2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы
11
июнь
2021

2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыстың жылдық қорытындысы

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп бойынша
 2020-2021 оқу жылында атқарылған   әдістемелік жұмыстың  
 жылдық  қорытындысы

       2020-2021 оқу жылы мектептегі әдістемелік  жұмысы   жоспар  негізінде жүргізілді.
Мектептің әдістемелік тақырыбы: Білім беру   жүйесінде жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудың интербелсенді әдіс-тәсілдерін   пайдалану арқылы педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Мақсаты: Инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыра отырып, кәсіптік шеберлігі мен педагогикалық біліктілігін көтеру. Педагогикалық ұжымның шығармашылық потенциалын дамыту.
         
Міндеттері:
    цифрлы Қазақстан бағдарламасы аясында ақпараттық технологияларды, Kundelik.kz.порталында, Bilimland (imektep, itest) сайтының мүмкіндігін пайдалану;     педагогтардың тәжірибесін тарату, өз білімін көтеру жұмыстарын жандандыру;    авторлық бағдарламалар, ғылыми жұмыстармен айналысуға жағдай жасау;    «Дарын» сайтына тіркелу, дарынды, қабілеті жоғары  балалармен жұмысты жандандыру;    PISA,TIMSS -халықаралық зерттеу жұмыстарына дайындық жүргізу, жаратылыстану пәндерінің оқытылуын жетілдіру;    жас мамандар мен тәлімгерлік жұмысты жандандыру;    сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру. Оқытудың ақпараттық  әдістерін сабақта тиімді пайдалану;    ұстаздарды шығармашылық педагогикалық ізденушілікке тарту;    педагог кадрлардың біліктілігін арттыру.
Жұмыс  нысандары:  әдістемелік бірлестіктер 

Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі нысандары:
 ұжымдық: пәндік әдістемелік бірлестіктер, конференциялар, семинарлар, педагогикалық оқулар, шығармашылық кездесулер, шығармашылық зертханалар; 
топтық: педагогикалық қызмет бағыттары бойынша шығармашылық топтар; 
жеке: тәлімгерлік, өз бетімен білім алу. 

Әдістемелік қызметтің функциялары мыналар: талдамалы, сараптамалық, ақпараттық, бағдарламалық-әдістемелік, ұйымдастырушылық-үйлестірушілік, консалтингілік (кеңес беру), инновациялық педагогикалық тәжірибені айқындаушы және таратушы.

Күтілетін нәтиже:
• Оқушылардың білім сапасын көтеру;
• Жаңа формат сабақтарды енгізуге біртіндеп көшу;
• Мұғалімдердің көшбасшылық қабілеттерін арттыру;
• Шығармашылықпен жұмыстанатын мұғалімдердің мәртебесін көтеру.

     Мектептегі әдістемелік  жұмыс жүйесі   педагогтардың шығармашылық        потенциалын дамытуға         бағытталған озат іс-тәжірибелердің өзара байланысты  іс-шаралар жүйесіне, оның шеберлігіне,білім беру деңгейінің өсуіне,оқушының    дамуы мен тәрбиесіне негізделіп құрылған. 
     Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
         Әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер өз жұмысында мынандай міндеттер қойды:1.    педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру;2.    мұғалімдердің педагогикалық шығармашылық жұмыстарын дамыту;3.    оқытудың мазмұнын жетілдіру, олардың нысандары,әдістері мен құралдарының бірлігін қамтамасыз ету;4.    оқытуды оқу-әдістемелік әдебиеттермен және басқа құралдармен қамтамасыз ету;5.    оқу-тәрбие үрдісінде ғылыми-зерттеу нәтижелерін және педагогикалық-ақпараттық технологияны,озат педагогикалық тәжірибелерді насихаттау және пайдалану.          Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру шаралары төмендегідей бөлімдерден құралады:
•    Әдістемелік кеңес, әдістемелік семинарлар.•    Әдістемелік бірлестіктер жұмысы.•    Пәндік онкүндіктер.•    Пәндік олимпиадалар мен байқаулар.•    «Жас маман» мектебінің жұмысы.•    «Озат  тәжірибе» мектебінің жұмысы.•    «Жас ғалым» оқушылардың ғылыми қоғамының  жұмысы•    Педагог кадрлардың аттестаттау  бойынша жұмысы.•    Білім жетілдіру шаралары.
       Әдістемелік кеңес пен әдістемелік семинарларда жоспарға сәйкес   баяндамалар, коучингтер өткізіліп, пікір       алмасулар  ұйымдастырылды.

Мектеп бойынша әдістемелік жұмыс 7 бірлестік арқылы жүзеге асырылады. 
1.    Бастауыш сынып әдістемелік  бірлестігі-  жетекшісі  А.Н.Канапиянова2.    Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі   пәндер  бірлестігі- жетекшісі А.Н.Утенова3.    Математика, информатика пәндер бірлестігі- жетекшісі Ж.С.Салқынбаева4.    Тарих, құқық, дінтану,өзін-өзі тану  пәндер бірлестігі- жетекшісі Г.Т.Жакенова5.    Химия, биология, география, физика пәндер бірлестігі- жетекшісі Б.Д.Сарыбаева6.    Технология және өнер  пәндері бірлестігі- жетекшісі З.А.Абдрасилова7.    Дене шынықтыру, АӘ ж ТД пәндер бірлестігі- жетекшісі А.Р.Уалиев
Сертификатталған мүғалімдердің  сабақ беру деңгейінің  мониторингісін бақылау
  Мектеп бойынша 10 мұғалім сертификатталған және мектепішілік «Тәжирібедегі рефлексия» курсынан 16 мұғалім өтті.
Әкімшілік
ӘБ    Мұғалімдердің саны    Санаты    Деңгейлік курс    Мұғалімнің аты-жөні        Санаты жоқ    ІІ санатмодератор    І санатсарапашы    жоғарызерттеуші        Қазақ тілі , орыс тілі,
 ағылшын тілі   пәндер 
 бірлестігі    3              2    1    І деңгейІІІ деңгей
ІІІ деңгей    Р.АбилкаироваА.Утенова
Д.Барлыбаева
Математика, информатика пәндер бірлестігі
     3             3        ІІІ деңгей,І деңгей
 ІІІ деңгей
 ІІІ деңгей    Д.ДуйсембаеваЖ.Салқынбаева
Н.Тұрсынбаева
Тарих, құқық,өзін-өзі тану пәндер бірлестігі
    1            1        І деңгей    Г.ЖакеноваХимия, биология, география физика пәндер бірлестігі
    2            11         басшылық ІІІ деңгей    Г.Асылбекова Б.СарыбаеваБастауыш сынып пәндер бірлестігі
    1        1             ІІІ деңгей, І деңгей     А.Алпысбаева 
    10          1    8    1    10                            «Тәжірибедегі рефлексия» мектепішілік курсы16 мұғалім     
1.    Асылбекова Гулжанат Акболатовна, мектеп директоры,география пәнінің мұғалімі-        ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттыру бағдарламасы бойынша курс D №  001464,06.02.2017 2.    Алпысбаева Асель Калиевна,бастауыш сынып мұғалімі – Өрлеу АҚ  филиалы Тиімді оқыту" бағдарламасы бойынша 3 деңгей . 06.06.2015 жыл;"Мұғалім тәжірибесіндегі зеттеу"педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндедегі мектеп тренерлерінің курсын аяқтады. 2021ж.bb81a91
3.    Утенова Айткүл Нурахметовна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі- "Тиімді оқыту"ТО  № 003156   III   базалық деңгей бағдарламасы (Сертификат) ТО № 000305 2016 жыл.4.    Барлыбаева Динара Досжановна, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі-ҚР-сы  педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары  Аясында ІІІ (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша курсы 03.02-02.05.2013  М-ІІІ-№006574.5.    Дуйсенбаева Дина Базарбаевна,математика пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады  ПШО филиалы Талдықорған қаласы 2014 ж  ; "Мұғалім тәжірибесіндегі зеттеу"педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлеміндедегі мектеп тренерлерінің курсын аяқтады.  6.    Салкынбаева Жазира Сагадиевна,математика пәнінің мұғалімі- ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады  "Өрлеу" БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы 2013 ж сертификат №0002893.7.    Турсунбаева Назгуль Жарасовна,информатика пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімджерді оқыту курстарын аяқтады  ПШО филиалы Талдықорғанқаласы 2014 ж сертификат ІІІ №00106728.    Жакенова Гульмира Темирхановна ,тарих пәнінің мұғалімі-ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың "Педагогикалық қоғамдастығы мұғалім көшбасшылығы" білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады,ПҚМҚ №000565 2016 жыл9.    Сарыбаева Баян Даутбековна,физика пәнінің мұғалімі - Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың "Тиімді оқыту"білім беру бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады. ІІІ деңгей 2019 жыл 27 желтоқсан.№00764310.    Абилкаирова Роза Искаковна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі-1. Қазақстан Республикасының педагог кадрларының біліктілігін арттырудың бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы ,   30  қараша  2015  ж. Сертификат 0008037; 2."Тәжірибедегі рефлексия " жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша мектеп тренерлерінің оқыту курсы.   08.07.2016        Сертификат 003501
6.    №    Мұғалімнің аты-жөні    пәні    қызметі    санаты    деңгейі    өткен уақыты1     Асылбекова Гулжанат Акболатовна     география    директор    І    мектеп басшысы     06.02.20172     Алпысбаева Асель Калиевна     бастауыш сынып мұғалімі     мұғалім    педагог-модератор    ІІІ (базалық) І (ілгері)     06.06.2015 жыл19.03.2021ж.
3.     Утенова Айткүл Нурахметовна     қазақ тілі     мұғалім    педагог-сарапшы    ІІІ (базалық)     2016 жыл.4.     Барлыбаева Динара Досжановна,     қазақ тілі мен әдебиеті      мұғалім     педагог-сарапшы     ІІІ (базалық)     03.02-02.05.2013  5.    Дуйсенбаева Дина Базарбаевна    математика    мұғалім    педагог-сарапшы    ІІІ (базалық)І (ілгері)    2014 ж  19.03.2021
6.    Турсунбаева Назгуль Жарасовна    информатика    мұғалім    педагог-сарапшы    ІІІ (базалық)    03.02-02.05.2013  7.    Жакенова Гульмира Темирхановна     тарих    мұғалім    педагог-модератор    І (ілгері)     2016 жыл8.    Салкынбаева Жазира Сагадиевна    математика    мұғалім    педагог-сарапшы    ІІІ (базалық)     2013 ж9.    Сарыбаева Баян Даутбековна    физика    мұғалім    педагог-сарапшы    ІІІ (базалық)    2019 жыл 27 желтоқсан.10.    Абилкаирова Роза Искаковна     ағылшын тілі    мұғалім     педагог-зерттеуші    І (ілгері)     30  қараша  2015  ж08.07.2016        

