбында зерттеу сабақтарын жүргізу мақсатында зерттеуші топ құрылды. Зерттеу тобы мүшелері отырысы ұйымдастырылды. Отырыс барысында мектептегі 5 сынып оқушыларының бірнеше пәндер бойынша функционалдық сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланып, зерттеу жұмыстары жоспарланды.
Зерттеу тобы кездесулерінің жоспары
| Кездесулер | Қарастыру мәселесі |
| Бірінші кездесу |
|
| Екінші кездесу |
|
| Үшінші кездесу |
|
| Төртінші кездесу |
|
- Топ мүшелерінің тізімін бекіту
- Зерттеу сұрағын, мақсатын, зерттелетін әдіс, стратегияны анықтау.
- Зерттеу сыныбын таңдау
- Бірінші циклде зерттеуді қай пәннен және қай күні өткізетіндерін келісу
- Сабақ жоспарын жоспарлау
- Жұмыстың нәтижелілігін қамтамасыз ететін ережелер жүйесімен келісу, келесі кездесудің жоспарын жасау
| Сабақты зерттеу (Lesson study) тобының мүшелері | ||
| № | Аты- жөні | Лауазымы |
| | Салкынбаева Жазира Сагадиевна | Математика пәні мұғалімі Педагог-зерттеуші 3-деңгей |
| | Утенова Айткүл Нұрахметовна | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Педагог-зерттеуші 3-деңгей |
| | Танкакова Гүлжан Карекеевна | Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Педагог-зерттеуші |
| | Ешжан Бота | Мектеп психологы |
| Сабақ беретін пән мұғалімдері | ||
| 1. | Жакенова Гульмира Темирхановна | Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Педагог-сарапшы |
| 2. | Турсунбаева Назгуль Жарасовна | Математика пәні мұғалімі Педагог-модератор 3-деңгей |
| 3. | Мамраимова Қымбат Ізбасарқызы | Жаратылыстану пәні мұғалімі Педагог-модератор |
Мақсаты:Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы 5 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
Күтілетін нәтиже:
- Сабақта енгізілген белсенді оқыту әдістері мен тапсырмаларды қолдану арқылы сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығы дамиды, сыни ойлау дағдысы, өз ойын жеткізу қабілеті артады артады.
- Зерттеу сабақтары нәтижесінде оқушылар жаңа ақпаратты табуды, интерпретациялауды, бағалауды, салыстырып талдауды, ой тұжырымдауды үйренеді
Зерттеу сабақтарының ( Lesson study) өткізілу кестесі
| № | Пән мұғалімі | Сабақ тақырыбы | Пәні | Күні | Сынып | Уақыты |
| 1 | Турсунбаева Назгуль Жарасовна | Ондық бөлшектерді қосуға есеп шығару | Математика | 17.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
| 2 | Жакенова Гульмира Темирхановна | Үйсіндер мен қаңлылар | Қазақстан тарихы | 19.02.26 | 5 | 12:30 - 13:15 |
| 3 | Мамраимова Қымбат Ізбасарқызы | Жанды табиғаттағы үдерістер. Фотосинтез | Жаратылыстану | 11.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
| № | Пән мұғалімі | Сабақ тақырыбы | Пәні | Күні | Сынып | Уақыты |
| 1 | Турсунбаева Назгуль Жарасовна | Ондық бөлшектерді қосуға есеп шығару | Математика | 20.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
| 2 | Жакенова Гульмира Темирхановна | Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы. | Қазақстан тарихы | 20.02.26 | 5 | 12:30 - 13:15 |
| 3 | Мамраимова Қымбат Ізбасарқызы | Энергия түрлері мен көздері | Жаратылыстану | 13.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
| № | Пән мұғалімі | Сабақ тақырыбы | Пәні | Күні | Сынып | Уақыты |
| 1 | Турсунбаева Назгуль Жарасовна | Ондық бөлшектерді қосуға есеп шығару | Математика | 24.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
| 2 | Жакенова Гульмира Темирхановна | Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. | Қазақстан тарихы | 26.02.26 | 5 | 12:30 - 13:15 |
| 3 | Мамраимова Қымбат Ізбасарқызы | Энергия түрлері мен көздері. Температура мен жылу энергиясын ажырату | Жаратылыстану | 18.02.26 | 5 | 11:40 - 12:25 |
- Жоспардың түпнұсқасын таңдау
- Өзгерістер енгізу, ұсыныстар жасау
- Сыныптағы бақылауға алынатын А, В, С оқушыларын белгілеу
- А, В, С оқушыларын бақылайтын мұғалімдерді анықтау
Сыныптағы бақылауға алынатын А, В, С оқушылары мен бақылайтын мұғалімдер бекітілді.
Бақыланатын оқушылардың тізімі
| № | Сынып | Оқушының аты - жөні | Деңгейі | |
| 1 | 5 | СалимбайАйзере | Жоғары | А |
| 2 | 5 | Талғатұлы Алмат | Орташа | В |
| 3 | 5 | Әділхан Әлижан | Төмен | С |
| № | Деңгейі | Оқушының аты - жөні | Мұғалімнің аты-жөні |
| 1 | А | СалимбайАйзере | Салкынбаева Жазира Сагадиевна |
| 2 | В | Талғатұлы Алмат | Утенова Айткүл Нұрахметовна |
| 3 | С | Әділхан Әлижан | Танкакова Гүлжан Карекеевна |
1. Жоспарды талдау, ұсыныстар арқылы түзетулер енгізу
2. Зерттелетін стратегиялар бойынша оқушылардың болжанатын сұрақтарын дайындау
3. А, В, С оқушылары үшін бақылау парақтарын дайындау
4. Оқушылардан алынатын интервью сұрақтарын әзірлеу
Зерттеу сабақтарын өткізетін пән мұғалімдерінің сабақ жоспарлары талданып, нақты ұсыныстар мен толықтырулар, өзгертулер енгзілді. Зерттелетін стратегиялар бойынша оқушылардың болжанатын сұрақтары дайындалып, сынып ата-аналарынан, сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінен, оқушылардан алынатын сауалнамалар, сынып жетекшісінің сынып оқушыларына свот талдауы, тб қажетті құжаттар тізбесі құрылып, ұйымдастыру шаралары жүргізілді. Оқушылардан алынатын интервью сұрақтары әзірленді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту
Мақсаты:
Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
Зерттеу әдісі – Ақпаратты саралау, бағалау және сұрыптау әдісі. Ең алдымен сабақты зерттеу мақсаты мен күтілетін нәтижелері анықталды. Мақсаты: Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы 5 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту.
Сабақты зерттеу жүргізу 3 аптаға жоспарланды, кездесулер мен олардың мақсаттары, іс –шаралары анықталды. Зерттеу үрдісінің алғашқы аптасында зерттеу тобы Сабақты зерттеуді жүзеге асыру үшін зерттеу тобының 1- кездесуінде 5 сыныбының сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, мектеп психологі шақырылып, сыныптың білім сапасы 55,56%, мектептегі төменгі сапа көрсеткен сыныптардың бірі екені анықталды.
Сыныптың оқу үлгерімі бойынша жинақталған деректер төмендегідей
2025-2026 оқу жылында 5 сыныбында жыл басынан 27 оқушы. Сыныпта 27 оқушының 13- қыз бала, 13- ұл бала, 1 оқушы денсаулығына байланысты үйден оқиды. Сыныптағы оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы жақсы. Сыныпта ерекше білім беруді қажет ететін оушылар жоқ. Сынып оқушыларының білім алуға қабілеттері жақсы, кейбір пәндерден тапсырма орындауда сыныптағы оқушылардың көпшілігі қиналады. Тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптың білім сапасы 55,56%,
Жеке пәндерден алатын болсақ
| Пәндер | Қазақ т | Қ. әдебиеті | Дж тарихы | Математика | Информатика | Жаратылыстану | Орыс тілі | Қазақстан тарихы | Шет тілі | Орта балл |
| І1-тоқсан | 61,54 % | 61,54 % | 57,69 % | 57,69 % | 61,54 % | 61,54 % | 65,38% | 61,54 % | 65,38% | 55,56% |
Оқушылардың математика, жаратылыстану, орыс тілі мен әдебиеті, дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, информатика, қазақ тілі, қазақ әдебиеті пәндерінен білім сапасы -55,56 % құрап, басқа пәндерге қарағанда төмен көрсеткіш көрсетті
1-тоқсандағы білім сапасымен салыстырғанда білім сапасы +5% артқан, дегенмен мектептің орта білім сапасынан төмен.
Кездесу барысында зерттеу тобы мүшелері мен пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, мектеп психологімен бірлескен сұхбат талқылау жасалынып, алғашқы деректер жинақталды. 5 сыныптың оқытылуына қатысты барлық проблемалар ортаға салынып, талқыланып, оларды шешу жолында келесі кездесуге әр зерттеуші топ мүшелеріне, мектеп психолгіне сынып бойынша, сыныптың оқуына қатысты ақпарат жинақтауға, мұғалімдер мен оқушылардан осы сыныптың оқытылу үрдісі бойынша сауалнама алуға тапсырма берілді.
