18
сентябрь
2024
Ата-ана жиналысы және аутодеструктивті мінез-құлық
Жыл басталуымен Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде ата-аналар жиналыс өтті. Жиналыста тек үлгерім мен қауіпсіздік қана емес, сонымен қатар аутодеструктивті мінез-құлық туралы түсіндірме жұмыс жүргізілді. Аутодеструктивті мінез-құлық – бұл адамның өз-өзіне саналы немесе бейсаналы түрде зиян келтіруі, мысалы, өзін-өзі кінәлау, оқшаулану, зиянды әдеттерге әуестену. Мұндай мінез-құлықтың негізгі себептері – отбасындағы түсініспеушілік, психологиялық қысым, күйзеліс. Ата-аналарға балаларымен сенімді қарым-қатынас орнатудың маңызы түсіндірілді. Баланың ішкі жан дүниесіне назар аударып, қолдау көрсету қажеттілігі айтылды. Ерте алдын алу шаралары мен маман көмегінің маңыздылығы да талқыланды. Жиналыс ақпараттық-түсіндіру сипатында өтті. Барлығы 49 ата-ана қамтылды.