09
февраль
2023
Жас мамандарға
Жас мамандарға
1. Жас баланы ересек адамша құрметтей де, жақсы көре де біліңіз.
2. Балалармен жұмыс жүргізуден туындайтын сүйсіну сезімдерін бойға сіңіруге тырысыңыз, өйткені ол бірден емес, біртіндеп қана қалыптасатын сезім.
3. Өзіңіздің білім «багажыңызды» қызықты тарихи оқиғалармен, ертегілермен, жануарлар әлемінен, табиғаттан және т.б. алынған қызықты фактілермен толықтырыңыз.
4. Жұмысты әрқашан жақсы көңіл-күймен атқарыңыз. Бұл мұғалім ешқашан қабақ шытпасын деген сез емес. Бұл жерде әңгіме адамның жұмысқа өзін өзі даярлауы туралы болып отыр.
5. Әрқашан «запас» сабағыңыз, артық ойын түрі болсын. Олар бастаған сабақтың барысын өзгертуге немесе оны жоспардан тыс өткізуге тура келген жағдайда қолдану үшін қажет. Сабаққа «запасымен» әзірленіңіз. Материалдың жетпей қалғанынан гөрі, артық болып пайдаланылмай қалғаны жақсы.
6. Адал көңілмен қарым-қатынас жасаңыз, балалар оны сезеді және бағалайды.
7. Әділеттілік «кодексін» сақтауға тырысыңыз. Жасөспірімдер әділетсіздік көріністеріне тым шамшыл келеді.
Қарым-қатынаста қыңырлық, ақаулықтары бар балаларға одан арылу үшін қалай көмектесуге болады?
Агрессивті бала.Агрессивті мінез-құлықтың ар жағында не тұрғанын білуге тырысыңыз. Агрессивтілік пен өзін - өзі танытудың арасында айырмашылық көп. Осыны балаларға жеткізе білудің маңызы зор. Балаларды қажетті нәрсесін сыпайы түрде сұрай білуге үйретіңіз, олардың пікіріне құлақ асыңыз. Көздеген нәрсені өзгелерді ренжітпей, қалай алуға болатынын көрсетіңіз. Оларды өз сезімдерін игеруге және өз күйініш-сүйініштерін баламалы түрде білдіруге үйретіңіз.
Өтірікші бала.Kөпбалалар пікір талқысынан және сыннан қашып өтірік айтады. Балаларға артын бағып қорғалақтамай, шындықты айта білуге үйретіңіз. Олар ата-аналарының өз қателіктерін, түсінбестіктерін кешіріп, оның бәрін ретке келтіруге көмек беретініне сенімді болуы керек.
Баланың қиқар мінезі.Апдымен өз мінез-құлқыңызға қараңыз. Оған айтқан әңгімелеріңіздің ішінде тікелей іске қатыстысы бар ма? Бәлкім, сіз ашумен босқа сөйлеп, қазымырланып, әмір бере айқайлап жатқан шығарсыз. Балаңызға өздігінше әрекет етуге ерік беріңіз. Балалар адам бір-біріне құрметпен қарап, ынтымақтастықта болса, ол бір-біріне қарсы тұрғаннан әлдеқайда жақсы екенін үғуы тиіс.
Сотқар бала.Балаларға проблемаларды шешудің әр түрлі жолдары болатынын түсіндіріңіз.Қайшылықтарды шешудің бейбіт тәсілдерін көрсетіңіз.
Ұялшақ балалар.Балаларыңызбен сөйлесіңіз, олардың ішкі әлеміне еніп, ұялшақтықтың проблемаға айналып кетпеуін қадағалаңыз. Өзге адамдар ортасында өзін неғұрлым қолайлы сезіну үшін ұялшақтықты жеңудің алғашқы қадамдарын жасауына көмектесіңіз. Баланың ұялып қажетті істен бас тартуына жол бермеңіз.
Ашулану көріністері.Кенеттен бой көтерген ашу көріністеріне қарсы еңжақсы реакция тәсілі - оған тіпті мән бермей қою, назар да аудармау. Сабырлы қалпыңызда ашу қашан басылғанша күтіп тұрыңыз. Баланы өз сезімдерін игерудің өзгеше бір жолы - бәрін сөзбен жеткізе білуге үйретіңіз. Олар бұрқылдаған ашумен ештеңе де жасау мүмкін еместігін түсінуі, көздеген нәрсеге қол жеткізудің оған қарағанда әлдеқайда оңтайлы, әлдеқайда тиімді жолдары бар екенін ұғынуы тиіс.
Беймаза балалар.Өзіне үнемі көңіл аударып отыруды қалайтын бала көбіне өз-өзіне сенімсіз келеді. Сіз оны жақсы көретіндігіңізді және жұмысты өздігінен, өзгенің көмегінсіз-ақ атқара алатынына сенетініңізді айтыңыз. Уақытыңызды онан басқа да нәрселерге бөлу қажет екенін түсіндіріңіз. Баланы өзгенің сезімдері мен талап-тілегін құрметтеуге баулыңыз.
Тілазар балалар.Баланы өзін өзі тәртіпке келтіре білуге, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, проблемаларды шеше білуге, өзін де, өзгені де құрметтей білуге үйретіңіз.
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
Жас маманға жүргізілген жұмыстың
Хаттамасы
Тақырыбы: «Жас маманға кеңестер»
Мақсаты: жаңадан келген жас маманға психологиялық тұрғыдан қолау көрсету, ортадағы қарым- қатынасының қалыптасуына, мамандыққа дағдылануына кеңес беру.
Мерзімі: 10. 10.2022ж
Барлық жас маман : 5
Қатысқаны: 5
Кеңес беру барысында: оқушылармен жұмыс жүргізуде кездесетін қиындықтарды жеңіуге, ортаға бейімделуіне, жұмыста кездесетін кедергілердің алдын алуда, тәрбиеге қиындық тудыратын оқушылармен жұмыс жүргізу кезіндегі жүргізілетін жұмыстардың қыр- сырларын жеке кеңес беру арқылы түсіндірілді.
Педагогикалық «Әдеп кодексімен» таныстырылды.
Ұсыныстар:
Жас маманға:
Тәжірибелі ұстаздардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинау, жұмыс барысындағы туындаған жағдайларда психологпен қарым- қатынаста болу.
Педагог- психолог: М.Қабылаш