Зерттеу тобының 2-кезекті отырысында 5 сынып оқушыларының сыни ойлау мен өз ойын жеткізу дағдыларының арттыру жолдары, оқушылардың белсенді әдістерді қолданып өтілетін сабақтарға қызығатыны анықталды. Барлық деректер сауалнама нәтижелері, оқушылармен, пән мұғалімдерімен жүргізілген сұхбат талдауы, сыныптың тоқсандық білім нәтижелерінің мониторингі, мектеп психолгінің психологиялық зерттеу талдамасы, сынып жетекшісінен алынған сыныпқа мінездеме, оқу үлгеріміне қатысты есептер талданып, зерттеу тобының кезекті отырысында талданып, оларды шешу жолдарын іздеуде ғылыми әдебиеттерге шолу, атақты педагогтердің еңбектері мен іс-тәжірибесімен танысу үшін 1 апта зерттеу жүргізілді. Нәтижесінде зерттеу тобы мүшесі А.Утенова оқушылардың мотивациясын көтеру жолдары бойынша өз презентациясын ұсынып, әдіс-тәсілдерімен бөлісті. Г.Танкакова сабақта қолданылатын жаңа белсенді әдістер бойынша таныстырылым жасады. Ж.Салкынбаева 5 сынып оқушыларының бейімделушілік проблемалары, оқушылардың біліміндегі олқылықтарды болдырмай, сыни ойлау дағдысының арттыру жолдары бойынша өз тәжірибесімен бөлісті. Зерттеуші топ мүшелерімен ақылдаса келе, жоспарланған сабақтарда сыни ойлауды және өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін АҚПАРАТТЫ САРАЛАУ, БАҒАЛАУ ЖӘНЕ СҰРЫПТАУ әдісі таңдап алынды. Сабақта барлық жұмыс түрлері, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері, оқушыларды бағалау арқылы, интербелсенді әдістер, АКТ қолданып, қызығушылығын арттыру көзделді. Жоспарлау кезінде бақылаудағы оқушыларға алдын ала болжамдар жасалынып, күтілетін нәтижелер жазылды.
Әрбір сабақты зерттеу – зерттеу сабақтарын өткізбестен бұрын зерттеуші топ мұғалімнің сабақ жоспарын талдап, өзгертулер енгізіліп отырды. Математика сабағы бойынша пән мұғалімі Н.Турсунбаева сабақ жоспары 2 рет өзгертіліп, түзетіліп, толықтырылып, бірлесе отырыста талқыланып, 3 ҚМЖ түрі жасалды. Сабақ жоспарын жоспарлауда оқушылардың үні, олардан алынған интервьюдің нәтижелері мен оқушы жауаптары ескерілді.
Әрбір екінші отырыста сабақтың алдында оқушылардан сұхбат алынып, олардың ойлары мен рефлексиялары ескеріліп, сабақ жоспарына тағы да өзгеріс енгізіліп отырды. Сабақтан соң әр мұғалім бір оқушыны бақылау арқылы бүкіл сыныптың қалай жұмыс істегенін, сабақтың мықты жақтары мен түзету қажет жақтарын, оқушының білім алуын, сабақ нәтижелерін талдап, келесі сабақта тәжірибені жақсарту үшін бірлесе талқылап отырды. Сабақта бақылау, қадағалау, сұбат алу құралдары, қойылатын сұрақтарды мұғалімдер бірлесе анықтады.
А оқушы В оқушы С оқушы
1 -Зерттеу сабағының жоспары
| Пәні: математика | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді қосуға есеп шығару |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
| Сабақтың мақсаты: | Білім алушылар ондық бөлшектерді қосуға есеп шығарумен танысады. |
| Әдіс тәсілдер | «Миға шабуыл» әдісі, «Еркін микрофон» |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау |
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, А4 парағы |
| Пәні: математика | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді азайту |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
| Сабақтың мақсаты: | Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтумен танысады. |
| Әдіс тәсілдер | «Миға шабуыл» әдісі , саралау әдістері, «Көршіңмен бөліс» |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау |
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, А4 парағы, кеспе қағаздар, түсті маркерлер |
| Пәні: математика | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы: | Ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығару |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.1.2.27 ондық бөлшектерді қосу және азайтуды орындау |
| Сабақтың мақсаты: | Білім алушылар ондық бөлшектерді азайтуға есеп шығарумен танысады. |
| Әдіс тәсілдер | «Миға шабуыл» әдісі , саралау әдістері, «Көршіңмен бөліс» |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау |
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, А4 парағы, кеспе қағаздар, түсті маркерлер |
1-зерттеу сабағында Н.Ж.Турсунбаева «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбындағы сабағында «Миға шабуыл», «Практикалық және көрнекі әдістер», «Проблемалық оқыту әдісі», «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі», топтық-жұптық-жеке жұмыс әдістерін қолданды. Әр тапсырмада мұғалім критерийлер ұсынып, оқушылардың жетістігі бойынша кері байланыс ұсынып отырды. Оқушылар жеке жұмыста «Практикалық және көрнекі әдісі» бойынша оқулықтағы тақырыптық есепті орындап шешімін жұмыс дәптерінде, тақтада көрсетті. «Проблемалық оқыту әдісі» арқылы жұптық жұмыс жүргізе отырып, қате шығарылған есептердің дұрыс шешімін келтіріп «Неге бұлай?» деген сұраққа жауап беру арқылы есептерді талдай отырып дұрыс жауаптарын теориялық тұрғыдан дәлелдеді. Топтық жұмыста «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» арқылы берілген тапсырманы талдап, бос орындарды дұрыс мәліметтермен толтырып есептерді шығарды. Нәтижесінде ондық бөлшектерді қосу үшін тиісті қадамдарды орындап, есептің жауабын жазды, яғни өтілген тақырыпта алған білімдерін талдап, сұрыптап, бағалады. Өз ойларын ашық жеткізіп, пікірлерін дәлелдеді. Соңғы саралау тапысырмасында В-тобындағы тапсырма берілді. Күрделілігі орташа тапсырма болғандықтан мұғалімнің көмегі мен қолдауы арқылы тапсырма орындалы. Зерттеу сабағында зерттеу тобындағы мұғалімдер А, В, С деңгейіндегі бақылаудағы оқушыларды қадағалады. Сонымен қатар сабақ беру үрдісіндегі қолданылған әдіс-тәсілдердің, енгізілген топтық жұмыстың, сыныптағы іс –әрекеттің жоспарға сай орындалуын сырттай бақылаушы 1 мұғалім және топтағы мұғалімдермен бақылау жұмысын бірлесе жүргіздік. Оқушыларды қадағалау алдын ала анықталған күтілетін критерийлер бойынша жүргізілді, оқуылардың сабақтағы іс әрекеттері, білім алуы толық бақыланды. Сабақта оқушылар «Сен бүгін кереметсің!», «Бүгінгі күнге сәттілік!», «Сен ақылдысың!», «Сәлеметсіз бе!», «Жұлдызың жансын!», «Сенің қолыңнан барлығы келеді!» сөздері жазылған парақшаларды алу арқылы 6 топқа бөлінді. Оқушылар топта белсенді жұмыс істеді. Берілген тапсырманы орындауды оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс атқарды. Бұл сабақта «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» жұптық жұмыста қолданылды. Оқушылар сабақта уақытты тиімді пайдалана алмады. С деңгейлі оқушы тапсырманы орындауда көмекті қажет етіп, топта белсенділігі төмен болса, В деңгейлі оқушы тапсырмаларды орындап топта белсенділік танытты, тақырып бойынша өз ойын жеткізді. А деңгейлі оқушы тақырыпты меңгергенімен, тапсырманы орындауда яғни ондық бөлшектерге натурал сандарды қосу мен натурал сандардан ондық бөлшектерді азайту есептерінде көмекті қажет етті. Көбіне қолдауды қажет етеді, математикалық тілде ойын жеткізуге төселу қажет. Тақырыптық есептерді шығаруда сыныпта топтық жұмыс арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту әдісі тиімді болды, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты. Сыныпта барлық оқушы тапсырманы орындауға тартылды. Сабақта біршама оқушылар белсенділік танытты, бір-бірімен диалогқа түсіп тапсырманы, орындау жолын талқылады. Сабақта кездескен кедергілер жоқ, жоспар бойынша жүргізілді. Ұсыныстар: оқушыға көп мүмкіндік беру, уақытты тиімді пайдалану, тақырыптың күрделілігіне, тапсырмаларды баған түрінде орындау мен тексеруге көп уақыт қажет болғандықтан топтық жұмысқа бір ғана тапсырма беру арқылы оқушылардың тақырыпты толық меңгеруіне жағдай жасау. Сабақтан соң алынған сұхбатта бақылаудағы 3 оқушы сабақта топтық жұмыстың ұнайтынын, сабақта өз ойын айтуда, дәлелдеуде қиналатынын, сұрақ қоюда қиындық көретінін атап өтті. Оқушылардың кері байланысынан сабақтың ерекше өткенін, топта белсенді жұмыс істеу және жаңа әдіс–тәсілдерді сабақта қолдану ұнағанын, осындай сабақтар жиі болғанын қалайтынын атап өтті. Осы келтірілген деректерге және оқушыдан алынған сабақтан соңғы интервью жауаптарына сәйкес 3-СЖ жасалды. Зерттеу тобы мұғалімнің сабақ барысындағы және оқушылардың тиімді жақтары мен жақсартуды қажет ететін тұстары талқыланды.
Ақпаратты саралау, бағалау, сұрыптау әдісі
Топтық талқылау
Екінші зерттеу cабағында қайта жоспарлау кезінде А,В,С оқушыларының сабақ барысындағы іс әрекеттері жасаған бақылау негізінде келесі сабақтарға өз ойларын жазу ұсынылды. Екінші зерттеу сабағында алғашқы сабақтың қорытындысының ұсыныс ескеріле отырып, 4- СЖ жоспарланды. Зерттеу сабағын өткізбес алдын оқушылардың пікірлері де назарға алынды. Зерттеу сабағы Қазақстан тарихы пәні бойынша өткізілді. Екінші сабақты жүргізген пән мұғалімі, әрі сынып жетекшісі Жакенова Гүлмира мен оқушылар арасында жағымды қарым-қатынас байқалды.
1 -Зерттеу сабағының жоспары
| Пәні: Қазақстан тарихы | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы | Үйсіндер мен қаңлылар |
| Оқу мақсаты | 5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру; 5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты | Қаңлы атауының мағынасын біледі.Қаңлы мемлекеті туралы мәліметтер қалдырған қытай авторлары туралы мәлімет біледі Сыма Цянның жазған еңбектері жөнінде құнды ақпараттарды біледі.Қаңлы мемлекетінің әлсіреуі туралы түсінеді. |
| Сабақтың түрі | Жаңа сабақ |
| Әдіс тәсілдер | «Тарих шеңбері» әдісі, «Кинометафора» әдісі, Тарихи хат. Жұптық жұмыс,жеке жұмыс, топтық жұмыс. |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру |
|
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, видео, А4 парағы, кеспе қағаздар, түсті маркерлер |
| Пәні: Қазақстан тарихы | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы | Үйсіндер мен қаңлылар |
| Сабақтың тақырыбы: | Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы. Зерттеу сұрағы: Қаңлыларда қала мәдениетінің дамуы немен байланысты? |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 5.4.2.3 Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру 5.3.2.2 Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік бірлестіктердің көрші елдермен қарым-қатынасын анықтау |
| Сабақтың мақсаты | Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіреді. Қаңлы мемлекетінің көрші елдермен қарым қатынасын анықтайды |
| Әдіс тәсілдер | «Бір сөз – бір үміт» әдісі Өткен білімді тексеру. Кім жылдам? «Суретті сөйлет» әдісі Жұптық жұмыс. «Дұрыс тұжырымды анықта». Жеке жұмыс.«Қаңлы тұрғынының күнделігін толтырыңыз» «Сұрақты қағып ал» әдісі Жұптық жұмыс,жеке жұмыс, топтық жұмыс. |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау |
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, видео, А4 парағы, кеспе қағаздар, түсті маркерлер |
| Пәні: Қазақстан тарихы | 5 сынып |
| Сабақтың тақырыбы | Үйсіндер мен қаңлылар |
| Сабақтың тақырыбы: | Қаңлылардың қоғамдық құрылысы. Зерттеу сұрағы: Сыма Цянь қаңлы қоғамын қалай сипаттады? |
| Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 5.1.2.2 әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру; 5.3.1.2 ежелгі мемлекеттік бірлестіктердің құрылуын түсіндіру |
| Сабақтың мақсаты | Қаңлы атауының мағынасын біледі.Қаңлы мемлекеті туралы мәліметтер қалдырған қытай авторлары туралы мәлімет біледі Сыма Цянның жазған еңбектері жөнінде құнды ақпараттарды біледі.Қаңлы мемлекетінің әлсіреуі туралы түсінеді. |
| Әдіс тәсілдер | «Тарих шеңбері» әдісі , «Кинометафора»әдісі,«Сен білмейсің, мен білем»,«Тарихи хат» |
| Зерттелетін стратегия | Белсенді оқыту әдістерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын, оқу қабілеттерін жақсарту |
| 7 модульді ықпалдастыру | Оқу мен оқытудағы жаңа әдістер Сын тұрғысынан ойлауға үйрету Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау |
| Ресурстар | Мұғалімге арналған оқулық Сыни ойлауды дамыту әдістері |
| Көрнекіліктер | Слайд, видео, А4 парағы, кеспе қағаздар, түсті маркерлер |
Бақылаудағы А, В, С оқушыларының топтағы бірлескен жұмысы, тапсырманы өздігінен немесе біреудің көмегімен орындауы, сұрақтар қоя білуі, берілген тапсырмаларды орындауды сыни тұрғыдан ойлау білуіне жалпы алғанда білім алуына басты назар аударылды. Сабақ барысында жалпы сынып та назардан тыс қалмады. Оқушылар тақырып бойынша жұптық талқылау «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі» арқылы тақырып бойынша негізгі ақпараттарды анықтап, мәліметтерді жұмыс дәптерлеріне жазды. Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Г.Жакенова сабақта қолданылған белсенді әдістері мен сабақ мақсатына сай ұйымдастырылған тапсырмалары оқушыларға оң әсерін тигізіп, оқушылардың сыни ойлау дағдысы мен ойын еркін жеткізу қабілетін арттыруға септігін тигізді. Олар өз ойларын ортаға салып, дәлелдеуді үйренді. Олар бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын ортаға салушы, ал мұғалім -бағыттаушы, ұйымдастырушы болды. Осы сабақта тиімді болғаны «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау әдісі», «Қаңлы тұрғынының күнделігін толтырыңыз», «Сұрақты қағып ал» әдісі тиімді болды. Оқушылар тақырып бойынша тыңдалған мәтіннен қосымша ақпаратты табуда қиналды. Оқушылардың берілген кері байланысында да олардың топта бірлесе жұмыс істеуді және жұппен жұмыс істеу тапсырмалары ұнайтынын көрсетті. 2 - зерттеу сабағында А деңгейлі оқушы өзінің тапсырманы толық орындауға тырысты, В деңгейлі оқушы өздігінен ізденуге талпынды, сұрақтарға жауап берді. С деңгейлі оқушы сұрақтар қоюда қиналды, бірақ топтық талқылауда белсенді болды.
Екінші сабақтан соң оқушылармен интервью алынып, кері байланыс бойынша ойлары ескеріліп, 3 сабақ жоспарланды.Зерттеу сабағының алдында мұғалімнің алдын ала жоспарлаған ҚМЖ бірлесе талқылып, өзгертілді. Мұнда сұрақ –жауап, топтық және жұптық жұмыс жоспарланды. Сабақ соңында және басында алынған интервью жауаптары, қадағалаған деректер жинақталып, 4 СЖ жоспарланды. Зерттеу тобы мүшелері сабақтан соң отырысты талдап, сабақтың СВОТ талдау жасады.
3 - зерттеу сабағы Қазақстан тарихы пәнінен өткізіліп, пән мұғалімі Г.Жакенова сабақ өткізді. Сабақ жоспары - 5 СЖ бірлесе жоспарланып, интервью сұрақтары әзірленді. Сабақта топтық және жұптық жұмысқа арналған тапсырмалар «Тарих шеңбері» әдісі , «Кинометафора» әдісі,«Сен білмейсің, мен білем»,«Тарихи хат», «Пікір алмасу» әдістері алынды. Оқушылардың сабақта қызығушылығы артып, ойын жеткізуге тырысты. Саралау үшін оқушыларға жеке тапсырмалар да берілді. Берілген критерийлер бойынша топтар өзара бағаласа, оқушылар өздерін де бағалай алды. Физика сабағында оқушылардың тәжірибелер мен тапсырмаларды орындауда, өз ойын жеткізуге кедергі болғанмен оқушылар топта, жұпта бірлесе жұмыс істеу арқылы тапсырмаларды орындай алды. «Ақпаратты талдау, сұрыптау және бағалау» әдісі бойынша деформация түрлерін анықтауда А деңгейлі оқушы өз ойын жеткізе алды. В деңгейлі оқушы сұрақтар қоя алды, С деңгейлі оқушы сұрақтарға жауап бере алды. Бұл сабақта оқушыларға «Пікір алмасу» әдісі тиімді болды. Оқушылар сұрақтар қою мақсатында топта бірлесе талқылады, сұрақтарға жауап беруге тырысты, сабаққа қызығушылықтары артты. Зерттеу нәтижесінде барлығы 9 СЖ жасалынды, барлық деректер ақпараттар, сабақты бақылау құралдары арқылы жинақталды. Зерттеу тобы сабақтың тиімді, тиімсіз болған тұстарын, әр зерттеу сабағынан соң МҰҒАЛІМ және ОҚУШЫНЫҢ жақсы жақтары мен жақсарту тұстарын бірлесе талқылады.
Жұбыңмен талқыла Өткенді қайталау
"10іміңді тексер «Тапсырма» әдіен қосымша ақпаратты табуда қолдана алады. алады. Оммысты топта орындап, таза заттардан қоспа Нәтижесінде сабақты зерттеу 5 сынып оқушыларының сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын арттыру мақсатында сабаққа жаңа тәсілдерді енгізіліп, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу, өз ойларын еркін жеткізу, дәлелдеу, шығармашылық қабілетін арттыру, мақсатқа жету жолдары қадағаланды. Сабақты зерттеу 3 циклде жүргізілді. 1 циклде алғашқы зерттеу сабағы бірлесіп жоспарланып, өткізілді. Сабақ соңында оқушылармен сұхбат жүргізіліп, олардың пікірлері ескеріле отырып, зерттеу жүргізуші мұғалімдер бірлесе талдау жасап, келесі зерттеу сабақтарын бірлесе жоспарлап отырды. Осындай іс әрекет әрбір келесі сабақта қайталанып отырды. 3 цикл аяқталған соң мұғалімдермен бірлесіп, Сабақты зерттеу қорытындыланды. Нәтижесінде жалпы сыныптағы әр түрлі деңгейдегі оқушылар бойынша өзгерістерді анықтап, төмендегідей қорытынды жасалды.
Практикалық жұмыс Қызығушылығын ояту Сұрақтар бекеті
С деңгейіндегі оқушы
- Берілген тапсырмаларды өз деңгейінде жасап, ойын жеткізе өз деңгейінде жеткізе алды.
- Жеңіл сұрақтарға жауап беріп, сыныптастарының көмегімен топтастыру жасай алды, өздігінен жұмыс істеуге ынталандырылды.
В деңгейіндегі оқушы
- Алған білімдерін қолданып, өз ойын еркін жеткізді, сұрақтарға жауап беріп, дәлелдер ұсынды.
- Өздігінен жұмыс істеп, топтастыру тапсырмасында сынынптастарымен бірлесе тапсырмаларды дұрыс орындап шықты.
- Проблемалық сұрақтарға жауап беріп, дәлелдер табуға ізденді. Өз білімдерін қолданып, шығармашылық тапсырмаларды, топтастыруды орындай алды.
А деңгейдегі оқушы өз тапсырмаларын орындап тастап, қасындағы оқушыларға көмектесе бастады. В деңгейіндегі оқушы топтық жұмыста белсенділі танытып, басқа оқушылардан асып кетуге тырысты. Ал С деңгейіндегі оқушы тапсырмаларды орындауды басқаның көмегін қажет етті, және кейбір тапсырмаларды өзі орындай алды, сабақта өз ойларын айтыуды үйренді, топтастыру жасай алды. Бір сөзбен айтқанда А, В,С деп белгіленген үш оқушы біз межелеген табыс критерийлеріне жетті. С оқушы бейтарап отыратын күйден арылды, В оқушы кері байланысында жауап бергенде көп дайындалу керек,- деп жазыпты. А деңгейіндегі оқушы өзінің көп ізденетінін, білімге құштарлығын, тобымен ынтымақтаса жұмыс істейтінін көрсетті.
Қорыта айтқанда, Сабақты зерттеу нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік. Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ.
Жұмысты қорытындылай келе пән мұғалімдеріне төмендегідей ұсыныстар жасалды.
- Сабақтарда тапсырмалар оқу мақсатына бағытталып, оқушының орындай алу деңгейі критерийлер бойыша анықталуы тиіс.
- Тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы тиіс, тапсырмалар оқушыларды ынталандыру қажет.
- Сабақты тапсырмаларды көп алмау, оқушыларды тапсырмаларды орындауды бағыттау, шығармашылық тапсырмаларды енгізу.
- Уақытты тиімді пайдалану, АКТ қолдану
- Қабілеті жоғары оқушыларға саралару тапсырмаларын ұсыну
- Топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, сабақта интербелсенді тәсілдерді қолдану, әрбір орындалған тапсырмаларға дұрыс дескрипторлар құру
- Оқушылардың берген жауабын мұқият тыңдау, олардың жауаптары негізде қайта бағыттау, жіберілген қателерді көрсету
Осы жерде, «Мұғалімдер, өз кезегінде, өзінің сабақ беруіне емес, оқушылардың оқу ептілігін дамытуға назар аударуы тиіс.Осы мақсатта мұғалім оқыту ортасын құру керек, соның арқасында оқушылар ақпаратты енжар қабылдамай, оқу үдерісіне белсенді қатысатын болады» деген Выготскийдің сөзінің ақиқаттығына көзім жетті.
5 сыныбында Lesson study (іс-әрекетті зерттеу) бойынша SWOT талдау Зерттеу сұрағы:Сабақтарда функционалдық сауаттылық тапсырмаларын қолдану арқылы оқушылардың оқуын қалай жақсартуға болады?
| “S” (Strengths) күшті жақтары | “W” (Weaknesses) әлсіз жаы |
| Оқушылардың сабақтарда белсенділігі артып келеді. Бақыланушы оқушыларға келетін болсақ В оқушы( Талғатұлы Алмат) көшбасшылық қасиеттеріне ие. Сабақ бойынша талдау жасап, нәтиже жығара алады. Барлық оқушы өз ой-пікірлерін айтуға жаттығып келеді. Қосымша мәліметтер негізінде сабақты байланыстыра біледі Кейбір оқушылардың танымдық, логикалық көзқарастары жақсы дамыған Жаратылыстану сабағынан 5 сынып 1-2 тоқсан салыстырғанда білім сапасы +5 % көтерілді. Сабаққа белсенді қатысады, сабақта берілген тапсырманы орындайды | Балалардың өз пікірін ашық айта алмауы. А оқушылардың топтық жұмыстарда шетте қалуы. Әр кім өз бетінше жұмыс істейді. Топта бірлескен жұмыс анық байқалмайды. Программалық материалды үйде қайталау байқалмайды. Өзіне деген сенімсіздік болды. Топта бақталасып оқу көрініс таппады. Оқушылардың денсаулығына байланысты сабақтарды толықтолық меңгермей қалуы Кейбір оқушылардың сабақ оқуға ынтасының аз болуы (Сұлтанов Ескендір, Күресжан Ясин, Дәуітбек Еркебұлан); |
| “O” (Opportunities) мүмкіндіктері | “T” (Threats) қауіптері |
| Сабақта интернет мәліметтерін тез таба біледі. Кез келген жағдайда тығырықтан шығатын жол таба алады. Өз ой-пікірін ашық, қысылмай айта алады. Сабақ оқуға мүмкіндіктері бар. Мәлімет табуда АКТ қолдан Сабақтан тыс іс-шараларды ұйымдастыру Сабақта жаңа әдіс тәсілдерді қолдану | Тәртіпті сақтамауы. Сыныптағы көшбасшылыққа бағынбау. Басқалардың ой-пікірі мен санаспай, жоққа шығару. Теориялық білімді практикада жалғастыра алмауы Оқушылардың өтілген тақырыптарды есте сақтамауы Кері байланыстың әлсіздігі |
«Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп»КММ
2025-2026 оқу жылының 08.12.2025 - 06.03.2026 оқу жылы аралығында әдістемелік бірлестіктердің пән апталықтардың жұмыс жоспары
Тақырыбы:«Барлық істің басшысы – білім мен ұғым »
Мақсаты: Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен әрекетінің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану; оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту; білім алушыларға сабақта және сыныптан тыс қосымша білім бере отырып олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.
| Айы | № | Әдістемелік бірлестік | Мерзімі | Жауаптылар | |
| Қаңтар | 1 | Жас мамандар, психолог апталығы мамандар | 08.12 - 12.12.2025 | А.Н.Канапиянова Мектеп әкімшілігі | |
| 2 | Мектеп әкімшілігі | 12.01 - 16.01.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
| 3 | Аттестаттаудан өтетін пән мұғалімдер апталығы | 19.01 - 23.01.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
| Ақпан | 4 | Тарих, құқық негіздері, дінтану және өнер пәндері ӘБ апталығы | 26.01- 30.01.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | |
| 5 | Химия,биология, физика, география ӘБ апталығы | 02.02 - 06.02.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
| 6 | Математика, информатика ӘБ апталығы | 09.02 - 13.02.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
| Наурыз | 7 | Қазақ тілі , орыс тілі, ағылшын тілі ӘБ апталығы | 16.02 - 20.02.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | |
| 8 | Бастауыш сынып ӘБ апталығы | 23.02.-27.02.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
| 9 | Дене тәрбиесі және АӘД ӘБ апталығы | 02.03-06.03.2026 | А.Н.Канапиянова ӘБ жетекшісі | ||
«Жаңа белес: кәсіби өсу мен психологиялық – ғажайып әлемі» Жас мамандардың
апталығы бойынша мәлімет
2025-2026 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес 2025 жылдың 08.12 -12.12 аралығында жас мамандардың апталығы өткізілді. - Апталық тақырыпқа сай күнделікті сабақ жоспарлары (ҚМЖ) құрылып, бекітілді.
- Қазақ тілі, математика, әліппе пәндерінен сабақтар өткізілді.
- Оқушылармен жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылды.
- Әр сабақтан кейін кері байланыс алынып, оқушы белсенділігі талданды.
- Көңілді үзілістер де ұйымдастырылды.
2. Сабақ беру барысындағы жетістіктер:
- Оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
- Саралау әдістері қолданылып, оқушылардың қабілетіне қарай тапсырмалар берілді.
- АКТ құралдарын тиімді пайдалану арқылы көрнекілік қамтамасыз етілді.
12.12.2025 жас маман А.Т.Басанова 6 «Ә» сыныбында Абайдың «Жетінші қарасөзі» тақырыбында қазақ әдебиеті пәнінен ашық сабақ өткізді. САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ: Оқушылардың Абайдың «Жетінші қарасөзі» арқылы әдеби мәтінді түсіну, талдау және жинақтау дағдыларын дамыту; шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді анықтап, оларды автор идеясы негізінде түсіндіруге бағыттау. Сабақта «Зымыран сұрақ» ЖИГСО «Әдеби үйірме» әдістері қолданылды. Барлық берілген тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкес берілді, бағалау жүргізілді. Оқушылар жеке, топтық тапсырмалар орындады. Сабақ құрылымы оқу мақсатына сәйкес жүйелі жоспарланған. Ұйымдастыру кезеңінде жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, оқушылардың сабаққа қызығушылығы артты.
Жаңа сабақта мәтінмен жұмыс ұйымдастырылып, мұғалім бағыттаушы рөл атқарды. Оқушылар сұрақтар арқылы ой қорытып, өз пікірлерін еркін жеткізді.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мақсатында мәтінмен жұмыс, сұрақ-жауап, топтық талқылау, ой қозғау, пікір білдіру әдістері тиімді қолданылды.
Сабақ барысында Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұны мен идеялық бағыттарын терең ашуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдер жүйелі түрде қолданылды. Әр әдіс оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы анықтау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мәтінді мағыналық бөліктерге бөлу әдісі
Оқушылар қарасөз мәтінін мағыналық бөліктерге бөліп, әр бөліктің негізгі ойын анықтады. Бұл әдіс арқылы оқушылар Абай көтерген талап, еңбек, адам болмысы туралы ойларды нақты түсінді.
«Негізгі ойды анықтау» әдісі
Қарасөз мазмұны бойынша оқушылар автордың негізгі идеясын айқындап, әлеуметтік-қоғамдық мәселені тұжырымдады. Әдіс оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті.
Салыстыру әдісі (Абай дәуірі – қазіргі қоғам)
Оқушылар Абай заманындағы адам бойындағы кемшіліктерді бүгінгі қоғаммен салыстырып, мәселенің өзектілігін дәлелдеді. Бұл әдіс оқу мақсатына сай әлеуметтік мәселені идея арқылы түсіндіруге мүмкіндік берді.
Сабақта жоспарланған оқу мақсатына толықтай қол жеткізілді. Оқушылар Абайдың «Жетінші қарасөзінің» мазмұнын терең түсініп, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселелерді автор идеясы арқылы нақты айқындай алды. Мәтінмен жұмыс барысында оқушылар негізгі ойды анықтап, Абайдың адам болмысы, талап, еңбек, рухани даму туралы көзқарасын талдады.
1 «А» сынып жетекшісі Манас Арайлым 10.12.2025ж. «Щ дыбысы және әрпі» тақырыбында әліппеден ашық сабақ өткізді. Оқушылар белсене қатысты. Тапсырмаларды оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілмеген.
Оқушыларымның қызығушылығын арттыру мақсатында сабақта көптеген әдіс-тәсілдер қолдандым. «Супер ми» кітапшасымен жұмыс жасады. Көңілді үзілістер өткізді.
Оқушылар әріпттерді танып, оқып отыр. Білімге деген құштарлықтары жақсы. Оқушылардың партада дұрыс отыру, жазу дағдылары жақсы қалыптасқан. Мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тапсырмаларды түсініп отырды.
Жоспарға сай «Көңілді үзісліс» өткізілді.
«Көңілді үзіліс» әр үлкен қоңырау кезінде жоспарға сай өткізілді.
Жас мамандардың сабақ өткізу барысында алдынғы сабақтарға қарағанда біршама ілгеру жұмыстары байқалды:
1. Сабақта қосымша ресурс, материалдардың қолдануы.
2. Сабақтың оқу мақсаттары айтылуы.
3.Тапсырмалардың оқу мақсаттарына сәйкестігі.
4.Сабақ барысында АКТ қолдануы.
5. Түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануы.
6. Кері байланыс, рефлексияның жүргізілуі.
Ашық сабақтарын бақылау кезінде келесі кемшіліктер анықталған:
- Бағалау критерийлердің нақты болмауы.
- Саралау жұмыстарының жүргізілмеуі.
- Уақытты тиімді пайдаланбау.
12.01-16.01.26 күндер аралығында мектеп әкімшілігінің апталығы.
Аталық тақырыбы: Педагогтердің кәсібі мотивациясын арттыру.
Мақсаты: Мұғалімдердің кәсібі құлшынысын арттыру, еңбекке деген ынтасын нығайту, шығармашылықпен жұмыс жасауға. Өзін – өзі дамытуға және өсуге ынталандыру.
Апталықтың ашылуында ертеңгісін мұғалімдерге арналған «Себептен, сіз себепсіз» атты тренин өткізілді. Үлкен үзілісте мұғалімдер бөлмесінде қызықты мотивациялық сұрақ - жауап тренингтері апта бойы өткізіліп отырды. Жоспарға сәйкес барлық іс шаралар өтікізіл отырды. Өткізілген іс - шаралар интернет желісіне салынып отырды. Мұғалімдердің тәжірибе алмасуы мен кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында бірнеше мазмұнды жұмыстар жүргізілді.
Шебер сынып барысында тәжірибелі педагогтар өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи оқыту әдістерін көрсетті. Қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, жаңа тәсілдерді меңгерді.
Үстел ойыны «Эко әлем» мұғалімдер арасында өткізілді. Бұл ойын арқылы қатысушылар экологиялық білімдерін жетілдіріп, табиғатты қорғау тақырыбында түрлі тапсырмалар орындады. Ойын қызықты әрі танымдық сипатта өтті.
Семинар «Функционалды сауаттылықты комикстер арқылы қалыптастыру» аясында мұғалімдерге оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың тиімді жолдары ұсынылды. Комикстерді сабақта қолданудың маңыздылығы түсіндіріліп, практикалық мысалдар көрсетілді.
Практикалық сабақ «Автоматты жартылай бөлшектеу және жинау» алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі тарапынан өткізілді. Сабақ барысында мұғалімдерге автоматты қауіпсіз түрде бөлшектеу және қайта жинау тәсілдері көрсетіліп, олар өздері де тәжірибе жасап көрді. Бұл іс-шара мұғалімдердің практикалық дағдыларын дамытуға үлкен мүмкіндік берді.
Оқушыларға арналған іс-шаралар
Оқушылардың білімін, шығармашылығын және белсенділігін арттыру мақсатында қызықты бағдарламалар ұйымдастырылды.
«Ми баттле» интеллектуалдық ойыны оқушылар арасында өткізілді. Қатысушылар түрлі пәндер бойынша сұрақтарға жауап беріп, логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Ойын өте тартысты әрі қызықты өтті.
Қуыршақ театры «Шалқан» ертегісі оқушыларға ұсынылды. Бұл қойылым арқылы балалар достық, бірлік және өзара көмектесу сияқты маңызды құндылықтарды түсінді. Қойылым балалардың қызығушылығын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Қорытынды
Ұйымдастырылған іс-шаралар мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыруға, тәжірибе алмасуына және оқушылардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға оң әсерін тигізді. Барлық қатысушылар белсенділік танытып, іс-шаралар жоғары деңгейде өтті.
Аттестаттаудан өтетін пән мұғалімдер апталығы. Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу, заманауи әдіс-тәсілдерді сабақ барысында тиімді қолдану және аттестация талаптарына сәйкес жұмыс жүргізу
Алпысбаева Асел – зерттеуші санатына өтініш беріп, өз тәжірибесін жетілдіру бағытында жұмыстар жүргізуде. Ашық сабақты өте жақсы өткізді.
Манас Арайлым (бастауыш сынып мұғалімі) – модератор санатына өтініш берген. 1 сынып оқушыларына ана тілден ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты жақсы ұйымдастырған. Оқушылар әріптерді танып біліп, қосып оқып отыр. Кемшіліктер ескертілді.
Болатбаева С. – модератор санатына өтініш тапсырған. Ашық сабақ өткізді. Сүлейменова М. (мектеп психологы) – модератор санатына өтініш беріп, оқушылармен тренинг өткізді. Тренинг барысында психологиялық қолдау мен тұлғалық даму тақырыптары қамтылды.
Джақыпбекова К. (дефектолог) – модератор санатына өтініш беріп, ерекше білімді қажет ететін оқушылармен түзету-дамыту жұмыстары бойынша тәжірибе көрсетті.
Бакеева Л. (мектеп ұйымдастырушы-педагог) – модератор санатына өтініш беріп, оқушылармен «Эко-LIFE» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Іс-шарада экологиялық тәрбие, табиғатты қорғау мәселелері талқыланды.
Басанова А. (қазақ тілі пәнінің жас маманы) – модератор санатына өтініш беріп, пән апталығы аясында ашық сабақ өткізді. Сабақта оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға бағытталған әдістер қолданылды.
Мамраимова Қ. (география пәні мұғалімі) – мерзімінен бұрын сарапшы санатына өтініш берді. Өз тәжірибесінде заманауи білім беру технологияларын тиімді қолданатынын көрсетті.
Шаикова С. (химия пәні мұғалімі) – модератор санатына өтініш беріп, апталық барысында ашық сабақ өткізді. Сабақта тәжірибелік жұмыстар мен зерттеу элементтері қамтылды.
Тарих, құқық негіздері, зайырлылық дінтану негіздері бірлестігінің
26.01-30.01.2026 ж. күндері бойынша апталығы болды.
«Тарихтан тағылым, өнерден тәрбие» тақырыбында
өткен апталықтың
Е С Е Б І
Қаңтар айының 26 - 30 аралығында өткен «Тарихтан тағылым, өнерден тәрбие»тақырыбында Тарих ӘБ пәндерінің апталығы өтті. Апталықтың жоспары әдістемелік бірлестігінің отырысында қаралып талқыланып және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Жаңартылған білім мазмұнына сай оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен эстетикалық талғамын дамыту.Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, тарих сабағының маңыздылығын ұғындыра білу, оқушылардың салыстырмалы түрде ойлау, ой түйіндеу, өзіндік пікір қалыптастыру қабілеттерін дамыту. Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.Тиімді әдіс тәсілдер арқылы оқушылардың функцаналдық сауаттылығын арттыру және оқушылардың зерттеушілік ойлау қабілеттерін пәндеріне қызығушылықтарын арттыру. Апталық барысында мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, ашық сабақтар, сыныптан тыс іс - шаралар. Бірлестіктің апталық жоспарымен таныстыру мақсатында алғашқы күні оқушылар жиыны өткізілді, онда Г. Т. Жакенова апталықта болатын іс-шаралардың өтілу барысымен таныстырып, оқушылардың белсене араласуын сұрап апталықты ашты.
26 қаңтар күні 6 «А», 6 «Ә» сыныптарында Қазақстан тарихы пәнінен «Білім көкпары»тақырыбында сыныптан тыс танымдық сабақ өткізілді, пән мұғалімі – Г. Т. Жакенова
30 қаңтар күні 8 «Ә» сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қазақстандағы ұжымдастыру» тақырыбында ашық сабақ өткізілді, пән мұғалімі – А. Х. Сағымбетов
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың бір жолы ол - сыныптан тыс іс - шаралар. Апта бойына ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылды.
Апталық барысында өткен ашық сабақтар оқушылардың логикалық ақыл-ойын, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатымен білім беру жүйесінің жаңа әдісі-тәсілдері арқылы жоспарланды. Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, сабаққа қызығушылығын оятып, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытып отырады. Пән мұғалімдері оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып оқушыларға тең серіктес болып, бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап, өз ойын ашық айтуға, сөйлеуге қолдау көрсетіп отырды. Апталықтың соңғы күні өткізілген іс-шаралардың қорытындысы шығарылып, барлық өткен әс-шаралар легі Фейсбук желісіндегі Ж. Егінбаев орта мектеп парақшасына салынып отырды. Белсенділік танытқан оқушылар мен әр түрлі сайысқа қатысып, жеңімпаз болған оқушыларды марапаттаумен жабылды.
Әдістемелік апталықтың қорытындысы:
Жоспарланған жұмыстар толық жүзеге асты;
Пән мұғалімдері ашық сабақтар мен ашық іс шаралар өткізді;
Ашық іс - шараға ӘБ мұғалімдері, оқушылар белсене қатысты.
Тарих, құқық негіздері, зайырлылық дінтану негіздері бірлестігінің
26.01-30.01.2026 ж. күндері бойынша апталығы белгіленді. Мен Жакенова Гульмира Темірханқызы апталықта Қазақстан тарихы бойынша 6 «А», 6 «Ә» сыныптарымен сыныптан тыс іс-шара сабағымды өткіздім. Іс-шараның тақырыбы: «Білім көкпары» сыныптан тыс іс-шарамнан үзінді бейнелер. Сыныптар арасында пікір сайыс талпыныспен өтті, сабаққа өте жақсы белсенді қатысты.
Жаратылыстану апталық
Математика және информатика апталығының қорытынды есебі
Өткізілген мерзімі: 09.02.2026 – 13.02.2026
Қатысушылар: 5–11 сынып оқушылары
Ұйымдастырушылар: ӘБ мүшелері
Апталықтың мақсаты:
Оқушылардың математика және информатика пәндеріне деген қызығушылығын арттыру, логикалық, алгоритмдік және сыни ойлау қабілеттерін дамыту, цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағыттау.
Міндеттері:
- Математикалық және алгоритмдік ойлау қабілеттерін дамыту
- Пәндердің өмірдегі маңыздылығын көрсету
- Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру
- Дарынды және қабілетті оқушыларды анықтау
- Шығармашылық, зерттеушілік және топтық жұмыс дағдыларын дамыту
Апталық барысында дәстүрлі іс-шаралармен қатар, заманауи форматтағы жұмыстар ұйымдастырылды:
- Интерактивті викториналар (Kahoot, Quiz форматында)
- QR-код арқылы тапсырмалар шешу
- «Математика күнделікті өмірде» атты шағын зерттеу жұмыстары
- Оқушылардың авторлық жобалары мен цифрлық презентациялары
Іс-шаралар барысы:
09.02.2026 – Ашылу күні
«Математика мен информатика – болашақтың негізі» тақырыбында апталықтың ашылуы өтті.
Ашылу барысында:
- Танымдық бейнеролик көрсетілді
- Қызықты математикалық фактілер ұсынылды (мысалы, «нөл» санының тарихы, π санының қолданылуы)
- Оқушыларға «апталық челенджі» берілді (күн сайын бір логикалық есеп шешу)
«Логика және сандар әлемі» күні ерекше белсенділікпен өтті.
Өткізілді:
- Логикалық есептер марафоны
- «Жылдам ойла, дұрыс шеш!» сайысы
- Қызықты фактілер бұрышы (мысалы: Фибоначчи сандары табиғатта қалай кездеседі)
Оқушылардың 80%-дан астамы тапсырмаларды белсенді орындап, жоғары қызығушылық танытты.
11.02.2026 – Информатика күні
«Алгоритм және кодтау» күні цифрлық бағытта өтті.
Ұйымдастырылды:
- Scratch және Python негізінде қарапайым жобалар
- «Алгоритм құрастыр» практикалық тапсырмалары
- «Болашақ мамандықтары» тақырыбында мини-дискуссия
Оқушылар жасанды интеллект, IT мамандықтары және бағдарламалаудың болашағы туралы өз ойларын ортаға салды.
12.02.2026 – Интеллектуалдық сайыс
«Brain Battle: Math & IT» сайысы апталықтың ең қызықты кезеңдерінің бірі болды.
Сайыс бөлімдері:
- Блиц-сұрақтар
- Логикалық тапсырмалар
- Практикалық IT тапсырмалар
- Капитандар сайысы
Командалық жұмыс, жылдам шешім қабылдау және көшбасшылық қасиеттер айқын көрінді.
13.02.2026 – Қорытынды күн
- Оқушылар жобаларын қорғады
- Үздік жұмыстар анықталды
- Белсенді қатысушылар марапатталды
- «Математика өмірде»
- «Қарапайым қосымша жасау»
- «Логикалық ойындар құрастыру»
- Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты
- Дарынды оқушылар анықталды
- Оқушылардың цифрлық және логикалық дағдылары дамыды
- Топпен жұмыс жасау мәдениеті қалыптасты
Апталық жоғары деңгейде өтті және барлық қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Оқушылар тек теориялық білімін көрсетіп қана қоймай, оны тәжірибеде қолдана білді.
Бұл апталық оқушылардың:
- шығармашылық ойлауын
- сыни талдау қабілетін
- заманауи технологияларды қолдану дағдыларын дамытуға үлкен әсер етті.
- Келесі жылы апталыққа ата-аналарды тарту
- Онлайн олимпиада форматтарын енгізу
- Робототехника элементтерін қосу
- Жоғары сыныптарға күрделі жобалар бер
- өте ресми (директорға тапсыратын нұсқа)
- немесе әдемі дизайнмен Word/PDF құжат
етіп дайындап бере аламын.
16.02.2026 - 20.02.2026 күндері аралығында өткізілген
тілдер апталығының қорытынды есебі
Тақырыбы: Мәңгілік ел -мәртебелі тіл
Мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, тілдің қоғамдағы маңызын ұғындыру және тіл арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау.
16.02.2026 «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ» Апталықтың ашылуы, салтанатты жиын
2026 жылдың 16 ақпанында мектебімізде «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» тақырыбы аясында тілдер апталығының салтанатты ашылу жиыны өтті. Іс-шара «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақ» ұранымен басталып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етті. Жиын барысында ана тіліміздің қоғамдағы маңызы мен ұлттық құндылықтарды сақтаудағы рөлі кеңінен насихатталды. Оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көркемсөз оқып, түрлі ойындарға қатысып, көптілділіктің заман талабы екенін паш етті. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндер бірлестігінің жетекшісі А.Н.Утенова тіл – елдіктің белгісі екенін атап өтіп, апталықтың жоспарымен таныстырды. Бұл шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді оятып, ана тілін білуге, өзге тілдерді құрметтеуге үлкен серпін берді.
17.02.2026 күні Тілдер апталығы барысында мектебімізде ағылшын тілі пәні бойынша 8-9 сынып оқушылары арасында “Intellectual Maraphon” тақырыбында топтық білім сайысы ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-оқушылардың жан-жақты білімін дамытып, логикалық ойлау, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
17.02.2026 күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі А.Абай «Museum visit to look at traditional artefacts and/or traditional dress» тақырыбында 9 «А» сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар дәстүрлі жәдігерлер мен ұлттық киімдердің тарихымен танысып, тақырып аясында тілдік дағдыларын жетілдірді.
18.02.2026 күні мектебімізде 5–6 сынып оқушылары арасында «Тапқыр достар» атты зияткерлік-танымдық топтық жарыс ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
2026 жылдың 19 ақпанында апталық аясында 8-сынып оқушылары арасында орыс тілі пәнінен «Поле чудес» атты танымдық-зияткерлік викторинасы ұйымдастырылды. Викторинаның басты мақсаты — оқушылардың орыс тіліне деген қызығушылығын арттыру және сөздік қорларын байыту. Сонымен қатар, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, өзге тілді меңгеру арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу көзделді.
19.02.2026 күні 8 сынып оқушылары арасында «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты интеллектуалды жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты: қазақтың біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен жырларын оқушылар арасында кеңінен таныту. Ақынның өлеңдерінің шығу тарихын, поэмалары мен аудармаларын талдау арқылы оқушылардың әдеби білім деңгейін көтеру.
2026 жылдың 20 -ақпан күні мектебімізде 7–8 сынып оқушылары арасында “Ең білімді сынып” атты интеллектуалды жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – оқушылардың білім деңгейін арттыру, ойлау қабілетін дамыту және пәндерге деген қызығушылығын күшейту.
17.02-20.02.2026 аралығында «Көңілді үзілістер» ойындары ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып мұғалімдерінің 23.02.2026- 27.02.2026 күндері аралығында
«Бастадым білім нұрын —БАСТАУЫШТАН» тақырыбында өтілген апталықтың есебі
Апталық басталмас бұрын апталықтың жоспары құрылып, әдістеме бірлестігінің екінші отырысында талқыланды және бекітілді.
Апталықтың мақсаты: Пән бойынша оқушылардың қызығушылығын арттыру арқылы белсенділік пен жан-жақты көз қарасын қалыптастыру.
Апталықтың міндеттері:
-оқушылардың білімге деген қажеттілікті саналы түрде түсінуіне жол ашу;
- әр баланың қабілетін таныта отырып, одан әрі дамуына жағдай туғызу;
- пән мұғалімдерінің шығармашылығын шыңдау және озат тәжірибені тарату.
Апталық мынадай жоспарда құрылды:
1.Апталықтың ашылуы
2.Ашық сабақтар
Апталықтың бірінші күні 2-сабақ үзілісінде аппталықтың ашылу салтанатына орай саптүзеу болды. Бұл саптүзеу барысында апта бойында өткізілетін іс - шаралардың жоспары, апталықтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті. Мұғалімдермен және оқушылармен көңілді үзіліс ойнатылды. Барлық мұғалімдер белсене қатысты. Қатысқан мұғалімдер мен оқушыларыға сыйлықтар мен сулар таратылды.
https://www.instagram.com/reel/DVJaaVGiFzL/?igsh=MTRla2pjYjQwOGk4Zg==
https://www.instagram.com/reel/DVJaaVGiFzL/?igsh=MTRla2pjYjQwOGk4Zg==
https://www.instagram.com/reel/DVJTkHbiK4B/?igsh=ZWlpdnQ1bTBjaG5s
Әрбір іс-шаралар әлеуметтік желіге салынып отырды.
Құрылған жоспарға сай мұғалімдердің ашық сабақтарына тоқталсақ:
Мұғалімдер ашық сабақтарында жаңа форматтағы әдіс-тәсілдерін тиімділігіне қарай шебер қолдана білді.
Сабақтарға бастауыш сынып мұғалімдері, мектеп әкімшілігі қатысып, талдау жасалып, жақсы баға берілді. Мұғалімдер сабақ өткізудің түрлі формаларын практика жүзінде танытты.
Манас Арайлым ана тілі пәнінен «Қайталау сабағы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
.
Бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері ерекше көңілмен дайындалды.
2 «Ә» сынып мұғалімі Ә.Алпысбаеваның «Білгілер додасы» сайыс сабағы өте керемет өтілді. 4 «А,Ә» сыныптар арасында «Математикалық аукцион» сайыс сабақ өтілді. Сабақ өте керемет өтілді.
«Oйlike» интеллектуалдық білім сайысын 2 «А» сынып мұғалімі А.Калиева өте тамаша өткізді. Оқушылар белсенділік танытты. 3 «А»сынып жетекшісі А.Қанапиянова «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар!» атты ашық сабақ өткізді. 3 «Ә» сынып жетекшісі Р.Тулесова «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайыс сабағын өткізді. Балалар белсенділік танытты.
1 «Ә» сынып мұғалімі М.Сулейменова Мәтін « Саусақ жаттығулары» тақырыбында ашық сабақ өтті.
Апта бойы пәндер бойынша қызықты сөзжұмбақтар мен тапсырмалар, логикалық есептер ілінді. Оқушылардың қызығушылықтары жоғары болып, белсенділіктерін танытты.Қатысқан оқушыларға мадақтау қағаздары берілді.
Оқушылар апталықтың барлық іс-шараларына белсене қатысып, өз білімдері мен қабілеттерін көрсетті.
Іс-шаралар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқуға оң мотивация қалыптастырды.
Мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, жаңа әдістемелік тәсілдермен танысты.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сөйлеу тілін, танымдық қабілеттерін дамытуға үлкен ықпал етілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау және отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.
«Бастадым білім нұрын – БАСТАУЫШТАН» тақырыбында өткізілген апталық жоғары деңгейде ұйымдастырылып, жоспарланған мақсаттарға толықтай жетті. Оқушылар мен мұғалімдердің белсенді қатысуы апталықтың сәтті өтуіне ықпал етті. Бұл іс-шара оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, олардың жан-жақты дамуына өз үлесін қосты.
«Спорт – денсаулық кепілі » атты
Дене шынықтыру және АӘТД апталықтың қорытындысы.
Мақсаты:
«Оқушыларды жаңаша оқыту арқылы білімдерін тереңдету және дамыту; білім алушыларға сабақта және сыныптан тыс қосымша білім бере отырып олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру».
Ұраны:
«Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.»!
2026 жылдың қаңтар айының 02 мен 06 наурыз аралығында дене шынықтыру және АӘТД пән бірлестігінің «Спорт – денсаулық кепілі » және «Ер –елінің қорғаны» атты апталығы өтті. Апталықты 2-11 сыныптың оқушыларының арасында өткіздік. Апталық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралардың жоспары құрылып, оқу ісінің меңгерушісінің келісімімен, мектеп директоры бекітті.
Апталық қарсаңында мектептің спорт залында тақырыпқа байланысты апталық қабырға газеті ілінді.
02 наурыз күні сағат 09.00-да апталықтың ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, мектептің педагог- психологы, мұғалімдер қатысты. Апталықтың ашылуында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанапиянова Айгерім Нургалиевна сөз сөйлеп сәттілік тіледі. Бірлестік жетекшісі Уалиев Азамат Рыскелді апталықтың ашылу салтанатымен құттықтады. Апталықтың жоспарымен, тақырыбымен, мақсаты және ұранымен таныстырды . Сонымен қатар дене шынықтыру және АӘТД бірлестіктің пән апталығының ашылуына орай мұғалімдер арасында әр түрлі ойын жарыстар өткізді. Жақсы ойын өрнегін көрсеткен мұғалімдерге мадақтамалар берілді. АӘТД бірлестіктің пән апталығында сабақты дұрыс өткізуге, оқушыларға сабаққа белсене қатысуға шақырды.
Апталық ашық сбақттар:
02 наурыз дүйсенбі күні 3 сабақ 11 «ә» сыныпқа««Техногендік сипаттағы қауіптілік» тақырыбы бойынша апталық ашық сабақты. АӘжТД пәнінің мұғалімі Жаманқаранов Ерік Қабдолдаұлы.
04 наурыз күні 5 сабақ 6 «ә» сыныбында Спорттық ойын: Баскетбол . «Допты кеудеден екі қолмен беру және қабылдау»тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Малдыбаев Мұрат Жебегенұлы өткізді.
06 наурыз күні 5 сабақ 4 «ә» сыныбына Ойындардағы қиялды дамыту. «Қозғалмалы ойын»тақырыбында ашық сабақты Отызбаев Рахат Қалдыбайұлы өткізді.
03 наурыз сейсенбі күні 5 сабақ Қашықтықтан өту тактикасының негізі. Спорттық ойын. Волейбл. «Шабуыл соққысы. Тосқауыл қою». тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәнінің мұғалім Жексенбинов Айдар Нұрдәулетұлы ашық 9 «а» сынып сабақ өткізді.
05 наурыз бейсенбі күні 6 сабақ 6 «ә» сыныпта Спорттық ойын: Волейбол. «Артқы шептегі ойыншының қорғаныста шабуылшыны сақтандыру кезіндегі ойыны»тақырыбында Уалиев Азамат Рыскелдіұлы ашық сабақ өткізді
Апталық ашық сабақтар өз деңгейінде өтті.
Сыныптан тыс іс-шаралар:
03 наурыз сейсенбі күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері Жексенбинов Айдар Нұрдәулетұлы мен Уалиев Азамат Рыскелдіұлы
7-8 сыныптар арасында «Волейболдан» жарыс өткізді Жарыс өз деңгейінде өтті, жарысқа оқушылар белсене қатысты
Ұлдар, қыздар арасында:
І - орын 8 «а» сынып
ІІ - орын 8 «ә» сынып
ІІІ - орын 7 «а» сынып
22 қаңтар сейсенбі күні 3 «а», 3 «ә», 4 «а», 4 «ә» сыныптар арасында «Көңілді сөре» эстафеталық жарысы ұйымдастырылып өткізілді.
Жарыс жеңімпаздары:
І - орын 3 «а» сынып;
ІІ – орын 3 «ә» сынып
ІІІ- орын 4 «а» сынып
05 наурыз бейсенбі күні АӘжТД пәнінің мұғалімі Жаманқаранов Ерік Қабдолдаұлы 9-10 сынып оқушылар арасында «Жас мерген» сайысын өткізді, жарысқа оқушылар толық қатысты.
06 наурыз жұма күні Дене шынықтыру және АӘж ТД апталықтың салтанатты жабылуына директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері , сынып жетекшілері, сынып оқушылар қатысты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Қанапиянова Айгерім Нургалиевна апталықтың жабылуында сөз сөйледі және сыныптан тыс іс-шаралар жарысында жеңімпаз атанған командалар мен сыныптарды марапаттады.
SWOT талдау нәтижесінде нәтижелер мен кедергілер анықталды.
| Күшті жақтары (Strengths) | Әлсіз жақтары (Weaknesses) |
| Мектепішілік семинарлар, коучинг, шеберлік сыныптарының жүйелі өткізілуі | АКТ құралдарын сабақ барысында тиімді қолданбау |
| Мұғалімдердің оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануы | Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму деңгейінің төмендігі |
| Функционалдық сауаттылықты дамыту әдістерінің тиімді енгізілуі | Біліктілік санаты жоқ мұғалімдердің көптігі |
| Әдістемелік бірлестіктер мен шығармашылық топтардың жүйелі жұмысы | Авторлық бағдарламалар мен әдістемелік құралдардың аз шығарылуы |
| Жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстың жүргізілуі | Мектеп тәжірибесінің ғылыми-практикалық жарияланымдарда аз таралуы |
| Оқу-тәрбие процесінде жаңартылған мазмұнды қолдану | Олимпиадалар мен байқауларға қатысу белсенділігінің төмен болуы (28,5%) |
| Жоғары біліктілік санатындағы мұғалімдер үлесінің көп болуы (47 %) | Модификацияланған (зертханалық, ІТ, STEM) кабинеттердің толық жабдықталмауы |
| Мүмкіндіктер (Opportunities) | Қауіп-қатерлер (Threats) |
| Инновациялық әдістер мен технологияларды енгізу арқылы әдістемелік жұмысты жандандыру | Педагогтардың өздігінен білім алуға ұмтылысының төмен болуы |
| Цифрлық білім беру ресурстарын (Bilimland,Tesster.kz, т.б.) тиімді пайдалану | Желілік қауымдастықтар мен кәсіби қоғамдастықтармен байланыстың әлсіздігі |
| Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру үшін курстарға қатысу | Интернет желісінің әлсіздігі немесе техникалық базаның жеткіліксіздігі |
| Ықшам сабақтар арқылы тәжірибе тарату мүмкіндігі | Аудандық, облыстық деңгейдегі іс-шараларға қатысу белсенділігінің төмендігі |
| Инклюзивті білім беру бойынша педагогтардың құзыретін арттыру | Мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған арнайы жабдықталған кабинеттердің болмауы |
| Педагогикалық тәжірибені ғылыми-практикалық конференциялар арқылы тарату | Зертханалық және практикалық жұмыстар жүргізу мүмкіндігінің шектеулігі. |
| Пән мұғалімдерінің кәсіби категорияларын көтеру жұмыстары | Жауапкершіліктің төмендігі мен өзара тәжірибе алмасудың аздығы |
| Шешу жолдары |
| - Мұғалімдерге АКТ бойынша практикалық курстар өткізу; - Сабақ үлгілерін көрсету (вебинарлар, видеосабақтар арқылы); - Цифрлық платформаларды (BilimLand, Google Classroom т.б.) пайдалануға үйрету. |
| - Жыл сайын жеке даму жоспарын жасау; - Коучинг, менторлық жүйесін енгізу; - Белсенді мұғалімдерге мотивациялық қолдау (мадақтау, марапаттау). |
| - Аттестацияға дайындық бойынша тренингтер ұйымдастыру; - Үлгі сабақтар мен портфолио дайындау бойынша қолдау көрсету. |
| - Шығармашылық топтар құрып, ортақ авторлық өнімдер дайындау; - Облыстық/республикалық баспалармен байланыс орнату. |
| - Мұғалімдердің конференцияларға, семинарларға қатысуын ынталандыру; - Мектеп ішінде ғылыми жұмысқа жетекшілік жасайтын әдіскер бекіту. |
| - Дарынды оқушылармен жеке жұмыс жоспарын құру; - Олимпиадаға дайындық бойынша пәндік үйірмелер ашу; - Жүлдегерлерді марапаттау арқылы мотивацияны арттыру. |
| - Жергілікті әкімдікке ұсыныс жолдау; - Демеушілермен жұмыс жасау; - Инновациялық жобаларға қатысу арқылы қаржы тарту. |
| - Өздік білім алуға арналған ресурстар мен бағыттарды ұсыну; - Мұғалімнің өзін-өзі дамыту жоспарын жасау. |
| - Аймақтық және республикалық әдістемелік бірлестіктерге тіркелу; - Желілік шараларға онлайн қатысу мүмкіндігін арттыру. |
| - Техникалық жабдықтау бойынша әкімдікке ұсыныс жасау; - Мобильді интернет пен оффлайн ресурстарды қатар қолдану. |
| - Қатысуға міндеттілік емес, мотивация арқылы тарту (сертификаттар, марапаттар); - Жол шығындарын өтеу туралы ұсыныс енгізу. |
| - Инклюзивті білім беруге арналған жобаларға қатысу; - Арнайы ПМПК, дефектологтармен байланыс орнату. |
| - Зертханалық жұмыстарды цифрлық форматта көрсету (виртуалды зертханалар); - Мобильді құрал-жабдықтарды тарту. |
| - Іс-тәжірибе тарату жұмыстарының жүргізілуін жандандыру керек. |
| - Мұғалімдер арасында тәлімгерлік жүйесін нығайту; - Ашық сабақтар мен әдістемелік күндерді жиі өткізу. |
| - Функционалды сауаттылық бойынша түсіндірме жұмыс жүргізу. |
| - Аттестацияның қорытынды есебіне сәйкес құжаттары ретке келтіріліп, пән мұғалімдерінің ашық сабақтар кестесін құрылып, құжаттары бір жүйеге келтіру. |
| - Дарынды оқушылармен жұмысы бойынша пән мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету. |
| - Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстарды дұрыс деңгейде жүргізу. Аудан бойынша төмен көрсеткіш көрсетіп отырған 4 Ә сыныбы, 5А сыныптарының пән мұғалімдерін Lesson Study іс-әрекеттерді зерттеу жұмысына қатыстыру. |
| - Сабақта интербелсенді әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдаланып, жұмыстарын жандандыру. |