04
апрель
2022
Жас мамандармен жұмыс
2021 жылдың 04 сәуір күні Жылқайдар Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектебінде «Жас мамандар» мектебінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа мектеп директорының әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Г.К.Танкакова, «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Ж.О.Оспанбаева, мектеп психологі М.Каблаш қатысып, жас мамандарға сабақта қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдер, қалыптастырушы бағалау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Қабілеті жоғары және үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлері» тақырыбында таныстырылым ұсынылды. Мектептің педагог-психологі М.Каблаш жас мамандармен «Мұғалімнің кәсіби қиыншылықтарды жеңу жолдары» психологиялық тренинг өткізіп, сауалнама алды. Сонымен қатар «Жас мамандар» мектебінің жетекшісі Ж.О.Оспанбаева жас мамандарға құжаттарды жүргізу бойынша кеңестер берді.