 
 
     2020 -2021 оқу жылында 5-11 сыныптар  қашықтықтан оқытылды. Негізгі пәндер бойынша деңгейлік курстан өткен 10 мұғалім сабақ береді. Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады.  2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрық борйынша  қысқа мерзімді жоспарларында жаңартылған білім мазмұнына және 7 модуль бойынша   әдіс-тәсілдер  ықпалдастырылған. Жаңартылған бағдарлама сыныптарында күнтізбелік жоспарларында оқу мақсаттары ҰМЖ және ОМЖ  пәннің оқу бағдарлама бойынша жоспарланған. Әр сабақта формативті бағалау, кері байланыс беріліп, оқу жетістіктерін арттыру жолға қойылған.  /Күнделік.kz, WhatsApp арқылы анықталды/. Сабақ барысында оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру мақсатында  түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.  Сонымен қатар сертификатталған пән мұғалімдері  өздерінің іс-тәжирибелерімен  семинарларда /вебинарларда/   коучинг, шебер сыныптары, презентация арқылы әріптестерімен үнемі бөліседі   /мектептің «Шабыт»  кәсіби қоғамдастықтың жоспары мен әдістемелік жоспарына сәйкес/.
Мұғалімдердің   тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі  туралы мәлімет.
    Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.
      24.10.2020 жылы мұғалімдердің қашықтықтан оқыту жағдайында интернет мүмкіндіктерін қолданудағы кәсіби дағдысын арттыру мақсатында «Bilimlend платформасы арқылы ТЖБ-тапсырмаларын құру тақырыбында шебер-сынып өткізілді.
       Іс-шара барысында қатысушыларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда BILIMLEND платформасының мүмкіндіктерін тиімді қолданудың жолдары көрсетіліп, ТЖБ құру-қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған жүйелерде оқушылармен кері байланыс жасаудың түрлері ұсынылды. Іс-шара мазмұнымен толығырақ танысу мақсатында  тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.
    
       Шебер-сынып қорытындысы бойынша пікірталас алаңы жүргізіліп, кері байланыс жасалды.
    2020 жылдың 13 қараша күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жоспарына сәйкес «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі»   тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.   Вебинар аясында мектептің педагог - психологы Каблаш Манар мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында «Сіз ғажайыпсыз» атты  психологиялық тренинг өткізді. Мектебіміздің  үшінші деңгейлі  математика пәнінің мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиқызы  сабақтарында қолданатын  тиімді әдіс-тәсілдерді  көрсетіп, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, мектеп тренері  Жакенова Гульмира Темірханқызы «Қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбын  ұсынды.  Вебинар  соңында ұйымдастырылған кері байланыс нәтижесінде мұғалімдер өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.                                   

        2020 жылдың 14 желтоқсан күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің  әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттырудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдану»   тақырыбында  онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.   Вебинар аясында мектептің тренері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   Р.И.Абилкаирова «Сабақта тапсырмаларды  саралау тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: сабақ барысында қолданылатын саралау түрлері мен тапсырмаларды саралау әдістерімен таныстыру. Р.И.Абилкаирова  тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатыны, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратыны түсіндіріп өтіп, өзінің сабақтарында қолданатын   тиімді әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.   Үштілділік бойынша мұғалімдермен әдіс-тәсілдерімен   тәжірибе алмасу мақсатында  мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат «Пилоттық бағдарлама бойынша физика сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта  жұмыс жүргізілуде. Мектебіміздің педагог-психологі М.Каблаш және  педагог-логопеді  А.Журтбаева «Инклюзивті білім беру және үйден оқыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында баяндама және таныстырылым ұсынды. Мақсаты:білім беру үрдісінде  инклюзивті оқыту   мәселелері бойынша кеңестер беру. Ұсынылған жұмыстарда  инклюзивті білім берудің негізгі принциптері, білім алушылардың ерекшеліктері   туралы айтылды, сонымен қатар оларды қолдау, қызықтыру мақсатында берілген тапсырмалардың  көлемін ескеру, қиын тапсырмаларды жеңілдетіп  берілуі және т.с.с кеңестер берілді. Вебинар соңында қатысушылар   пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.
         
        2021 жылдың 12 ақпан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Қашықтықтан оқыту - білім берудегі жаңа  технологиялардың  бірі» тақырыбында вебинар өткізілді.  Вебинар аясында химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна «Қашықтықтан оқытуда саралау әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы химия пәнін оқытудың сапасын арттыру.   К.С.Жумабекова саралап оқытудың маңызыдылығына тоқталып,  сабақ барысында  қолданып жүрген саралау әдістерімен, «Learning Apps.org.», «Google Диск», «Kahoot» бағдарламаларының функцияларымен таныстырып өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Н.Ж.Турсунбаева қашықтықтан оқытуда ақпаратты-коммуникативтік технологиялардың сабақ барысында қолданудағы тиімділігін түсіндіре отырып, «Liveworksheets.com  сайтымен жұмыс жасау»      тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: қашықтықтан оқытудағы көмекші құралдар туралы ақпараттандыру, «Liveworksheets.com» бағдарламасының мүмкіншіліктерін практика жүзінде көрсету. Н.Турсунбаева  бұл бағдарламаның қалай пайдаланудың, оның негізгі параматрлермен, функцияларымен таныстырып, сабақ барысында қолданудын тиімділігі туралы айтып өтті. Мектептің логопеді Журтбаева Альбина Бакытбековна «Тілінде  кемістігі  бар балалармен  жұмыс  жасау  әдістемесімен  таныстыру» тақырыбында таныстырылым ұсынды. А.Б.Журтбаева тіл кемістіктері оларды туғызатын себептерге байланысты   функционалды тіл кемістіктері және табиғи тіл кемістіктері (органикалық)  екі  топқа  бөлінетіндігін және  пайда болу себептерін түсіндірді.  Сонымен қатар қашықтықтан оқытуда  оқушылармен жасалынған жұмыстары туралы айтып өтті. Вебинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.

                           
     2020-2021 оқу жылының 15   қаңтар  күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес    онлайн семинар  өткізілді. Семинар аясында мектептің педагог-дефектологі  Абилова Тамила Сарсенбековна «Үйден оқыту мен инклюзивті білім беру ерекшеліктері»  тақырыбында  таныстырылым ұсынды.   Т.Абилова инклюзивті білім берудің негізгі мақсатымен,  принциптерімен, дамыту қағидаттарымен ,сонымен қатар үй жағдайында білім алушының және инклюзивті білім алушының білім алудағы ерекшеліктерімен таныстырып өтті.
        2021 жылдың 19 ақпан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «PISA, TIMSS, PIRLS  халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың   функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар мақсаты:  халықаралық зерттеулер  аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша     мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, тәжірибе алмасу.  Вебинар аясында  мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Танкакова  Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу мақсаты, зерттеулерге қатысуына қандай мүмкіндіктер бар, зерттеу қорытындысы бойынша анықталған проблемалар, функционалды сауаттылықтың негізгі және инновациялық бағыттары  туралы   айтып өтті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Көзтай Азиза Сарсеновна «Приёмы и методы функциональной грамотности на уроках русского языка» тақырыбында таныстырылым ұсынып, оқу сауаттылығы бойынша   өзінің тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдермен әріптестермен бөлісті. Физика пәнінің мұғалімі Сарыбаева Баян Даутбековна    «Физика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, физикалық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және техникалық құралдарды (модельдерді, кестелерді, тірек сызбаларды, суреттерді ) тиімді пайдалану арқылы , сонымен қатар   оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлу, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету  арқылы   оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға болатыны туралы айтып өтті.  Педагог-дефектолог Абилова Тамила Сарсенбековна инклюзивті білім беру бойынша nao.kz сайтындағы инклюзивті білім беру бойынша ұсынылған типтік бағдарламалармен,әдістемелік құралдармен таныстырып өтті, сонымен қатар инклюзивті ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, мұндай балаларда төмен функционалдық сауаттылық қалыптасатыны, және сол оқушыларға  көп көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Вебинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
Пән мұғалімдердің аудандық , облыстық вебинарларға қатысуы
мектеп атауы    Семинар, вебинар, іс-тәжірибе  тарату шарасының атауы    қатысушының аты жөні    пәніЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    "Жас педагогтың кәсіби бағдары" / Республикалық форум/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    Тиімді платформалар /аудандық вебинар/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар /аудандық вебинар/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    Инновациялық жол-табысқа апарар жол /облыстық вебинар/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    «Қашықтықтан оқыту форматында АКТ технологияларын тиімді қолдану»    /аудандық вебинар/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп     ЖМЦ пәндерін қашықтықтан оқыту кезінде қолданылған әдіс-тәсілдер /аудандық вебинар/    Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы    биологияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп     «Геогебра – математикалық интерактивті бағдарлама» /аудандық вебинар/    Салкынбаева Жазира Сагадиевна    математикаЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    «Саралау әдістерін  тиімді қолдану»  /аудандық вебинар/    Жумабекова Каргаш Сериковна    химияЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп     «Қашықтықтан оқыту- білім берудің жаңа форматы» /аудандық вебинар/    Абилкаирова Роза Искаковна    ағылшын тіліЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    «Effectiveness of Cooperative learning»  /аудандық вебинар/    Абилкаирова Роза Искаковна    ағылшын тіліЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    «Ағылшын тілі сабағында тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру әдіс- тәсілдері» /аудандық вебинар/    Оспанбаева Жамила Омаргазиевна    ағылшын тіліЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    «Ағылшын тілі сабағында қолданылатын интербелсенді әдістердің құралдары»  /аудандық вебинар/    Абай Абылай Асқарұлы    ағылшын тіліЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстар /аудандық вебинар/    Қызырхан Азат    физикаЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп    Дарынды балалармен жұмыс «Мектептегі оқушылардың ғылыми қоғамы»  / аудандық вебинар/    Танкакова Гульжан Карекеевна    әдістемелік жұмыс
Жас мамандармен жұмыс
Мектепте жаңадан келген жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Жас маман» мектебі құрылған.2020-2021 оқу жылында  «Жас маман» мектебінің жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. «Жас маман» мектебінің жетекшісі  тәжірибелі мұғалім Оспанбаева Жамила Омаргазиевна бекітілді, педагог-сарапшы, еңбек өтілі 31 жыл.
Мақсаты: Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен шығармашылығын қалыптастыра отырып, қазіргі оқыту талабына сай педагогтарды дайындау,оқу-тәрбие процесінде білім алушылардың психологиялық ерекшеліктерін меңгерту; жаңа сабақты меңгерту барысында тиімді әдістерді пайдалануды үйрету. 

Міндеттері: 
1.Әрбір жас маманның педагогикалық шеберліктерін дамыта отырып,технологияны жетік меңгеру негізінде шәкірттің білімін жоғары деңгейге көтеру. 
2.Жас мамандардың теориялық білімдерін мектеп практикасында қолдану дағдыларын қалыптастыру. 
3.Жас мамандардың қазіргі қоғамдағы ролін арттыру, олардың құзырлығын дамыту. 
4.Жас мамандардың әлеуметтік және кәсіби тұлғасын қалыптастыру, оларды қолдану және ынталандыру. 
5.Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарын, мемлекеттік білім стандартын, әдістемелік нұсқауларды талдау-игеру жұмыстарын жүргізу. 
6.Оқу сабақтарының барлық түрінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру. 
7. Әдістемелік апталықтар  ұйымдастырып, мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру. 
8.Жас мамандарға жеке бас ерекшелігін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде ғылыми –әдістемелік көмектер көрсету.
9. Мектептің жалпы ішкі жұмыс жүйесіне дағдыландыру,  жұмыс уақытын мақсатты тиімді пайдалануға баулу, кәсіби жағынан толысып және әдістемелік жағынан шеберліктерінің жетілуіне бағытталған шараларды мазмұнды да тиімді өткізу.
        «Жас маман» мектебіне жас мамандар мүше болып, оларға тәлімгерлер тағайындалып, жоспар бойынша жүйелі жұмыс жасайды. Жас мамандарға әрдайым әдістемелік көмек көрсетіліп, педагогикалық шеберлігін шыңдау мақсатында жоспарға сәйкес педагогикалық оқулар, дөңгелек үстелдер, байқаулар, семинарлар өткізіледі. «Жас маман мектебі» мектептің кітапханасымен, мектеп психологымен тығыз байланыста жұмыс жасайды. 
2020-2021 оқу жылында жас мамандар саны 4:  Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Сулейменов Досым Султангазыевич; география пәнінің мұғалімдері Бейсеке Жұлдыз,     ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абай Абылай; технология пәнінің мұғалімі Ұзақбаева Бибі. Аталған  жас мамандарға әдістемелік көмек көрсететін      тәлімгерлер ретінде  келесі  пән мұғалімдері бекітілді: 
1.    Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Д.С.Сулейменовке  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Динара Досжанқызы Барлыбаева,  І санатты мұғалім, педагогикалық өтілі  13 ж.2.    География пәнінің мұғалімі Жұлдыз Бейсекеге   химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна, жоғары  санатты мұғалім, педагогикалық өтілі 27 жыл.3.     Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абылай Абайға  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Роза Исаковна Абилкаирова,  жоғары санатты мұғалім /педагог-зерттеуші/, педагогикалық өтілі  14 жыл.4.     Технология пәнінің мұғалімі Б.Ұзақбаеваға  технология пәнінің мұғалімі Замзагүл Азарбековна Абдрасилова, ІІ санатты мұғалім, педагогикалық өтілі  9 жыл. Жаңартылған бағдарлама бойынша біліктілік арттыру курсынан  1 мұғалім өтті: Д.С.Сулейменов.  
 Жас мамандар   тәлімгерлердің  көмегімен бейімделу уақытынан өткеннен кейін кезең-кезеңімен әдістемелік дайындық жұмыстарын бастады.     ӘБ жетекшілері  және тәлімгерлер   жас мамандардың сабақтарын  бақылауда,   сабақ жүргізу барысында жіберілген кемшіліктері айтылып, әдістемелік көмек көрсетілуде. Тәлімгерлер жоспар бойынша жас мамандармен жұмыстарын жүргізіп жатыр.  Сабақтарын бақылау кезінде келесі кемшіліктер  жиі кездесетіні анықталды:
1.    Сабақтың оқу мақсаттарының айтылмауы;2.    Қалыптастырушы бағалаудың жүргізілмеуі;/1-10 балл/3.    Бағалау үшін жас мамандар тапсырмаларға критерий қоюды қиналады.4.    Саралау жұмыстарының жүргізілмеуі; 5.    Сабақта  қосымша ресурс,  материалдардың   қолданбауы;6.    Дәптердегі жазуларына көңіл аударылмауы;7.    Кері байланыс, рефлексияның жүргізілмеуі.Жас мұғалімдердің өзін-өзі үзбей жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру мақсатында жыл бойы ашық сабақтар, пихологиялық тренингтер, семинарлар жүргізілуі жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі, ӘБ жетекшілер және тәлімгерлер  тарапынан әдістемелік  көмек көрсетіледі.
Педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша мәлімет
            2020-2021 оқу жылында мектептің педагог қызметкерлері «Педагог қызметкерлерді аттестаттау» ережесімен таныстырылды.  
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары.
        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 192 бұйрығымен және  ҚР Білім және ғылым министрінің 14.05.2020 № 202    бұйрықтарының жалпы ережелерімен таныстырылды.

2020-2021 оқу жылында  аттестатталушылардың кезекті және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге өтініш берген мұғалімдердің тізімі
Кезекті аттестаттаудан    6 мұғалім өтті:
 педагог -модератор  біліктілік санатына: 
1.    Торгаева Жанар Кыргызбаевна -бастауыш сынып мұғалімі,2.    Торгаев Жанат Кыргызбаевич – информатика пәнінің мұғалімі3.    Уалиев Азамат Рыскельдиевич – дене шынықтыру пәнінің мұғалімі4.    Самбетова Айнаш Жумагалиевна- мектепалды даярлық тобы
Педагог-сарапшы біліктілік санатына:
1.    Балгымбаева Садет - бастауыш сынып мұғалімі2.    Абилов Толентай Жанайбекович – көркем еңбек пәнінің мұғаліміМерзімінен бұрын   6 мұғалім   біліктілік санатын алды:
 Педагог-зерттеуші біліктілік санатын  1 мұғалім алды:
Қызырхан Азат – физика пәнінің мұғалімі

Педагог-сарапшы біліктілік санатын  3 мұғалім алды:
Сарыбаева Баян Даутбековна- физика пәнінің мұғалімі
Дуйсенбаева Дина Базарбаевна – математика пәнінің мұғалімі
 Алпысбаева Асель Калиевна- бастауыш сынып мұғалімі
Педагог -модератор  біліктілік санатын  2 мұғалім алды:   
1.     Каблаш Манар – педагог-психолог2.    Абдрасилова Замзагуль Азарбековна – технология пәнінің мұғалімі
      2020-2021 оқу жылында 6 мұғалім  педагог-модератор,  3 мұғалім  педагог-сарапшы,           1 мұғалім  педагог-зерттеуші біліктілік  санатын  алды. Жалпы 10 мұғалім біліктілік санатын  көтерді.
№    Категории/Годы    2018    2019    2020    2021    Итого1    Педагог-шебер    0    0    0    0    02    Педагог-зерттеуші    0    1    1    0    23    жоғарғы санат                     24    Педагог-сарапшы    2    9    4    1    16 5    І санат                    26    Педагог-модератор    0    11    2    1    167    ІІ санат                    48    санаты жоқ                     10    Всего    2    21    6    2    52 

Жоғарғы санат-2                            Педагог-зерттеуші-2                                               Жоғары:  4
Бірінші санат-2                               Педагог-сарапшы-16                                              І санат- 18
Екінші санат – 4                             Педагог-модератор-16      ІІ санат - 20            Санаты жоқ-11                               Барлығы: 52 мұғалім                         санаты жоқ- 10     Үлесі:  42,3 %

        Биылғы оқу жылында жұмыс істеп жүрген мұғалімдердің біліктілік санаттары бойынша талдасақ:
Жоғары санатты- 2 мұғалім              3 %  
Педагог-зерттеуші -2 мұғалім          3 %                  Жалпы: 7,2%

І санатты- 2 мұғалім                          3%
Педагог-сарапшы-16 мұғалім           31%                Жалпы: 34,6%

ІІ санатты –4 мұғалім                        7,6 %
Педагог-модератор-  16 мұғалім       31 %               Жалпы :38,4%

Санаты жоқ – 10 мұғалім                  19 % құрады.

 





Мектепте   мұғалімдердің, оқушылардың ғылыми-зерттеу
қызметінің жұмысы  

      2020-2021 оқу жылында  «Жас ғалым» оқушылардың  ғылыми орталығының  жетекшісі бекітілді: биология пәнінің мұғалімі Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы.  «Жас ғалым» ғылыми –әдістемелік орталығы  пән мұғалімдерімен  бірге дарынды оқушылармен жұмыс жүргізеді.
       Қазіргі  уақытта дарынды балалармен жұмыс істейтін бірнеше жұмыс формалары бар: интеллектуалды сайыстар, зияткерлік  пән олимпиадалары, ғылыми – зерттеу жұмыстары, балалардың көркем әдеби шығармашылық конкурстары. Дарынды оқушылармен жұмыс пән мұғалімдерінің ата-аналармен, психологтармен, мектеп әкімшілігімен тығыз байланыс жағдайында өткізіледі. Мектебімізде дарынды балалармен жұмыс жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Мақсаты:  Жан жақты білімді  іскер өздік ойлау жүйесі дамыған  адамгершілігі жоғары дені сау барынша қабілетті  жанды қалыптастыру. Бала дарынының ашылуын өз қабілетіне сәйкестендіре дамыту, жетілдіру Дарынды балалармен жүйелі жұмыс ұйымдастыру.
     Жылдың басында       мектеп психологы  М.Қаблаш оқушылардан сауалнама алып,  оқушылардың  пәндерге қызығушылықтарын анықтап, бағыт бойынша бөлді, оқушылардың тізімі жасалды.
Дарынды балалармен жұмыс  келесі бағыттар бойынша іске асырылады:
Жаратылыстану-математикалық бағыты;
Қоғамдық-гуманитарлық бағыты;
Музыкалық-эстетикалық бағыты;
Әскери-спортбағыты  дарынды оқушылармен жұмыс мұғалімніңбақылауымен тікелей жүзеге асып отыруы қажет. Әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалынады. Осы сараптама негізінде дарынды оқушылар  мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырылады.
Дарынды оқушыларды іріктеп, олармен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс яғни интеллектуальды ойындарға,ғылыми жобалар байқауына  дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағы үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. 
      Дарынды  балалармен жұмыс олардың мектепішілік интеллектуалды байқауларға қатысуымен шектелмейді, оқушылардың аудандық, облыстық және республикалық байқауларға қатысуы дәстүрге айналып келеді, оқушыларды олимпиадаға және түрлі зияткерлі сайыстарға қатыстырғанда үздіксіз білім беру жұмысының тиімділігі көрініп тұрады.
   Жыл бойы  дарынды балалармен жұмыстар кешенді түрде жүргізіледі. Пән апталықтарында дарынды балаларға арналған әртүрлі интеллектуалды сайыстар өткізіледі.
    2020-20201 оқу жылында мектеп  оқушыларының келесі интеллектуалды ойындарға қатысуына сұраныс беріліп,оқушылар қатысты.
    Дарынды балаларды айқындау және оларға қолдау көрсету мақсатында жылма-жыл Республикалық ғылыми-практикалық орталық 3-10 сынып аралығында «Ақбота» интеллектуалдық марафонын өткізеді. «Ақбота» интеллектуалды марафонына 22 оқушыға диплом берілді. 
 «Айқанат» республикалық олимпиадасына 4 оқушы қатысты,сертификат берілді. 
   «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылдың 10 маусым мен 10 тамыз аралығында «Olympic Summer School» жазғы  мектебіне математика-жаратылыстану пәндері бойынша 8 оқушымыз қатысып 4 оқушымыз дипломдарға ие болды.Пән мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиевна.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек.  Қазіргі кезде ғылыми жоба технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.
     «Жетісу  дарыны»  облыстық кітабына мектебіміздің 3 оқушысы алынды: Елемес Ақбота, Темирсетов Жарас, Кауысбек Айбота, пән мұғалімдері А. Қызырхан, Ұ.Уәлиев.   
         Облыстық Қадір оқуларында 9 сынып оқушысы Оразғали Абылай   2 орынға ие болды,пән мұғалімі Д.Барлыбаева
         Облыстық Абай оқулары  10 сынып оқушысы Керімбек Қарақат 3 орынға ие болды, пән мұғалімі Д.Сулейменов.
       Республикалық «Білген»  олимпиадасына 12 оқушы қатысты , диплом алды, 3 оқушы Республикалық турға өтіп дипломмен марапатталып ,сыйлықтарын алды. Пән мұғалімдері:   Р.Адильбекова, А.Алпысбаева, Ж.Торгаева.
     2020 жылдың 2 желтоқсан күні  өткізілген «Әл-Фараби» физика секциясы бойынша    республикалық ғылыми жоба байқауында  10 сынып оқушысы Тұрсынбай Ықылас  жеңімпазы атанып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Жетекшісі-Қызырхан Азат.
     2020 жылдың 3 желтоқсан «Дарын»   облыстық  байқауында биология секциясы бойынша 10 сынып оқушылар Тұрсынбай Ықылас пен Алыбай Ерсұлтан    І дәрежелі дипломға ие болды. Республикаолық байқауында ІІІ орынды иеленді.
   2020-2021 оқу жылында химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна және физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат, Асылбекова Гулжанат Акболатовна, Танкакова Гульжан Карекеевна   авторлық бағдарламаларын ұсынды.
Мектепішілік олимпиада
2020-2021 оқу жылының    29 қазан күні оқу-тәрбие жоспарына сәйкес  мектепішілік пәндік олимпиада өткізілді.   
     Пән олимпиадасының ұйымдастырудың және өткізудің мақсаты:
     Оқушылардың оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту, оқушыларды аудандық  және облыстық олимпиадаларға қатыстыруға іріктеу және дайындықтарын жақсарту, мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту мен барлық бағыттағы олимпиадаға қатысушылардың резервін қалыптастыру.
Олимпиада негізгі пәндер бойынша өткізілді:
1)  қазақ тілі мен әдебиеті;     
2) қазақстан тарихы; 
3) орыс тілі мен әдебиеті; 
4) ағылшын тілі; 
5) математика;          
6) физика;
7)  информатика; 
8) химия; 
9) биология; 
10) география;                              
11) құқық негіздері
Олимпиадаға қоғамдық-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша 8-11 сыныптар оқушылары қатыстырылды.  Олимпиада қорытындысы бойынша әр пәннен    оқушылар іріктеліп,  аудандық  пәндік олимпиадаға қатысатын команда жасақталып, алдағы кезеңдерге пән мұғалімдері дайындық жұмыстарын ұйымдастырды.   Аудандық кезеңге 29 оқушы өтті/9-11 сынып оқушылары/.
№    Оқушының аты-жөні    Сыныбы    Пәні    Мұғалімнің аты-жөні    алған орны1    Жабықбай Саяжан    11    Құқық негіздері    Г. Т. Жакенова    2 орын2    Кеңшілік Айым    9    қазақ тілі мен әдебиеті    А.Н.Утенова    2 орын3    Табысбекқызы Елжан    9    Информатика    Ж.К. Торгаев    1 орын4    Тұрсынбай Ықылас    10    Математика    Д.Б.Дүйсенбаева    1 орын5    Мұқан Арлан     9    физика    Б.Д.Сарыбаева    2 орын6    Айтен Нұрбол     10    химия    Қ.С.Жұмабекова    3 орын7    Қабдолдаева Тоқжан     11    биология    Ұ.Б.Уәлиев    2 орын
 
№    жарыс атауы    қатысушының аты жөні    сыныбы     1 орын    2 орын    3 орын1     Алматы облысының робототехника бойынша қашықтық олимпиада    Серік Нұрай                         Жанайбеков Алдияр    7                        5    1 орын          2    "Сардар" облыстық кешенді олимпиадасы    Бақытжан Аңсар    11               3     Аудан оқушылары арасында әскери-көпсайыстан өткен Нұрланбеков Жеңіс Жанабатырұлын еске алу турнирі    Алыбаев Ерсұлтан    10              3 орын  аудан4           2020  жылдың   23-27  қараша  аралығында өткен Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында өткізілген  физика пәні бойынша  Әл-Фараби атындағы республикалық ғылыми конкурсы    Тұрсынбай Ықылас       10              3 орын республика5    2020 жылдың 4 желтоқсан күні өткен облыстық ғылыми жобалар конкурсы /биология секциясы бойынша/      Тұрсынбай Ықылас,                         Алыбай Ерсұлтан    10               1 орын   облыс6      Республикалық ғылыми жобалар конкурсы   / биология секциясы бойынша /     Тұрсынбай Ықылас,                         Алыбай Ерсұлтан    10              3 орын республика7    Аудандық Әбіш оқулары ,"Сахналық көрініс" номинациясы    оқушылар     10         2 орын     8    Аудндық Абай оқулары    Серік Нұрай                              7              3 орын9    Аудандық Абай оқулары    Шәмші Ұлар    7              3 орын10    Аудандық Абай оқулары,эссе    Керімбек Қарақат    11    1 орын         3 орын11    аудандық Жамбыл айтысы    Табысбекқызы Елжан    9               12    Республикалық "Ой-сана" қашықытық  олимпиадасы    Түстікбай Нұрай    7    1 орын          13    "Кенгуру -математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсы    Серікбай Жанель    5    1 орын          14    Республикалық "Жас математик" қашықтық олимпиадасы    Тұрсынбай Ықлас    10             3 орын15    Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық жасөспірімдер олимпиадасы 7-8  сынып оқушылары  арасында    Серік Нұрай    7    ІІ    2 орын     16    жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша аудандық жасөспірімдер олимпиадасы 7-8  сынып оқушылары  арасында    Жұмабек Сағынай    7    1 орын          17    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Елсіқан Тілеген    6    1 орын          18    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Жақанов Димаш    6              3 орын19    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Жанайбеков Алдияр    5         2 орын      20    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасында    Исағали Даулет    5         2 орын     21    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасында    Оразбай Эльнара    5         2 орын     22    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Базарбай Мақпал    6         2 орын     23    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Тәңірберген Әлия    6    1 орын          24    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Серік Ерсұлтан    6              3 орын25    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Рыскелдиева Айша    5              3 орын26    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Шәмшиқызы Сымбат    6              3 орын27    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Сатыпалды Саян    6              3 орын28    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Нұрман Жанерке    5              3 орын29    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Үмбетқызы Бағжан    5              3 орын30    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Адалбекқызы Айдана    5              3 орын31    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Айтен Назгүл    5              3 орын32    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Избасар Айгерім    6    1 орын          33    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Мелісбай Ақниет    6    1 орын          34    5-6 сынып оқушылары арасында өткен аудандық олимпиадасы     Ауданбек Бәтима    6         2 орын     35    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Табысбек Елжан    9    1 орын          36    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Тұрсынбай Ықылас    10    1 орын          37    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Кеншілік   Айым     9         2 орын     38    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Мұқан Арлан    9         2 орын     39    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Қабдолдаева Тоғжан    11         2 орын     40    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Айтен Нұрбол     10              3 орын41    Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың ІІ аудандық кезеңі    Жабықбай Саяжан    11              3 орын42     ҚР БҒМ «Дарын» РҒП орталығының ұйымдастырумен өткен «АҚ БОТА» Интеллектуалдық марафоны     Сейсенова Аружан    6              3 орын43     ҚР БҒМ «Дарын» РҒП орталығының ұйымдастырумен өткен «АҚ БОТА» Интеллектуалдық марафоны     Ақжан Мендихан    5              3 орын44     ҚР БҒМ «Дарын» РҒП орталығының ұйымдастырумен өткен «АҚ БОТА» Интеллектуалдық марафоны     Серік Мейіржан     5              3 орын45     ҚР БҒМ «Дарын» РҒП орталығының ұйымдастырумен өткен «АҚ БОТА» Интеллектуалдық марафоны     Төлеубек Данил    5              3 орын46    «Кемел академиясы» онлайн мектебі ұйымдастырған «Қызықты математика және логика» Республикалық  онлайн-олимпиада    Қырғызбай Кәусар    2    1 орын          47    «Bilgen  Baige»   Республикалық олимпиадасы    Сейсенов Жасұлан    2    1 орын          48    «Bilgen  Baige »   Республикалық олимпиадасы    Нұрданқожа Айсұлу    2              3 орын49    «Bilgen  Baige »   Республикалық олимпиадасы    Тәттіғали Махамбет.    5    1 орын          50    Тәуелсіздік -              мәңгілік елдің тұғыры атты балалар арасында  ұйымдастырылған республикалық онлайн байкауында "Көркем сурет " номинациясы    Касымжанова Асель    5    1 орын          51    Менің отаным -Қазақстан атты Халықаралық қашықтық шығармашылық суреттер,фотосуреттер және қолөнерлер байкауы     Сағымбек Ескендір    1    1 орын          52    Аудандық оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне араналған сурет байқауы     Мелісбай Ақниет                               Сағымбек Жаннұр    5    1 орын          53    Мың бала Республикалық сайты ғылыми жоба      Тохтарбеков Нурмухаммед      6    1 орын          54    тарих пәнінен Qaztest.kz олимпиадасы     Табысбекқызы Елжан    9         2 орын     55    «TIO.KZ» Республикалық Дәстүрлі интернет Олимпиада сайты Музыка пәнінен  ұйымдастырған онлайн олимпиада    Үмбетқызы Бағжан    5    1 орын          56    Е.Хасанғалевтің 80 жылдық мерейтойына  орай өткен «Атамекен» патриоттық әндер байқауы     Назарқұл Аружан    11              3 орын57    «Тәуелсіздік –Мәңгілік елдің тұғыры» атты балалар арасында ұйымдастырылған республикалық онлайн байқауында «Вокалдық әндер» номинациясының жүлдегері     Бекен Кәусар    4    1 орын          58    «Тәуелсіздік –Мәңгілік елдің тұғыры» атты балалар арасында ұйымдастырылған республикалық онлайн байқауында «Вокалдық әндер» номинациясы     Табысбек Елжан     9    Бас жүлде            59    "Кенгуру -математика барлығы үшін" халықаралық зияткерлік конкурсы    Молдағалым Амир     2         2 орын     
   Педагог  кадрлар туралы мәлімет
    2020-2021 оқу жылында мектепте 52 мұғалім жұмыс істеді.51 мұғалімнің  білім жоғары, 1 мұғалімнің білімі орта-арнаулы.   
  Олардың   7-уі жас және жаңадан келген мұғалімдер. Жас ұстаздарға тәлімгерлер тағайындалды. Тәлімгерлер арнайы жұмыс жоспарын жасап, әдістемелік көмек көрсетті. Жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету мақсатында  бірлестік жетекшілері сабаққа қатысу мен дидактикалық құралдар пайдалану туралы, сабақ өткізудің түрлері мен әдістері жайлы баяндамалар мен пед.оқулар ұйымдастырды. Жыл бойы ұйымдастырылған апталықтар мен ашық есік күндерінде көптеген сабақтың түрлері өткізіліп,талдау жасалынды.

Педагог кадрларлардың  жетістіктері
 

2020-2021 оқу жылының 15.02-30.04 аралығында әдістемелік бірлестіктердің пән  апталықтардың жұмыс жоспары
 
Тақырыбы:   ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ
Мақсаты:          Білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін еңгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

     Бекітілген кесте бойынша барлық әдістемелік берлестік мұғалімдері пән апталықтарын өз деңгейінде өткізді. Әдістемелік жетекшілер өткізілген іс-шаралар бойынша мәліметтерін уақытылы өткізіп, құжаттарын жинақтады.

Айы    №    Әдістемелік бірлестік    мерзімі    жауаптыларақпан      1    Өзін-өзі тану пәні бойынша апталық    08-12.02.2021    Г.К.Танкакова ӘБ жетекшісі
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері 

    2    Бастауыш сынып ӘБ апталығы      15.02-19.02.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
    3    Жаратылыстану ӘБ апталығы    22-26.02.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
наурыз    4    Математика, информатика ӘБ апталығы    01-05.03.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
    5    Тарих,құқық  пәндері ӘБ апталығы    08-12.03.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
сәуір    6    Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі ӘБ апталығы    05-09.04.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
    7    Өнер пәндері  ӘБ апталығы    12-16.04.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
    8    Дене тәрбиесі және АӘД ӘБ апталығы    19-23.04.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі
    9    Жас мамандардың пән апталығы    26-30.04.2021    Г.К.ТанкаковаӘБ жетекшісі Тәлімгерлер 



Мектепті дамыту жоспары бойынша атқарылған жұмыстары
2020- жылдың қыркүйек айында Мектепішілік шығармашылық топ мүшелері бас қосып, мектептің дамыту жоспарын талқылап, мақсат, міндеттері мен күтілетін нәтижелерін талқылады. Оқу жылынныңың І- ІІ жарты жылдығына атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Шығармашылық топта басқарушы, үйлестіруші және дамытушы топ мүшелері  айқындалып, олардың міндеттері  бекітілді.  
Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт»  кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.  Мектеп көлемінде құрылған мұғалімдердің «Шабыт»  кәсіби қоғамдастығының басқарушы топ, үйлестіруші топ және дамытушы топ мүшелері анықталып бекітілді.                      Кәсіби     қоғамдастықтың            басқарушы      тобы    мүшелері боп мектеп  директоры       Г. Асылбекова, мектеп директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары Т. Абилов,                        Г.  Танкакова , үйлестіруші топ құрамына тәрбие ісі  жөніндегі орынбасары Н. Рахимбаева, мектеп психологы Қаблаш Манар, әлеуметтік педагог –Джауыншинова Римма, педагог- ұйымдастырушы  Л. Бакеева, Р. Абилкаирова және дамытушы топ құрамына деңгейлік бағдарлама бойынша сертификатталған 7 мұғалім бар.  Топ отырысында өткен жылға атқарылған жұмыстар сараланып, білім сапасы мониторингі жасалынып, 2020-2021 оқу жылына мектепті «Кәсіби қоғамдастықты дамыту арқылы  мектепті дамыту жоспары» жоспарланды.  Мектепті дамыту жоспарының тақырыбы: Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.  Мақсаты: - Жаңартылған білім мазмұны аясында мұғалім мен оқушылардың бірлескен жұмысында, оқыту мен оқуда жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың танымдық қабілеттері мен функционалдық сауаттылықты дамыту 
- Оқыту үрдісінде білімнің түпкі нәтижесі деп саналатын құзырлылықтардың біртұтас бірлігі ретіндегі функционалдық сауаттылықтың мәнін, рөлін айқындау, оны мектеп тәжірибесіне ендіру 
-Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың  функционалдық дағдыларын қалыптастыру және арттыру арқылы оқу сапасын жақсарту. Мектепті дамыту жоспарының басымдықтары:  
-    Білім беру мазмұнын жаңарту аясында  педагогикалық үдерістерді тиімді ұйымдастыру, мектеп тәжірибесінде  бөлінген көшбасшылықты дамыту, жұмыс топтарын мен зерттеу топтарының жұмыстарын тиімді ұйымдастыру   -    Мұғалімдерді кәсіби қолдау, кәсіби қоғамдастық аясында тиімді қарым-қатынас орнату, тәжірибені тарату -    Мұғалімдердің кәсіби дамуын жоспарлау, бірлескен оқу мен командалық  жұмысты ұйымдастыру арқылы  оқушыларды дербестікке баулу, танымдық қабілеттерін арттыру-    Оқыту мен оқу үрдісіне замануи озық педагогикалық технолгияларды қолдану арқылы  оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру тетіктерін дамыту Мектепті дамытудың жоспарының  күтілетін нәтижесі мен табыс критерийлері анықталды. Жоспар бойынша жылдық атқарылатын 39 іс шара жоспарланды.  Сонымен қатар, ағымдағы жылда мектептің басымдықтары мен дамыту жоспарына сәйкес сыни ойлауды дамыту арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, Оқыту мен оқуда АКТ қолдану, Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау яғни критериалды бағалу, бағалау тапсырмаларын әзірлеу, Жас ерекшеліктеріне қарай оқыту және оқу, Дарынды және талантты балаларды оқыту және оқу, АКТ модульдерін енгізуді жалғастыру жоспарланды.  
Барлық мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу үрдісінде Ұзақ және орта мерзімді жоспарларды қолданады.  2020 жылғы 6 сәуірдегі 130 бұйрық борйынша  қысқа мерзімді жоспарларында жаңартылған білім мазмұнына және 7 модуль бойынша сай әдіс-тәсілдер  ықпалдастырылған. Жаңартылған бағдарлама сыныптарында Күнтізбелік жоспарларында Оқу мақсаттары ҰМЖ және ОМЖ  пәннің оқу бағдарлама бойынша жоспарланған. Әр сабақта формативті бағалау, кері байланыс беріліп, оқу жетістіктерін арттыру жолға қойылған.  
Мұғалімдердің мектепті дамыту жоспарына сай жылдық жұмыс жоспарлары  бекітілген. Мектепте жоспар бойынша  Zoom платформасы бойынша мектепішілік семинарлар өткізіліп, тәжірибелі, сертификатталған мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөліседі.  Мектепте «Жас мамандар мектебі» «Дарынды оқушылармен жұмыс мектебі»   жұмыс істейді. Мұғалімдер тоқсанына 1 рет ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын, іскерлік ойын,  дөңгелек үстелдер ұйымдастырып,  өз тәжірибесімен алмасу жоспарланды. 
Мектептегі әдістемелік бірлестік жетекшілерімен отырыс өткізіліп, мектеті дамыту жоспарымен таныстырылып, бірлестік бойынша жоспарға сай ортақ іс шаралар кешені талқыланды.  Тәлімгерлік үрдісі жоспарланып, тәлім алушылар мен фокус тобы мұғалімдері анықталды, тәлім алушылармен  жұмыс жоспралары бекітілді. 
Мектептің әдістемелік бірлестіктері  жетекшілерімен, мектеп әкімшілігімен  дөңгелек үстел өткізіліп, мектептің даму жоспарымен таныстырылып, талқыланып, кәсіби қоғамдастықты дамыту, мектеп тәжірибесін түрлендіру мақсатындағы іс шаралар кешенін талқыланып, бірлестік жетекшілерінің жоспарларына енгізіліп, сабақты зерттеу топтары мен нысаналы сыныптарды анықталды. 
Мектеп тәжірибесін дамыту, кәіби қолдауды дамыту мақсатында тәлімгерлік үдерісі жоспарланды. Тәлім алушылардың қажеттіліктері мен тәлім алушы мұғалімдер анықталады.  Мектепте 3 жас маманға тәлім алушылар бекітіліген. Тәлім алушылар мен фокус тобындағы мұғалімдерді бекіту, жұмыс жоспарларын бекіту. Тәлім алушылардың қажеттіліктері анықталып,  жұмыс бағыты анықталды.  Тәлім алушылармен жұмыс жоспарын №130 бұйрық бойынша мақсат, міндеттерін анықтау, ұйымдастыру көзделді.  Тәлім алушыларды  ұйымдастырлыған коучинг, шебер сыныптарға қатыстыру, тәжірибемен бөлісу жолға қойылды. Тәлім алушымды қолдау, кәсіби даму бағытында сабақтарына қатысып, кәсіби сұхбат жүргізіп отырдым. Тәлім алушыма кері байланыс жасалып, рефлексия жасап отыру ұсынылды. 
Оқу жылының бірінші тоқсанында  әдістемелік отырыста Р. Абилкаирова
«Жаңартылған  білім беру мазмұны-  сапалы білім негізі» атты баяндама оқыды. Баяндамада «Білім беру бағдарламасының негізгі мақсатымен  критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін мен ерекшеліктерімен»  таныстырды. 
Қыркүйек айында Р. Абилкаирова «№  1  коучинг «Жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша оқу-тәрбие үрдісінде қолданылатын әдіс-тәсілдер»  атты коучингі өткізіліп, мұғалімдерге  Жаңартылған білім беру мазмұны бағдарлама аясында жаңа-әдістерді тиімді қолдану және олардың маңызы туралы түсінеді.   көрсетті. 
Сертификаатлған мұғалімдер Ж.  Салқыбаева, А Утенова «Жаңартылған білім беруде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары мен стратегиялары» атты  тренинг өткізіп, жаңартылған білім мазмұны аясында функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары, стратегиялары бойынша тәжірибесімен таныстырды. 
Жаңартылған білім мазмұны бойынша қашықтықтан оқыту нысанында озық педагогикалық әдіс-тәсілдермен таныстыру мақсатында ІІІ деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған Д. Барлыбаева  және А.Алпсыбаева  Қашықтықтан білім беру жағдайында оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдары атты тренинг өткізді.   Тренинге онлайн оқытудағы қолдануға тиімді озық педагогокалық технологиялар мен әдістермен таныстырды. 
 Н. Тұрсынбаева және Д.Дуйсенбаева   «Жаңартылған білім беру мазмұны аясында қашықтықтан оқу үрдісінде оқу жетістіктерін бағалаудың  ерекешлігі мен тиіділігі »  атты презентациясында   қашықтықтан оқыту аясында бағалауды тиімді жүргізу жолдарымен таныстырды.Қатысушылар «Қашықтықтан оқыту жағдайында»  білім сапасын арттыруда бағалаудың рөлін түсінді
І тоқсан көлемінде өткізілген коучинг сабақтары, шебер сыныптары, презентация, тренингтерден соң  соң мұғалімдерге қашықтықта оқыту жағдайында өз сабақатарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары мен әдістерін және бағалауды қолдану ұсынылды. Мұғалімдер сонымен қатар жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқыту үрдісінде бағалау әдістерін де қолдана бастады.  Содан соң сертификатталған мұғалімдер тәлім алушылардың сабақтарын тиімді жоспарлауға  қатысып, олардың шығармашылығын арттыру мақсатында  тәжірибе алмасты. Тәлім алушылармен кәсіби сұхбат жүргізіліп, оларды қолдау, бағыттау, тәжірибесін түрлендіру жолға қойылды.  
           Желілік қоғамдастықты дамыту бойынша Г. Жакенова Желілік қоғамдастықты дамыту жоспарын бекітті. Сертификаталған мұғалімдер онлайн жүйесінде өткізілген курстарға, аудандық, қалалықб облыстық мектептердің  семинарларына қатысып, оқыту мен оқуда қолданылатын тиімді әдістерді қолдану, жңартылған бағдарлама негізінде оқыту үрдісін жүргізу, бағалау бойынша тәжірибе алмасты.
      Тоқсанның соңында атқарылған жұмыстар нәтижесіне  СВОТ талдау жасалынып, Нәтижелер мен кемшіліктер, кедергілер мен мүмкіндіктер сараланды. Алға қойылған мақсатқа жету жоспарланды.

 «Қашықтықтан оқыту форматында АКТ технологияларын тиімді қолдану»   тақырыбында  жетекші мектеп пен серіктес мектептер арасында  ұйымдастырылған вебинар туралы мәлімет

   2020 жылдың 5-ші наурыз күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің     мектепті дамыту жоспарына сәйкес «Қашықтықтан оқыту форматында АКТ технологияларын тиімді қолдану»   тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинардың  мақсаты: мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттыру, тәжірибе алмасу.   Вебинар аясында мектептің тренері    Абилкаирова Роза Искаковна «Қашықтықтан оқыту- білім берудің жаңа форматы» тақырыбында таныстырылым ұсынды. Р.И.Абилкаирова қашықтықтан оқытудың технологиялары, қазіргі білім беру үрдісінің  дамуындағы принциптері,  қашықтықтан оқыту формалары мен  оқытуда қажетті  біліктіліктер туралы айтып өтті.  Н.Алдабергенов атындағы орта мектептің   химия  пәнінің мұғалімі Арахат Әсила «Қашықтықтан оқыту кезінде Google Forms-ты қолдану» тақырыбына шеберлік сынып өткізді.Шеберлік сыныбында веб-сервистерді, аралық және ағымдық бақылау жүргізуге сәтті пайдалануға болатынын, оқушылардың аккаунттарына кірместен, желі әлсіздігіне қарамай бірден ашылатынын, пайдалануда және тест жұмыстарын жасауда қарапайымдылығын, қолжетімділігін, тегін ұсынылатындығын және тағы басқа мүмкіндіктерін жеткізе отырып, оқушыларды бағалаудың тестін жасап, жауаптарын уақытты үнемдей отырып қадағалау жолдары көрсетілді.. Химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна «Саралау әдістерін  тиімді қолдану» тақырыбына шеберлік сынып өткізді.К.С.Жұмабекова саралап оқытудың маңыздылығына тоқталып, сабақ барысында қолданып жүрген саралау әдістерімен, сонымен қатар «Learning Apps.org»   бағдарламасының функцияларымен таныстырып өтті. Математика пәнінің мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиевна «Геогебра – математикалық интерактивті бағдарлама» тақырыбында шеберлік сынып ұсынды. Ж.С.Салкынбаева геогебраның  тегін бағдарлама екендігі, сондықтан оны кез келген компьютерге орнатып, қолдануға болатынын атап өтті. Проекторы бар әр аудиторияда математиканы көрнекі түрде түсіндіру мүмкіндігі бар. Білім алушылар абстрактілі түсініктерді өз көздерімен «көре алады». Әсіресе, жаңа тақырыпты түсіндіру барысында бұл бағдарламаны қолданған тиімді. Әр математикалық формулалармен шешілген есептерді көрнекі түрде графиктер салу арқылы тексеруге болады. Бұл әдіс оқушыларға ерекше қызық болып, формулаларды түсінікті түрде жеткізеді. Geogebra арқылы «Жансыз» фигуралар мен графиктерге жан бітеді, яғни олар интерактивті болады. Фигураларды анимациялауға болады. Компьютерлік сауаттылықты арттырады. Geogebra – геометрия, алгебра, кестелер, графиктер, статистика және арифметиканы бір жерде қолдануға қолайлы білім берудің барлық деңгейлері үшін кросс-платформалы динамикалық математикалық бағдарламасы. Сондай-ақ, бағдарламаның функциялары арқылы график салу, түбірлер, экстремумдар, интеграл анықтау тағы басқа жұмыстар орындау мүмкіндігі зор. Ж.С.Салкынбаева математика пәні мұғалімдері бұл бағдарламаның көмегімен көрнекі материалдар мен интерактивті сызбалар құруы ыңғайлы және құрылған ресурстар қорынан ақпарат қолдануға болатыны туралы айтып өтті. Биология пәнінің мұғалімі Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы «Интербелсенді әдістердің құралдары»  тақырыбында таныстырылым ұсынды. Socrative. Бұл бағалау бағдарламасын қолдану үшін интернет желісіне қосылуға мүмкіндігі бар кез келген электронды құрылғыларды (ноутбук, планшет, смартфон және т.б.) пайдалануға болады. Бағдарлама оқушылардың білім жетістігін бағалау үшін «true or false» сұрақтарын,  бір және бірнеше жауабы бар тест сұрақтарын, толық жауап беруді талап ететін сұрақтарды құрастырып қолдануға, әрі бағалау үрдісін викторина түрінде ұйымдастырып, белсенді оқыту әдісі ретінде пайдалануға мүмкіндік береді. Қолдану мақсатына қарай топтық, жұптық және жеке жұмыстар кезінде қолдануға болады. Сонымен қатар WORDWALL,POWTOON  сервистері сияқты онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар      таныстырылып, олардың сабақта тиімді қолданылуы көрсетілді.
Вебинар соңында қатысушылар   пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.
       
      


   Білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын  толықтыру бойынша  жүргізілген  жұмыстар бойынша  мәлімет


     2020-2021 оқу жылында  қаңтар айыннан бастап пән мұғалімдері БЖБ,ТЖБ  жұмыстарының нәтижесі бойынша білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтарды жою және олардың орнын  толықтыру бойынша  келесі    жұмыс түрлері жүргізілді:
1.    Әдістемелік бірлестіктері оқу пәндері бойынша  білім алушылардың (1-11 сыныптар) оқу үлгеріміндегі әлсіз тұстары мен күрделі тақырыптарды анықтау бойынша отырыстар  өткізілді.2.    Цифрлық білім беру ресурстарын белсенді пайдалану /edu.kz, «Өрлеу» БАО, үздік педагогтардың авторлық сабақтары, «Үздік педагог» республикалық конкурсы  жеңімпаздарының тәжірибесін қолдану ұсынылды.3.     Пән мұғалімдеріне   арналған тегін ресурстарының сілтемелері берілді, сабақ барысында пайдалануда.  /Сілтемелері: «Өрлеу» on-line, https://www.youtube.com/channel/UCXC-idU18buI-_kCBLU16-g./4.    Оқыту уәждемесін арттыру үшін пәндік апталықтар өткізу. 2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес апталықтар өткізілуде. Қазіргі уақытта  4 әдістемелік пән бірлестігінің апталықтары өткізілді. Ашық сабақтарда, сыныптан тыс іс-шараларда үлгерімі төмен оқушылар қатыстырылды.5.    2020-2021 оқу жылының әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес семинар, кочингтер өткізілуде. Оқыту әдістемесі бойынша «Саралау әдістері» , «Цифрлық ресурстарды пайдалану», «Оқытудың тиімді әдістерін қолдану» тақырыптары бойынша семинарлар ұйымдастырылды, «Саралау әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сынып, «Liveworksheets.com  сайтымен жұмыс жасау»,    шеберлік-сынып:   таныстырылым «Қосымша сабақтарда модульдік оқытуды пайдалану».6.    Үлгерімі төмен оқушылармен, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша онлайн оқыту тренингтер, вебинарлар өткізілді. «Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен әдістері» тақырыбында баяндама, «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жолдары» тақырыбында таныстырылым, «Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс» тақырыбында шеберлік сынып, таныстырылым «Үйден оқыту мен инклюзивті білім беру ерекшеліктері».7.    Пән мұғалімдері онлайн мектеп платформа  контентін пайдалануда.
2020-2021 оқу жылындағы оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру   бойынша  пән мұғалімдерімен жүргізілген  жұмысы туралы мәлімет


