05
июнь
2026
Арнайы маманның есебі
Арнайы маман К.Джакыпбекова
2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ АРНАЙЫ ПЕДАГОГТЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ
Ұйымдастырушылық бағыт
Оқу жылының басында арнайы педагог нормативтік-құқықтық базамен танысып, қажетті құжаттар жүйеленді. Арнайы педагогтың жылдық, айлық жоспарлары, жеке жұмыс папкалары, оқушыларға арналған құжаттар (жеке даму бағдарламалары, диагностикалық карталар) толық жасақталды. Мектепішілік психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі (ППҚҚ) аясында бірлескен жұмыстар жүргізіліп, мамандар арасында өзара байланыс орнатылды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығына сәйкес, яғни «Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құжат негізінде жүзеге асырылды. Оқу жылының алғашқы екі аптасында оқушыларға бастапқы терең педагогикалық диагностика жүргізілді. Сабақтарға қатысу арқылы сыныптағы оқушылар бақылауға алынып, бақылау хаттамалары толтырылды. Нәтижесінде арнайы педагогтың көмегін қажет ететін оқушылар анықталып, тізімі құрылды.
Диагностикалық бағыт
Жыл бойы оқу бағдарламасын меңгеруде ЕББҚ (ПМПК қорытындысы бар) және танымдық процестерінде қиындықтары бар мектепішілік анықталған оқушыларға кешенді диагностика жүргізілді.
Диагностика барысында оқушылардың: оқу бағдарламасы бойынша (қазақ тілі, математика) пәндері бойынша жетістіктер картасы, зейіні, есте сақтауы, ойлау қабілеті, қабылдау ерекшеліктері бойынша диагностикалық карта толтырылды.
Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардағы қиындықтардың себептері анықталып, соған сәйкес түзету-дамыту жұмыстарының бағыттары белгіленді.
Консультативтік бағыт
Жыл бойы ата-аналарға (заңды өкілдерге) және мұғалімдерге тұрақты түрде кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Ата-аналарға:
• баланың даму ерекшеліктері
• үй жағдайында жұмыс жүргізу жолдары
• түзету жұмыстарының маңыздылығы түсіндірілді (кеңестер тіркеу журналына жазылды).
Мұғалімдерге оқу бағдарламалары бойынша кеңестер берілді:
1. Бейімделген жалпы білім беру бағдарламасы-психикалық дамуы тежелген(ПМПК қортындысы бар) немесе қабылдау қабілеті қалыпты, зияты сақталған, тек уақытша белгілі бір жағдайларға байланысты оқуында уақытша қиындықтары бар оқушыларды жатқызамыз. «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығының әдістемелік нұсқау хатына сәйкес білім алушыға қиындық туғызатын пәндердің ғана оқу бағдарламалары бейімделеді, қалған пәндер тиісті үлгідегі жалпы білім беру бағдарламасы негізінде оқытылады және оқу бағдарламаларын бейімдеу бастауыш және негізгі білім беру сатыларында жүзеге асырылады. КТЖ-ны Оқу - ағарту министрлігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 399 бұйрығы негізінде бейімдейміз.
2. Жеке оқу бағдарламасы- жеңіл және орташа зерде бұзылыстары бар оқушыларға арналған оқу бағдарламасы. МЖМБС бағдарланбаған (МЖМБС меңгеру талап етілмейді), білім алушының нақты оқу жетістіктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, құрастырылған бағдарлама. Балдық бағалау пайдаланылмайтын оқу пәндері бойынша оқыту жалпы білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламалары бастауыш және негізгі орта білім беру сатыларында жүзеге асырылады. Бұл оқушылардың үлгілік оқу бағдарламаларын «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық ғылыми практикалық ортылынан» аламыз https://special-edu.kz/ .
Бастауыш 1-4 сынып болса 2020 жылғы 05 ақпандағы №51 бұйрық, жоғарғы 5-9 сынып болса 2020 жылғы 20 қыркүйегіндегі № 469 бұйрығын басшылыққа ала отырып КТЖ құрастырамыз.
Дамытушылық бағыт
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға түзету-дамыту бағдарламалары (ТДБ), ал мектепішілік анықталған оқушыларға жеке дамыту бағдарламалары (ЖДБ) құрылды.
Әр оқушыға:
• жетістіктер картасы
• диагностикалық карталар толтырылып, даму динамикасы бақылауда болды.
Жеке және топтық сабақтар жүйелі түрде өткізілді:
• жеке сабақтар – 30 минут
• топтық сабақтар – 45 минут
Сабақ барысында оқушылардың танымдық процестерін дамытуға бағытталған түрлі әдіс-тәсілдер (ойын технологиялары, көрнекілік, АКТ, ЖИ элементтері) қолданылды. Жүргізілген түзету жұмыстары нәтижесінде оқушылардың оқу дағдыларында, танымдық белсенділігінде оң өзгерістер байқалды. Түзете-дамыту жұмысының тиімділігін анықтау мақсатында арнайы педагог тарапынан оқушыларға жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп отырды. Мониторинг әр жартыжыл сайын өткізілді.
Оқушылардың тізімі
№ Аты-жөні Сыныбы Оқу бағдарламасы Тізімнен шығу, келесі оқу жылына қалтыру бойынша ақпарат
1 Құмарбекқызы Күнсұлу 1 «Ә» Жалпы білім беретін мектептің жалпы сыныбы жағдайында бастаыш білімнің жалпы білім беру бағдарламасын бейімдеу. Алдыңғы партаға отырғызу (тақтаға жақын)
2 Садық Ахмет 1 «А» Жалпы білім беру бағдарламасы
3 Бақыткелдіұлы Амангелді 2 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
условиях предшкольного класса общеобразовательной школы.
4 Маулетбай Жансая 3 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
5 Ермек Мансұр 3 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
6 Қажығали Айсұлтан 3 «А» Жалпы білім беру бағдарламасы
7 Мырзабай Жұлдыз 4 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
8 Мұқтарұлы Расул 4 «А» Жалпы білім беру бағдарламасы
9 Ұзақбай Расул 7 «Ә» Бейіделген жалпы білім беру бағдарламасы
10 Қажығали Батырхан 8 «Ә» Бейіделген жалпы білім беру бағдарламасы
11 Болсынбек Дияр 1 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
12 Уайс Халиф 1 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
13 Ержанұлы Ерасыл 1 «Ә» Жалпы білім беру бағдарламасы
Өзін-өзі дамыту бағыты
Арнайы педагог кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен жұмыс жүргізді.
Сонымен қатар:
• біліктілікті арттыру курстарына қатысты;
• түрлі семинарлар мен вебинарларға қатысып, тәжірибе алмасты;
• сертификаттар, алғыс хаттар, мадақтамалармен марапатталды.
Бұл жұмыстар педагогтың кәсіби деңгейін арттыруға және тәжірибеде жаңа әдістерді тиімді қолдануына мүмкіндік берді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда, 2025–2026 оқу жылына жоспарланған жұмыстар толық көлемде орындалды. Арнайы педагогтың қызметі жүйелі түрде ұйымдастырылып, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға сапалы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетілді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оқушылардың танымдық дамуында, оқу әрекетінде және әлеуметтік бейімделуінде оң динамика байқалды.