19
март
2025
Жұптық байланыс ойыны. Түзету-дамыту
Ж.Егінбаев атындағы интернаты бар орта мектеп
Хаттама
Тақырыбы:«ЖҰПТЫҚ БАЙЛАНЫС» ойыны
Мерзімі: 19.03.2025
Қатысушы: 6 сынып оқушылары
Мақсаты:Бірін-бірі тыңдау және іс-қимыл жасай отырып, тығырықтан шығу, топтық қызметтің сапалы әрі нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету.
Жұмыс барысы:
- Қатысушылар жұп болып ортаға шығады.
- Жұптағы бір адам спикер, ал екіншісі тыңдаушы болады.
- Әр жұпқа арнайы дайындалған шеңбер тәрізді сөздер беріледі:
- Бір жұп "дарынды оқушылар" деген жазуы бар шеңберлерді жинауы керек.
- Екінші жұп "талантты оқушылар" деген жазуы бар шеңберлерді жинауы керек.
- Тыңдаушының көзі байланады. Ол тек спикердің нұсқауларын тыңдап, бағыт бойынша қозғалады.
- Спикер өз жұбына келесі бағыттар бойынша нұсқау береді: "оңға", "солға", "артқа", "алға", "отыр", "тұр", "ал" деген сөздерді қолданады.
- Кім бірінші өзіне берілген сөздері бар шеңберді жинап бітсе, сол жұп жеңіске жетеді.
Қорытынды:Бұл ойын тыңдау, сенімді қарым-қатынас орнату және топтық жұмысқа бейімделу қабілеттерін дамытады. Қатысушылар көшбасшылық дағдыларын шыңдап, бір-біріне бағыт беру және нұсқауларды дұрыс қабылдау дағдыларын үйренеді.