       2020-2021 оқу жылы мектеп директоры Г.А.Асылбекова педагогикалық  ұжымды      «Алматы облысы білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік мекемесінің 2021 жылғы 11 мамырдың № 88 б н/к   бұйрығымен     таныстырып, түсіндірме жұмыстарын  жүргізді. Сонымен қатар  Г.Асылбекова «Жазғы мектепті»  ұйымдастыру бойынша таныстырылымды ұсынды. 
Оқыту сапасын арттыру және шектеу шаралары кезеңінде білімдегі жіберілген олқылықтардың орнын толтыру бағытында атқарылатын жұмыс жоспары бекітіліп,    сабақ кестесі бойынша жұмыс  ұйымдастырылды.
        Бекітілген жоспарға сәйкес кезектен тыс әдістемелік бірлестіктер отырыстары өткізіліп, пәндер бойынша ең күрделі тақырыптары таңдалынып,  олардың саны талқыланды.  
      Пән мұғалімдеріне оқытудың оңтайлы әдістері мен тәсілдерін таңдау бойынша әдістемелік көмек көрсетілуде.  Мектеп тренерлері тарапынан түсіндірме жұмыстары, шеберлік сыныптар өткізілуі жоспарлануда. Ұсынылатын тақырыптар: 
1.    PISA тапсырмаларын сабақтарда белсенді қолдану. Шеберлік сынып /Мектеп тренері Г.Жакенова/.2.    Оқу сауаттылығы  дағдыларын дамыту («Оқитын мектеп»). Шеберлік сынып /Мектеп тренері Р.И.Абилкаирова/.3.     Электрондық ақпаратпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, практикалық-бағдарланған тәсілдерді қолдану. Шеберлік сынып /мектеп тренері  Д.Б.Дуйсенбаева4.     Мәтінмен жұмыс, практикалық тапсырмаларды орындау. Шеберлік сынып /мектеп тренері А.Алпысбаева/.         Пән мұғалімдерінің  күнтізбелік –тақырыптық жоспарлары бекітілді. Орта мерзімді және бірлескен қысқа мерзімді жоспарларын дайындауда.
2019-2020 оқу жылындағы биология, физика және химия  пәндерінің  ағылшын тілінде оқытылуы бойынша мәлімет
 
       Ж.Егінбаев  атындағы интернаты бар орта мектепте 2018-2019 оқу жылынан бастап биология және физика пәндерін ағылшын тілінде оқытылуы жүргізілді.  Биылғы 2019-2020 оқу жылында № 1 педагогикалық  кеңес шешімі бойынша   физика және биология пәндерін ағылшын тілінде оқытылуы жалғастырылуда. 2020-2021 оқу жылының № 1 педагогикалық кеңес шешімі бойынша 7-ші сыныпта химия пәні ағылшын тілінде оқытылды.
      Биология,  физика және химия   пәндерін ағылшын тілімен байланыстыра оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Сабақ барысында қосымша берілетін биологиялық және физикалық  терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді. Қазіргі кезде оқушыларға пәнді қазақ тілімен бірге орыс және ағылшын тілінде оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын, ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған.
         Жаратылыстану пәндерін үш тілде оқыту –болашақ ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күнгі қажеттілік. Ғылыми техниканың дамуы адамдардың практикалық және кәсіби тұрғыда көп тілді меңгеру қажеттігін тудыруда. Сабақ процесінде жаңа технологиялық әдістерді пайдалануда техникалық құрылғыларды қолдану кезінде ағылшын тілін білу маңызды.
         Осы орайда  мектебімізде 10 «А» сынып оқушылары биология пәнінен факультатив, физика пәні бойынша үйірме есебінен аптасын 1 сағат берілді. Оқушы саны-17. Пән мұғалімдері: биология пәнінің мұғалімі Уәлиев Ұлан Бақыткелдіұлы, еңбек өтілі 5 жыл, сертификатталған. Физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат, еңбек өтілі 7 жыл, сертификатталған. 7 «Ә» сыныбында  оқушы саны -17. Химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна,еңбек өтілі 27 жыл,сертификатталған.
      Сабақта жаңа ақпаратты меңгерту үшін қолданатын әдістеріме тоқталсақ, жаңа сабақты үнемі фотосуреттер, видеолар, бағыттаушы сұрақтар қою арқылы ашып отырады . Жаңа сабақтың тақырыбымен танысқан соң, сол тақырыпта кездесетін термин сөздердің ағылшын тіліндегі нұсқасымен таныстырдым (міндетті түрде транскрип болу қажет). Сол терминдерді есте сақтау үшін пән мұғалімдері  түрлі активити қолданып, атап айтсақ, кесте, сызба, broken phone, matching, flapper және т.б. Жаңа сабақ туралы шамалы ақпарат   беріп, сол тақырыптардың мәтіндермен ,жаңа сөздермен жұиыс жүргізіледі.   Сонымен қатар әр оқушы жеке, жұппен орындайтын жұмыстар беріледі. Сабақтың барысында оқушыларды ынталандыру мақсатында түрлі танымдық сайттардан алынған бір-екі минуттық видео жазбалар қолданылады. Ағылшын тіліне сабақтың үлесіне шағатын болсақ, бастапқыда 25% құраса, уақыт өте келе 50-70%-ға жетті. Сабақтың алғашқы кезеңі (ұйымдастыру кезеңі) ағылшын тілінде жүргізіледі және жаңа сабақта кездесетін терминдер ағылшын тілінде таныстырылады. Сонымен қатар, бекіту кезеңінде ағылшынша терминдерді пысықтау мақсатында «анаграмма», «филворд», «broken phone», «домино», «қарлы кесек» және т.б. әдістер қолданылады.
Жұмыс жүргізу барысында мынандай қиындықтар туындады, бірақ бұл қиындықтар уақыт өте келе өз шешімін тапты:
•    Ұстаздардың жеткілікті деңгейде тілді білмеуі;•    Оқушылардың біразы тілді біліп, өз ойын еркін жеткізе алып, сөздердің айтылуын дұрыс айтса, енді біразы тілді жақсы білмейтін, дұрыс оқи алмайтын оқушылар болды;•    Қос тілде жазылған кітаптардың жеткіліксіздігі;•    Пәнді екі тілде оқыту барысында, сабақты жартылай ағылшын, жартылай қазақша жүргізілуде уақыттың жетіспеушілігі.Жұмыс жүргізу барысында оқушылардан мынадай жетістіктерді байқадық:
1.    Биология, физика  және химия пәндеріне  оқушылардың   терминдерді ағылшын тілінде өткенге қызығушылық танытатындықтары байқалды.2.      Терминдерді үйрету үшін көптеген дидактикалық материалдар жинастырылуда, соның негізінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, белсенділігі артады.3.    Оқушылар ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап игергендіктен, оларға биология пәнін ағылшынша өту онша қиын еместігін байқадық.  Ағылшын тілінде оқытудың мүмкіндіктері келесідей:
•      Мектепте биология мен физика  пәнінің ағылшынша оқытылуы болашақ мамандарға үлкен көмегін тигізеді.Бір ұтымдысы,  терминдер ағылшын және орыс тілінде де ұқсас келеді.•    Оқушылардың танымдық, креативтілік әлеуеті жетілуіне мүмкіндік ашылады•    Халықаралық олимпиадалар, әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.•    Қазақстанның білім көрсеткішін әлемдік деңгейде көрсетуге•    Шет елде білім алуға ниетті оқушыларымызға үш тілді жетік меңгеру жеңілдіктер береді•    Қазақстандағы білімді әрі білікті мамандар санының өсуіне оң әсерін тигізеді
     Жоспар бойынша  физика және биология сабақтарына ментор қатысып, әдістемелік көмек көрсетуде. Мадиева Динара сабақ барысында қандай  белсенді әдістерді тиімді қолдану керектігі, терминдерді қалай тезірек жаттаудың әдіс-тәсілдерімен  үнемі бөліседі. Оқу жылының басында  шығармашылық топ құрылды. Ағылшын тілі пәні мұғалімдері Ж.О.Оспанбаева және Р.И.Абилкаировамен       бірлесіп жұмыс жүгрізіліп жатыр.Физика және биология  пәндері  бойынша ағылшын тілінде оқу материалдарын әзірлеуге,терминдердің дұрыс айтылуына пән мұғалімдеріне және оқушыларға көмек көрсетуде.   
 

   Пән мұғалімдердің біліктілігін  арттыру бағытындағы 
жұмыстың қорытындысы


Мектеп  атауы    І,ІІ,ІІІ деңгейлік курстар    І деңгей    Жаңартылған білім мазмұны бойынша курс    Үштілділік курсыЖ.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп     2012-2014    2015    2016    2017    2018    2019    2021    2016    2017    2018    2019    2020    2017-2018ж.ж    2018-2019ж.ж    2019-2020    4        5            1    2Алпысбаева А.
Дуйсенбаева Д.    3    14    13    9    1    2          1

2020-2021 оқу жылында Ж. Егінбаев атындағы орта мектебінде
жүргізілген Сабақты зерттеу (Lesson study) жұмысының
қорытындысы туралы мәлімет 
     

2020-2021  оқу жылының  І тоқсанында мектебімізде  7-21 желтоқсан аралығында «Сабақты Зерттеу» үрдісі -Зерттеу сабақтарын өткізу жоспарланды. Сабақты зерттеу үшін нысаналы сынып ретінде 4 «А» сыныбы таңдалып алынды. 
Сабақты зерттеуді өткізу үшін мектеп әкімшілігі және шығармашылық топ мүшелерімен бірлесе мектептегі І тоқсанның білім сапасының мониторингі бойынша және мектепішілік бақылау қорытындысы бойынша нысаналы сынып алынды. Тоқсан қорытындысы бойынша нысаналы сынып ретінде 4 «А» сыныбы алынды. Нысаналы сыныпты таңдаудағы негізге себептердің бірі –сыныптағы білім сапасының төмен болуы-  4 «А»  сыныбында білім сапасы І тоқсанда   41%,  және мектепішілік бақылау нтиәжесі бойынша көрсеткен көрсеткіштер бойынша  сынып белсенділігінің төмендігі негіз болды.   4 «А» сыныбының білім сапасының әр пән бойынша мониторингі жасалынып, оқушылардың оқуға мотивациясына психологпен бірлесе психологиялық диагностика жасалды. Оқушылардан сауалнама алынды, сауалнама нәтижесін талданды. 
Нысаналы сынып анықталған соң  Сабақты Зерттеу жұмысының жоспары жасалынып, зерттеу тобы мүшелері мен сабақ беретін пән мұғалімдері және өткізілетін пән сабақтары анықталды. Зерттеу жүргізу үшін зерттеу тобы анықталды. Зерттеу тобының құрамының төмендегі осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдер және мектеп психологы  кірді:
1.    Г. Танкакова –орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, директордың әдістемелік  ісі жөніндегі орынбасары.2.     М. Қаблаш–мектеп психологы, өзін-өзі тану пәні  мұғалімі3.    Р. Абилкаирова-ағылшын тілі пәні мұғаліміР. Абилкаирова және зерттеу тобы Зерттеу сабағын топ мүшелерімен бірлесе жоспарлап, Зерттеу мақсаты мен тақырыбын зерттеу сұрағын анықтады.
Зерттеу тобы мүшелерімен бірлесе ең алдымен  4 «А»  сыныбы оқушыларынан  сауалнама алынды. Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау, және кедергілерді анықтау үшін сабақтарға қатысу ұйымдастырылды. Мектеп психологы М.Қаблаш  оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін анықтау мақсатында психологиялық тест алынды. Сауланама нәтижелері, білім сапасының мониторингі, бақылау жұмыстары нәтижесінде зерттеу мүшелерімен бірлесе  Сабақты зерттеу (Lesson Study) тақырыбы, зерттеу сұрақтары анықталды.  
4  «А»  сыныбында 16  оқушы. 6 ұл бала, 10 қыз бала. Сыныпта оқу озаты - 2, оқу  екпіндісі -  4. 
Алынған деректерді талдау нәтижесінде зерттеу тобы бірлесе Сабақты зерттеу жұмысының кездесу жоспарын, Зерттеу жұмысын өткізу жоспарын талқылап,  4 А сыныбында зерттеу сабақтары өткізілетін пәндерді анықтады. Зерттеуді жүргізу үшін алынған деректерді талдау барысыныда зерттеу тақырыбы: «Сабақта сыни ойлауды дамыту әдістерін қолдану  арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» зерттеу жоспары бекітіліп,  мақсаты, күтілетін нәтиже анықталды.  
Зерттеу жұмысы : Сабақта сыни ойлауды дамытатын жаңа әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлау  дағдысы мен функционалдық  сауаттылығын дамыту»  
Мақсаты: Сабақта  сыни ойлауды дамытатын жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын мен   функционалдық сауаттылығын дамыту, оқу сапасын арттыру. 
Күтілетін нәтиже: 
-Сабақта енгізілген сыни ойлауды дамытатын  жаңа әдістердің тиімді қолдану нәтижесінде оқушылардың сыни ойлау дағдысы,  функционалдық сауаттылығы  артады.
- Зерттеу  сабақтары нәтижесінде оқушылар  жаңа ақпаратты, білімді өздігінен игеруді, салыстырып, талдауды, ой тұжырымдауды,   бағалауды үйренеді. 
Зерттеу сұрағы: 4 сынып оқушыларының  сабақта сыни ойлауын дамытуда, функционалдық сауаттылығын арттыруда  сыни ойлаудың жаңа  әдістерін қалай тиімді пайдаланамыз?  Зерттелетін әдіс: Ментальды карта   
 Бақыланушы оқушылар   А деңгейлі оқушы –Тоқтасын Мейірлан,  В деңгейлі оқушы –  Қалибек Інкәр,  С деңгейдегі оқушы- Ускенбаев Нурасыл.   
Өткізілетін зерттеу сабақтары пәндері:  орыс тілі, дүние жүзі тарихы, жаратылыстану. Зерттеу тобының жоспары жасалынып, кездесулер жоспар бойынша өткізілді.
 
     Қорыта айтқанда,  Lesson Study нәтижесінде біз оқушылардың білімдерін жаңа тәсілдер арқылы кеңейте алдық және оқушыларымыздың оқу үдерісіне толыққанды қатысуына ықпал ете білдік.Сабақ соңында өз мақсаттарымызға жеттік, қалыс қалған оқушылар болған жоқ. 4 А сыныбы оқушыларының белсенділігі артты, оқушылар енгізілген әдістер негізінде тақырыпты оңай игеретіні, өз ойын айта алатыны  анықталды. Оқушылар сұрақ қоюды үйренді. Ментальді кестесі әдісі оқушылардың сыни ойлау қабілетінін дамыту арқылы функционалдық сауаттылығын арттыруға тиімді әдіс  деген қорытындыға  келдік. 
Нәтижесінде
1)    Оқушылар сұрақ қоюды, өз ойын тұжырымдауды үйренді2)    Топта, жұпта бірлесе жұмыс істеуді, ЖАДА-ға сәйкес бірлесе білім алуға, талпынды. 3)    Ментальді кестесі әдісі ақрқылы ақпаратты талдауды, саралауды, ойын жинақтауды  сыни ойлау қабілеті арттыЖұмысты қорытындылай келе зерттеу тобы мұғалімдері келешекте  төмендегідей ұсыныстар жасалды. 
4)    Сабақта тапсырмалар жеңілден күрделіге қарай бағытталуы тиіс,  тапсырмалар оқушыларды ынталандыру қажет.5)    Сабақта  шығармашылық тапсырмаларды енгізу, егізілген әдістердің сабақ мақсаттарына, оқу мақсатына сай келуі6)    Сабақта тиімді кері байланыс, формативті бағалауды тиімді ұйымдастыру.7)    Уақытты тиімді пайдалану8)    Топтық жұмысты істеуге дағдыландыру әрбір орындалған тапсырмаларды бағалау яғни кері байланыс ұсыну   9)     6 «Ә»  сыныбын сабақ беретін пән мұғалімдеріне Іс-әрекеттегі зерттеу жұмыссына алу. Алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын жалғастыру Енгізілген Ментальді кестесі әдісі оқушылардың сыни ойлау қабілетін арттыратын және функционалдық сауаттылықты дамытатын  тиімді әдіс екені зерттеу жұмысы нәтижесінде анықталды. Сабақты зерттеу жұмысы қорытындыланып, әдіс енгізілуге ұсынылды. Қорытынды жұмыс жайлы мектеп әкімшілігіне есеп беріліп, тәжірибе таратылады. 


Қорыта келгенде,   төмендегі кемшіліктерін жою мақсатында жоспар құрылып, жұмыс жүргізілуі қажет:

1.    Іс-тәжірибе тарату жұмыстарының жүргізілуін жандандыру керек.2.    Функционалды сауаттылық,ТИМС, PISA .қорытынды аттестаттау  бойынша мұғалімдермен түсіндірме жұмыс жүргізу.3.    Аттестацияның қорытынды есебіне сәйкес құжаттары ретке келтіріліп, пән мұғалімдерінің ашық сабақтар кестесін құрып, құжаттары бір жүйеге келтілісін.4.    Сабақта интербелсенді әдіс – тәсілдерді ұтымды пайдаланып, жұмыстарын жандандыру. 5.    Дарынды оқушылармен жұмысы бойынша   пән мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.  6.    Іс-әрекетті зерттеу бойынша жұмыстарды дұрыс деңгейде жүргізу.


SWOT  талдау нәтижесінде нәтижелер мен кедергілер анықталды. 

Критерий    Нәтижені  талдауS.(Strengths) «сильные стороны» күшті жақтары    -    Мектепішілік семинарлар,  коучинг, шеберлік  сыныптарының  жоспарға      сәйкес жүргізілуі; аудандық вебинарлардың өткізілуі;-    мұғалімдердің  үйренген  әдіс-тәсілдерін  өз тәжірибесінде қолдануы;-    жүргізілген оқыту іс-шараларында функционалдық сауаттылықты  дамыту әдістерінің   тиімді қолданылуы;  -    Пән олимпиадалары мен ғылыми жобалар, түрлі байқауларға қатысуыW.(Wefrnesses) «слабые стороны» әлсіз жақтары    -    мектептің жұмыс тәжірибесін жарияланымдарда жеткілікті деңгейде көп таралмауы; 
-    қашықтық оқыту жағдайында  АКТ тиімді қолданбауы;-    озық педагогикалық   әдістер мен инновациялық үдерістердің белсендендірілуі, қашықтық сабақтарды тиімді бағалау, кері байланысты ұсыну жолдары; -    мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму деңгейі төмен; -     біліктілік санаты жоқ пән мұғалімдерінің саны педагог кадрлардың сапалық үлесінің төмен болуына әсері,-    Авторлық бағдарламаларды құрастырудың аздығы  /13 %/;-    модификацияланған кабинеттермен толық жабдықталмауыO.(Opportunities) «возможности»  мүмкіндіктер    -    Инновациялық жұмысты жандандыру;-    оқытудың интерактивті, жаңаша әдістермен жұмыс дағдыларын және оларды кәсіби қызметте пайдалану мүмкіндігіне ие болу;-    педагогтардың  шығармашылық дамытуға және    олардың кәсіби         өсуіне  жағдай жасау;  -    мектептің кәсіби қоғамдастық аясында  дамыту жоспарына сәйкес қашықтықта оқыту жағдайында іс- шаралардың жоспарға сәйкес жүргізілуі;-    пән мұғалімдерінің біліктілік санаттарын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу;-    Пән мұғалімдерінің облыс,республика деңгейдегі  байқауларға  белсенді қатысу;-    ықшам сабақтарды түсіріп, озық іс-тәжірибе тарату;-     желілік қауымдастық жұмысы арқылы педагогтардың кәсіби білімдерін жетілдіру-    мұғалімдердің тәжірибесін дамыту;-    оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру арқылы сыни ойлауын дамыту және фунционалдық сауаттылығы құзіреттілігін арттыруға  мүмкіндік  бар;-    әдістемелік пән бірлестіктерінің, шығармашылық топтың, желілік қоғамдастықтың  жұмысын  инновациялық  бағытта  ұйымдастыру;
-    талантты  және  дарынды  оқушылармен  жұмыс  жүргізуде                    мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;-     функционалды сауаттылық бойынша тапсырмалар базасын жинақтау-    Пән мұғалімдердің біліктілікті арттыру курстарынан уақытылы өтуін  ұйымдастыруT.(Threats) «угрозы»  қауптер, кедергілер    -    Педагог кадрлардың арасында өздігінен білім алуға және кәсіби өсуге ұмтылыс деңгейінің төмендігі-    Білім порталдарынан тиімді ресурстарды пайдаланбауы-    жауапкершіліктің төмендігі;-    өзара тәжірибе  аз алмасуы;-    критериалды  бағалауды тиімді қолданбау /баллдық жүйе/ -    мүмкіндігі шектеулі инклюзивті біліммен қамтылған балаларға оқу кабинеттерінің қазіргі заманғы құралдармен жабдықталмауы;-    химия  кабинеттерінің болмауы практикалық, зертханалық жұмыстарды жүргізуге кедергі келтіруі  

Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары:                      Г.К.Танкакова

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив