24
октябрь
2024
"Мейірімді адам" тренингі
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
Хаттама
Тақырыбы:"Мейірімді адам" тренингі
Мерзімі: 24.10.2024 ж
Қатысушы: 11 сынып оқушылары
Мақсаты:Оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтып, достық пен сыйластық атмосферасын қалыптастыру. Қызықты және шығармашылық тапсырмалар арқылы сынып ішіндегі жылылықты арттыру.
- Тапсырмаларды орындау:
Психолог әр жазылған оқушыға арнайы тапсырма береді.- 1-ші жазылған адам: Барып құшақтаңыз.
- 2-ші жазылған адам: "Сіз өте керемет жансыз" деп айтыңыз.
- 3-ші жазылған адам: Мақтау сөз айтыңыз (оның жақсы қасиетін атап өтіңіз).
- 4-ші жазылған адам: Түрлі тілде (мысалы, қазақша, ағылшынша, орысша) сәлемдесіңіз.
- 5-ші жазылған адам: Қолмен жүрек жасап көрсетіңіз.
- 6-ші жазылған адам: "Сіз осы жылы 140 балл алып, грантқа түсесіз" деп болжау айтыңыз.
- 7-ші жазылған адам: "Сіз осы өмірде бар болғаныңыз үшін рахмет!" деп құрмет көрсетіңіз.
Қорытынды:Бұл тренингтің арқасында оқушылар бір-біріне мейірімділік пен қолдау көрсетуге машықтанады. Жылы сөздер мен әрекеттер арқылы олар өзара қарым-қатынастың маңыздылығын түсінеді. Сонымен қатар, тренинг олардың достық сезімдерін нығайтып, сыныптағы психологиялық ахуалды жақсартады. Оқушылардың жүзіне күлкі сыйлау және бір-біріне деген сенімдерін арттыру — тренингтің басты нәтижесі.
