Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет. » Жетісу облысы Көксу ауданы Ж.Егінбаев атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Көксу ауданы білім бөлімінің
"Ж.Егінбаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет.
18
март
2021

Мұғалімдердің тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі туралы мәлімет.

 

Мұғалімдердің   тәжірибе алмасу семинарларына қатысуы, нәтижесі  туралы мәлімет.

    Мектеп мұғалімдері облыс, аудандық білім бөлімі ұйымдастырған семинар, конференцияларға қатысып отырады. Семинарларда оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу, оқу үрдісіне критериалды бағалауды енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, электронды оқыту жүйесін енгізуде білім беру ресурстарын қолдану мәселелері бойынша үлгілі сабақтар мен шебер сыныптар, тренингтер өткізіп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүргізіліп, сабақтарға талдау жүргізіліп, кері байланыс жасалды.

 24.10.2020 жылы мұғалімдердің қашықтықтан оқыту жағдайында интернет мүмкіндіктерін қолданудағы кәсіби дағдысын арттыру мақсатында «Bilimlend платформасы арқылы ТЖБ-тапсырмаларын құру тақырыбында шебер-сынып өткізілді.

       Іс-шара барысында қатысушыларға қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруда BILIMLEND платформасының мүмкіндіктерін тиімді қолданудың жолдары көрсетіліп, ТЖБ құру-қызметінің ерекшеліктері түсіндірілді. Сонымен қатар, аталған жүйелерде оқушылармен кері байланыс жасаудың түрлері ұсынылды. Іс-шара мазмұнымен толығырақ танысу мақсатында  тәжірибелік жұмыстар жүргізілді.


        Шебер-сынып қорытындысы бойынша пікірталас алаңы жүргізіліп, кері байланыс жасалды.

       2020 жылдың 13 қараша күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің ғылыми-әдістемелік жоспарына сәйкес «Тиімді әдіс-тәсілдер - сапалы сабақ кепілі»   тақырыбында онлайн вебинар өткізілді. Вебинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.  Вебинар аясында мектептің педагог - психологы Каблаш Манар мұғалімдердің психологиялық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен қарау, дұрыс қарым-қатынас орната білу мақсатында «Сіз ғажайыпсыз» атты  психологиялық тренинг өткізді. Мектебіміздің  үшінші деңгейлі  математика пәнінің мұғалімі Салкынбаева Жазира Сагадиқызы  сабақтарында қолданатын  тиімді әдіс-тәсілдерді  көрсетіп, әріптестерімен өзінің іс-тәжірибесімен бөліссе, мектеп тренері   Жакенова Гульмира Темірханқызы «Қашықтықтан оқытудағы тиімді әдіс – тәсілдері» тақырыбында шеберлік сыныбын  ұсынды.   Вебинар  соңында ұйымдастырылған кері байланыс нәтижесінде мұғалімдер өткен шараның тиімділігін, тәжірибеге бағытталғанын және қажеттілігін атады.



        2020 жылдың 14 желтоқсан күні  Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің  әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Білім сапасын арттырудағы  тиімді әдіс-тәсілдерді  қолдану»   тақырыбында  онлайн-семинар өткізілді. Семинардың мақсаты:    оқу-тәрбие үдерісінде оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім  сапасын көтеру.   Вебинар аясында мектептің тренері, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі   Р.И.Абилкаирова «Сабақта тапсырмаларды  саралау тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: сабақ барысында қолданылатын саралау түрлері мен тапсырмаларды саралау әдістерімен таныстыру. Р.И.Абилкаирова  тапсырманың түрлі деңгейде болуы баланың күш-жігеріне деген сенімін нығайтатыны, оны табысқа жетелеп, танымдық қызығушылығын арттыратыны түсіндіріп өтіп, өзінің сабақтарында қолданатын   тиімді әдіс-тәсілдерін  көрсетіп, іс-тәжірибесімен бөлісті.   Үштілділік бойынша мұғалімдермен әдіс-тәсілдерімен   тәжірибе алмасу мақсатында  мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі Қызырхан Азат «Пилоттық бағдарлама бойынша физика сабағында пайдаланатын тиімді әдіс-тәсілдері» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Білім саласындағы үштілділік жүйесі ел болашағының жарқын кепілі. Сондықтан да бұл бағытта  жұмыс жүргізілуде. Мектебіміздің педагог-психологі М.Каблаш және  педагог-логопеді  А.Журтбаева «Инклюзивті білім беру және үйден оқыту жағдайында педагогтың кәсіби құзіреттілігі» тақырыбында баяндама және таныстырылым ұсынды. Мақсаты:білім беру үрдісінде  инклюзивті оқыту   мәселелері бойынша кеңестер беру. Ұсынылған жұмыстарда  инклюзивті білім берудің негізгі принциптері, білім алушылардың ерекшеліктері   туралы айтылды, сонымен қатар оларды қолдау, қызықтыру мақсатында берілген тапсырмалардың   көлемін ескеру, қиын тапсырмаларды жеңілдетіп  берілуі және т.с.с кеңестер берілді. Вебинар соңында қатысушылар   пікірлерін айтып, ойларымен бөлісті.


        2021 жылдың 12 ақпан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Қашықтықтан оқыту - білім берудегі жаңа  технологиялардың  бірі» тақырыбында вебинар өткізілді.  Вебинар аясында химия пәнінің мұғалімі Жумабекова Каргаш Сериковна «Қашықтықтан оқытуда саралау әдістерін тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы химия пәнін оқытудың сапасын арттыру.   К.С.Жумабекова саралап оқытудың маңызыдылығына тоқталып,  сабақ барысында  қолданып жүрген саралау әдістерімен, «Learning Apps.org.», «Google Диск», «Kahoot» бағдарламаларының функцияларымен таныстырып өтті. Информатика пәнінің мұғалімі Н.Ж.Турсунбаева қашықтықтан оқытуда ақпаратты-коммуникативтік технологиялардың сабақ барысында қолданудағы тиімділігін түсіндіре отырып, «Liveworksheets.com  сайтымен жұмыс жасау»      тақырыбында шеберлік сынып өткізді. Мақсаты: қашықтықтан оқытудағы көмекші құралдар туралы ақпараттандыру, «Liveworksheets.com» бағдарламасының мүмкіншіліктерін практика жүзінде көрсету. Н.Турсунбаева  бұл бағдарламаның қалай пайдаланудың, оның негізгі параматрлермен, функцияларымен таныстырып, сабақ барысында қолданудын тиімділігі туралы айтып өтті. Мектептің логопеді Журтбаева Альбина Бакытбековна «Тілінде  кемістігі   бар балалармен  жұмыс  жасау   әдістемесімен  таныстыру» тақырыбында таныстырылым ұсынды. А.Б.Журтбаева тіл кемістіктері оларды туғызатын себептерге байланысты   функционалды тіл кемістіктері және табиғи тіл кемістіктері (органикалық)   екі  топқа  бөлінетіндігін және  пайда болу себептерін түсіндірді. Сонымен қатар қашықтықтан оқытуда  оқушылармен жасалынған жұмыстары туралы айтып өтті. Вебинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
 
 


     2020-2021 оқу жылының 15   қаңтар   күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес   онлайн семинар   өткізілді. Семинар аясында мектептің педагог-дефектологі  Абилова Тамила Сарсенбековна «Үйден оқыту мен инклюзивті білім беру ерекшеліктері»   тақырыбында  таныстырылым ұсынды.   Т.Абилова инклюзивті білім берудің негізгі мақсатымен,  принциптерімен, дамыту қағидаттарымен ,сонымен қатар үй жағдайында білім алушының және инклюзивті білім алушының білім алудағы ерекшеліктерімен таныстырып өтті.

2021 жылдың 19 ақпан күні Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінің әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «PISA, TIMSS, PIRLS  халықаралық зерттеулер аясында оқушылардың   функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар мақсаты:   халықаралық зерттеулер  аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша     мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту, тәжірибе алмасу.  Вебинар аясында  мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Танкакова  Қазақстанның халықаралық зерттеуге қатысу мақсаты, зерттеулерге қатысуына қандай мүмкіндіктер бар, зерттеу қорытындысы бойынша анықталған проблемалар, функционалды сауаттылықтың негізгі және инновациялық бағыттары  туралы   айтып өтті. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Көзтай Азиза Сарсеновна «Приёмы и методы функциональной грамотности на уроках русского языка» тақырыбында таныстырылым ұсынып, оқу сауаттылығы бойынша   өзінің тәжірибесінде қолданатын әдіс-тәсілдермен әріптестермен бөлісті. Физика пәнінің мұғалімі Сарыбаева Баян Даутбековна    «Физика сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру» тақырыбында шеберлік сынып өткізіп, физикалық білімді жедел қабылдату мен меңгерту әр алуан көрнекі және техникалық құралдарды (модельдерді, кестелерді, тірек сызбаларды, суреттерді ) тиімді пайдалану арқылы , сонымен қатар   оқушылардың сапалы есептерді өз бетінше шығаруына көп көңіл бөлу, сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың ой-өрісін дамытуға, есептер шығару кезінде қызығушылығын арттыруға, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету  арқылы   оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын дамытуға болатыны туралы айтып өтті.   Педагог-дефектолог Абилова Тамила Сарсенбековна инклюзивті білім беру бойынша nao.kz сайтындағы инклюзивті білім беру бойынша ұсынылған типтік бағдарламалармен,әдістемелік құралдармен таныстырып өтті, сонымен қатар инклюзивті ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау, мұндай балаларда төмен функционалдық сауаттылық қалыптасатыны, және сол оқушыларға  көп көңіл бөлу керектігін айтып өтті. Вебинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив