Мамандық таңдау маңызды шешім » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2023

Мамандық таңдау маңызды шешім

Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ

Кәсіби бағдар беру бойынша тренингтік жаттығулар

Мамандықтың бәрі жақсы қалауыңша таңдап ал!

Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: жаттығулар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды психологиялық дайындау.
1. Тренинг. «Сенің ерекше қабілетің»
Бір-бірімізге тек қана бір жақсы қабілетімізді жазайық. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазады. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі.
2. Тақырыпқа байланысты кіріспе. ой қозғауы
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан. (Абай Құнанбаев)
Сұрақ-жауап.
1. Ұлы ақын Абай Құнанбаев осы өлеңі арқылы бізге қандай ой тастап тұр?
2. Адамның өмірден өз орнын таба білуі дегенді қалай түсінесіңдер?
«Миға шабуыл»
Мамандық дегеніміз не?
Мамандықты меңгеру үшін не қажет?
Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?

3.Мамандық қасиеттері» жаттығуы
Жүргізуші психолог: Нұсқауы. Мен белгілі бір мамандықтарды атаймын, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап беруі керек.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с. Сонымен: «зергер», «мүсінші», «тергеуші» т.б.
4.«Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуы
Нұсқауы. Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінеді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суыруы керек. Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ешқандай сөз қолданбай), ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндіруі қажет. Ал қарсы топтар жасырылған мамандықты табуы керек






Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп КММ
Кәсіби бағдар беру бойынша тренингтік жаттығулар
Хаттамасы № 3
Мерзімі : 17.10.2023ж
Қатысушылар: 9 «А», 9 «Ә» сынып оқушылары
Барлығы: 32 оқушы
Қатысқаны: 28 оқушы
Тренинг тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы қалауыңша таңдап ал!
Мақсаты: оқушыларға мамандықтың түрлері, олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсінік бере отырып, өз бейіміне сәйкес мамандық таңдай білуіне ықпал жасау; кәсіби бағдар беру; түрлі жаттығулар арқылы таным процестерін дамыту, өз пікірін еркін айтып, өзгенің пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар
Әдісі: жаттығулар, әңгімелесу, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды психологиялық дайындау.
тренингтік жаттығу жүргізілу барысында:
1 кезеңде: оқушылар «Сенің ерекше қабілетің» жаттығуын орындады.
Бір-біріне тек қана бір жақсы қабілеттерін жазды. Оқушылар, сыныптастарының арқасында ілінген ақ қағазға, оқушының өзі байқаған жеке қасиетін жазды. Мысалы: ұйымшыл, белсенді, іскер, өнерлі т.б.
2. Кезеңде: Тақырыпқа байланысты кіріспе. ой қозғау: сұраққа– жауаптар алды.
3. кезеңде: Мамандық қасиеттері» жаттығуы орындалды.
Белгілі бір мамандықтар айтылды, ал тренингке қатысушылар аталған мамандықтарының бойында болуы қажет қасиеттерді тез арада атап берді.
Мысалы жүргізуші психолог: «мұғалім» мамандығын айтса, қатысушылар: салмақты, әдепті, жауапкершілігі мен адамгершілігі мол, т.с.с.
4. кезеңде қатысушылар «Жасырылған мамандықты тап!» жаттығуын орындады.
Тренингке қатысушылар 4 — топқа бөлінді. Әр топтың бір қатысушысы келіп жүргізушінің қолындағы топшаманы суырды . Әрбір топшамада белгілі бір мамандықтың аты жазылған. Барлық топ өздеріне түскен мамандықты қарсы топтарға ешқандай вербалды емес қарым-қатынаста (ым-ишарамен, түрлі қозғалыстарымен түсіндірді. Қарсы топтар жасырылған мамандықты тапты.


Қорытындылау: оқушылар тренингке белсенді қатысты. Берілген жаттығуларды қызыға орындады. Жаттығу орындау барысында өздеріне лайықты мамандықты таңдағадары дұрыс екендігін түсінді. Болашаққа көзқарастары өзгергендіктері байқалды.


Мектеп педагог- психологі: М.Қабылаш

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив